Без рубрики

ХХІ ғасыр көшбасшысы. 9сынып

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
№70 Жанқожа батыр атындағы мектептің
химия пәнінің мұғалімі
Ермаханова Эльмира Абдибаевна

Интеллектуалдық олимпиада

Сабақтың мақсаты:

а)Білімділік:Оқушылардың химия және биология пәндерінен 9 сынып бойынша алған білімдерін жинақтап,қорытындылау.
б)Дамытушылық:
Оқушылардың әр түрлі сұрақтар беру арқылы химия және биология пәндері бойынша білімдерін,шығармашылық қабілетін,дүние танымдығын дамту.

в)Тәрбиелік:Оқушыларды шапшаңдыққа,тез ойланып және өз ойын толық әрі еркін жеткізуге,химиялық,биологиялық тілде сөйлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сыныптан тыс сабақ

Көрнекіліктер: Тақырыптар жазған плакаттар,қызықты сұрақтар салынған конверттер,құрал –жабдықтар мен реактивтер.

Сабақтың жүру барысы:

Сайысқа қатысатын оқушылар мен әділқазы алқасымен таныстыру.

Сайыс шарттары:

І.Бәйге

ІІ.Полиглот

ІІІ.Көкпар

ІV.Ғажайып тәжірибелер

V.Жорға

VІ.Егер де мен…

І.Бәйге

Қай оқушы тез,әрі дұрыс жауап берсе,10 ұпай алады.

І.Химия пәні бойынша:

  1. Қай элементтің таңбасы айдаһар белгісіне ұқсайды?(S)

  2. Заттардың ең ұсақ бөлшегі(атом,нейтрон)

  3. Металдардың бұзылуы(каррозия–жемірілу)

  4. Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл(иод)

  5. Қай элементтің аты үш түрлі мағына береді?(бор – кәдімгі тақтаға жазатын,ғалымның аты,химиялық элемент)

  6. Сульфат,сульфит,сульфидтердің айырмашылығы неде?(қышқыл қалдығының құрамына байланысты)

  7. Домбыраның ішегін аңыз бойынша үзген металл(қорғасын–Pb)

  8. Судың қандай қасиеті 1литр судағы заттың грамм мөлшерін көрсетеді?(тығыздығы)

  9. Күнделікті тұрмыста пайдаланылатын марганцовканың салыстырмалы молекулалық массасы нешеге тең?(158г/моль)

  10. Антибиотик дегеніміз не?(микроағзаларды өлтіретін дәрі)

ІІ.Биология пәні бойынша:

  1. Қан беруші адам(донор)

  2. Жасушаны зерттейтін ғылым(цитология)

  3. Топтасып тіршілік ету қандай жануарларға тән?(ара,құмырсқа)

  4. Түрін өзгерткен сілекей(у)

  5. Қазақта “түйме” деп қай жануарды атайды?(жылан)

  6. Қандай сүтқоректі қыста басын төмен салып ұйықтайды?(жарқанат)

  7. Каспидің ең үлкен балығы(бекіре)

  8. Балықтардың ең кіші жаулары(бактерия,вирустар)

  9. Жарқанаттың адамға пайдасы бар ма?(бунақденелілердің санын азайтады)

  10. Ұша алмайтын құс(түйеқұс)

 

 

ІІ.Полиглот

Сұрақтарға жауап беріп,кездесетін элементтерді қазақ,орыс,ағылшын тілдерінде айту.Дұрыс жауапқа 20 ұпай,жартылай жауапқа 10 ұпай қойылады.

  1. Құрғақ жерде сақтайсың, Онсыз тамақ татпайсың (тұз,соль,solt)

  2. Сабыр түбі сары… (алтын,золото,gold)

  3. Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, Табиғаттың мұны айтатын … жоқ (тіл,язык,tongue)

  4. … – адамның арқауы (ас,пища,food)

  5. Көзге көрінбейді,қолға ілінбейді (ауа,воздух,air)

 

ІІІ.Көкпар

Конвертте берілген қызықты сұрақтарға жауап береді.Жауап толық,әрі нақты болса,конверт сыртындағы ұпай саны беріледі.

20 ұпай.Биология пәні бойынша

Су дүниенің басы” деген мақал неліктен айтылады?

(Бүкіл жануар,өсімдік өмірінде судың рөлі ерекше.Бұдан жүздеген жыл бұрын өмір сүрген адамдар суды жаратылыстағы барлық заттардың бастамасы деп таныған).

 

20 ұпай.Химия пәні бойынша

Қандай заттарды күшті электролиттер деп атайды?

(Суда ерігенде иондарға толық ыдырайтын заттар).

 

30 ұпай.Биология пәні бойынша

Қан құрамында гемоглабин азайса,адам ауруға ұшырайтыны белгілі.Гемоглабин молекуласының құрамына қандай элемент кіреді?

(Темір)

 

30 ұпай.Химия пәні бойынша

Қышқыл жаңбыр дегеніміз не? Оның қандай әсері бар?

(Ауадағы NO2,SO2,SO3 газдары жаңбыр жауғанда жерге қышқыл жаңбыр болып түседі)

 

40 ұпай.Биология пәні бойынша

Дене қызуын төмендететін кең таралған дәрі қалай аталады?

(Аспирин – ацетилсалицил қышқылы)

40 ұпай.Химия пәні бойынша

Жұмыртқаның қабығын сындырмай қалай алуға болады?

(Сұйытылған тұз қышқылына салу арқылы аршуға болады,себебі қабық көмір қышқылының қалдығы мен кальцийден тұратындықтан әрекеттесіп,еріп кетеді)

 

50 ұпай.Биология пәні бойынша

Александр Македонскийдің Үндістанға сапары кезінде оның әскерлері іш ауруымен ауырған,ал офицерлер ауырмаған.Сусыны,тамағы бәрінің де бідей,бірақ ыдыстары әртүрлі.Офицерлердің ыдыстары қандай металдан жасалған еді?

(Офицерлердің ыдыстары күмістен жасалған болатын,ал күмістің бактериоциттік қасиеті бар)

 

50 ұпай.Химия пәні бойынша

Графит пен алмаздың бір химиялық элемент атомынан тұратынын қалай білуге болады?

(жаққан кезде көмірқышқыл газы бөлінеді)

 

ІV.Ғажайып тәжірибелер

  1. Нағыз жұмыртқаны тұз қышқылы құйылған шыны банкіге саламыз.2-3 минуттан соң жұмыртқа көпіршіктермен қапталып,ерітінді бетіне көтеріледі.Жұмыртқа көпіршіктері бөлініп,жұмыртқа шыны түбіне түседі.Біресе төмен,біресе жоғары көтеріліп,жұмыртқа қабығы ерігенше тұрады.

Неліктен жұмыртқа шыны түбіне түсіп,кейін көтеріледі және жұмыртқа реакция соңында көтерілмеді?

(Жұмыртқа қабығындағы кальций карбонаты тұз қышқылымен әрекеттесе бастайды.Соның нәтижесінде көмірқышқыл газы көпіршік күйінде шығады).

  1. Алманы екіге бөліп,бір бөлігіне ұнтақ лимон қышқылын себеміз,ал екінші бөлігі сол күйінде қалады.Лимон қышқылы себілген бөлік өзгеріссіз қалады,ал екінші бөлігі қарайып кетеді.Неліктен?

(Алманың құрамындағы темір ауадағы оттекпен әрекеттесіп,тотығады,ал лимон қышқылы себілген бөліктің қараймайтын себебі,ол қорғаныштық қызмет атқарады,яғни темірдің оттекпен әрекеттесуіне бөгет болады).

  1. Азот қышқылына фенолфталейн индикаторын қосамыз.

Оқушылар қандай индикатор қосылғанын және осы тәжірибені түсіндірулері керек.

 

Әр тәжірибеге дұрыс жауап берген оқушыға 10 ұпайдан беріледі.Ұпай саны аз жиналған оқушылар келесі айналымға өте алмай шығып қалады.Сөйтіп,соңғы екі сайысқа ұпай саны жоғары тек екі оқушы ғана қатысады.

 

 

V.Жорға

Екі оқушыға жеке – жеке химия және биология пәндері бойынша 10 сұрақтан беріледі.30 секундта оқушы жауап беріп болуы керек.

1.Пепсин – фермент 2.Кристаллизатор – химиялық ыдыс 3.Зәр шығару мүшесі – бүйрек 4.Сутегі – газ,бейметалл 5.Есту мүшесі – құлақ 6.Лакмус,фенолфталейн – индикатор 7.Авитаминоз – ағзада витаминнің жетіспеуі 8.Ас тұзы – натрий хлориді 9.Бүйрек дәрігері – уролог 10.Сұйық металл – сынап

1.Глобулин – ақуыз 2.Хлор – бейметалл,галоген 3.Гипервитаминоз – витаминнің ағзада көбеюі 4.Электролиз – электр тоғы арқылы заттарды иондарға ыдырату 5.Рецептор –талдағыш 6.СО2– көмірқышқыл газы 7.Кардиолог – жүрек дәрігері 8.Көп тараған металл – алюминий 9.Көмекей – тыныс алу мүшесі 10.Оң зарядталған ион – катион

 

VІ.“Егер де мен…”

Екі тақырып бойынша ой толғау.

1.“Егер де мен биолог болсам…”

2. “Егер де мен химик болсам…”

Ұпай саны аз оқушы тақырып таңдайды.Таңдаған тақырыбы бойынша ой толғайды.Өз ойын толық жеткізіп,өзін көрсете алған оқушыға жоғарғы ұпай қойылады (50 ұпай).Ұпай саны бойынша ең көп ұпай жинаған оқушы жеңімпаз атанады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.