Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Нұржау селосы
Нұржау орта мектебінің тарих, құқық пәнінің мұғалімі
Мусина Анар Нуриқызы
Сабақтың тақырыбы: Абылай ханның билігі
Білімділік мақсаты : Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайымен таныстыру, бұрынғы алған білімдерін ұштастыру, Абылай хан туралы білімімізді толықтыру.
Тәрбиелік мақсаты : Оқушыларды Отанын сүюге, туған елін құрметтеуге, өткен тарихымызды білуге, ержүректілікке, ел басқару ісіне баулу.
Дамытушылық мақсаты : Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру, ақыл – ойын дамыту.
Сабақта қолданылатын технология : Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау.
Көрнекілігі : Карта, мультимедиялық проектор,Абылай ханның портреті,кітаптар, ұлы тұлғалардың Абылай хан туралы жазған пікірлері.
Сабақтың барысы :
-
Ұйымдастыру кезеңі
-
Үй тапсырмасын тексеру.
-
Әбілхайыр хан қайтыс болғаннан кейінгі елдегі жағдай
-
Қазақ жеріне әскери шептер салудың мақсаты
-
Қазақ – орыс сауда байланысы
-
Жоңғария мемлекетінің біржола құлауы.
-
Тестпен жұмыс. 1-топ 5 сұрақ.
-
18 ғасырдың 1 жартысында қазақтардың Ресейге қосылуын ұйымдастырушы
А) Әбілхайыр хан Ә) Абылай хан
Б) Тәуке хан В) Барақ сұлтан
2. Әбілхайыр ханның екінші елшілігі Ресейге қай жылы жіберілді.
А) 1731 ж Ә) 1730 ж Б) 1726 ж В) 1735 ж
3. Семей бекінісі қашан салынды.
А) 1716 ж Ә) 1726 ж Б) 1718 ж В) 1715 ж
-
Жоңғар хандығы қашан құрылды.
А) 1715 ж Ә) 1784 ж Б) 1410 ж В) 1635 ж
5. «Қалмақ қырылған» шайқасы қашан болды.
А) 1729 ж Ә) 1726 ж Б) 1723 ж В) 1727 ж
2 – топ
-
Қазақстан Ресейге қашан қосылды.
А) 1731 ж Ә) 1635 ж Б) 1465 ж В) 1710 ж
2. Кіші жүздің ханы Әбілхайырдың беделін көтерген қазақ сұлтандары мен ақсүйектерінің сьезі қай жылы болды.
А) 1735 ж Ә) 1731 ж Б) 1748 ж В) 1737 ж
3. Петропавл бекінісінің негізі қаланды.
А) 1748 ж Ә) 1750 ж Б) 1756 ж В) 1752 ж
4. «Аңырақай шайқасы» болған жыл
А) 1729 ж Ә) 1715 ж Б) 1723 ж В) 1725 ж
5. Жоңғария мемлекеті түбегейлі талқандалды.
А) 1750 ж Ә) 1758 ж Б) 1757 ж В) 1761 ж
Үй тапсырмасын қорытындылау:18 ғасырдың 1 жартысында қазақтарға Жоңғар хандығы тарапынан ерекше қауіп төнді.Жоңғар мемлекетінің стратегиялық мақсаты Қазақстанның кең байтақ аумағын өз билігіне бағындыру болды.Осыдан қазақ елі өзіне одақтас іздеп Ресейге қосылды.Біртіндеп қазақ жеріне әскери шептер салынды.Осылай Ресей империЯсы қазақ жерін билей бастады.
-
Жаңа сабақ :
-
Абылайдың қолбасшы, саяси қайраткер ретінде қалыптасуы.
-
Абылай кезіндегі қазақ хандығы
-
Ресеймен және Қытаймен қарым-қатынасы.
Абылай хан – қазақ халқының ұлы ханы, ұлт мақтанышы.Абылай хан дәуірі қазақтың қайта бір тұтасқан дәуірі.Абылай аңызға айналған тұлға.Олай деп айтуымызға әбден негіз бар. Оған қазақ халқының ірі тарихи тұлғаларының және орыс, татар т.б. халықтардың тарихшыларының оң пікірлері дәлел бола алады.Абылайды мақтаушы да, жоқтаушы да – Бұхар жырау.Ол өзінің сан шумақ өлеңдерін Абылайға арнаған.
Мультимедиялық проектордан Абылай ханның портреті көрсетіледі.Оқушылар тарихи тұлға туралы білгендерін топтастыру арқылы айтып шығады.
Қызығушылықты ояту :
Малшы Сабалақ – Сұлтан Абылай – Қолбасшы Абылай – Хан Абылай — Күйші Абылай .
Мағынаны тану :
Хронологиялық кесте бойынша жұмыс.
Абылай ханның өмір тарихының тізбесін оқушылар айта отырып, дәптерлеріне жазады.
Ой толғаныс :
1.Абылай күйлерінің шығу тарихы.
2.Абылай саясатының артық жері неде, әлсіз жері неде.
3.Абылай ханның ата-тегін, әулетін алып бәйтерек деп қарастыруымыздың сыры неде.
5. Қорытынды:
Абылай сөз бастаған шешен, ел бастаған көсем, жау қашырған батыр, дарынды күйші.Ұлан байтақ жерімізді жауға талатпай, ат үстінде жүріп қорғағаны, ұлы қазақ хандығын күшейткені Абылайдың мықты саясаткер ғана емес, керемет патриот екенін көрсетеді.
6.Оқушыларды бағалау.
7.Үй тапсырмасы. Тақырыпты оқу. Алып бәйтерек сызбасына Абылай әулетін орналастырып дәптерге жазу.