Без рубрики

Некенің тоқтауы және бұзылуы

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Нұржау селосы
Нұржау орта мектебінің тарих, құқық пәнінің мұғалімі
Мусина Анар Нуриқызы

Сабақтың тақырыбы : Некенің тоқтауы және бұзылуы
Сабақтың мақсаты : Оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру.
Міндеттері :

  1. Мәтіндегі негізгі ұғымдарды пайдалана отырып, оқушылардың байланыстыра сөйлеу дағдылдарын жетілдіру.

  2. Оқиғаны талдап, салыстыру, проблемалы сұраққа байланысты оқушының ойын, қиялын дамыту.

  3. Топта жұмыс істеу арқылы өз пікірін дәлелдей білуге баулу.

 

Көрнекілігі : ҚР Конституциясы. ҚР Неке және отбасы заңы.

Плакаттар мен маркерлер.

Сабақтың әдісі : Сын тұрғысынан ойлау стратегиясының жобасы бойынша

 

Сабақтың барысы :

Ұйымдастыру

Сынып оқушыларын топқа бөлу. Топқа бөлу мына тәртіппен өтеді.

Оқушыларға 1,2,3 сандары таратылып, әр топқа біркелкі сандар отырып топтасады.

  1. Қызығушылықты ояту кезеңі

«Ой шақыру» стратегиясы

Некені бұзу, ажырасу ұғымдарын естігенде қандай ойда болар едің

Әр топ (сызба түрінде, суретпен бейнелеу) өз еріктерінде өз ойларын қағазға түсіріп, қорғайды.

 

  1. Мағынаны тану кезеңі

Жұптасып оқу, жұптасып талдау стратегиясы.

$ 28 Мәтінді бөліктерге бөліп, жұптар өзара оқып, талдайды.Топтан 1 оқушы түсіндіруге шығады. Сұрақтар қойылады.Жұп мүшелері толықтырады.

 

  1. Ой толғаныс кезеңі

1 – топ

Қазақ халқында отбасын сақтап қалуға байланысты қандай дәстүр бар.

әмеңгерлік сөзінің мағынасын түсіндіру.

 

2 – топ

Эссе жазу «Отбасы шағын мемлекет»

 

3 – топ

РАФТ стратегиясы

Р – роль – жазушы

А – аудитория – қоғам

Ф – формат – газет мақаласы

Т – тақырып – « Некені сақтаудың маңызы»

 

Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындап, қорғайды.

 

Қорытындылау, бағалау.

Үйге тапсырма : $ 28 159 бет . Жағдайларды оқып, талқылау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.