Қазақ тілі. Зат есім.
Сабақтың тақырыбы: Зат есім.
Мақсаты: 1. Оқушылардың ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, сөздік
қорын байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық қабілеттерін
арттыру.
2. Зат есім туралы берілген білімді еске түсіріп, кеңейту.
Сөз таптарына талдау жасауды үйрету.
3. Ұқыптылыққа, жинақылыққа, сауатты әрі көркем жазуға
тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, топтау, СТО стратегиясы.
Түрі:
Көрнекілігі: Слайдтар, суреттер.
Сабақтың барысы:
І.Қызығушылықты ояту.
Қабат-қабат қатталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтін,
Ол қасына өлмейтін. (кітап)
Кітаптарың дайын ба?
Ұшымен қазық,
Төр көзді жазып.
Үстіне өттім,
Асыл сөз жаздым. (дәптер).
Дәптерлерің дайын ба?
Денесі бар шыбықтан,
Темір тұмсық құдықтан.
Сусын алып ішеді,
Ойы із боп түседі. (қалам)
Қаламдарың дайын ба?
2. М.Мақатаев «Үш бақытым» өлеңін оқу.
Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен сабақты пысықтау.
Сөз табы деген не? Неше сөз табын білеміз.
