Денсаулығыңды күтуге дағдылан!

Ақтобе қаласы №30 орта мектебі
Әбілдаева Айсұлу Ембергенқызы.
тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы : Денсаулығыңды күтуге дағдылан!
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға денсаулық , тән , жан сұлулығы жайлы , оның күнделікті өмірдегі маңызы жайлы әңгімелеу . Осы айтылған құндылықтарды бағалап , қадір тұтуға тәрбиелеу .
Сабақтың көрнекілігі: Плакат , суреттер , мақалдар .

Сабақтың барысы: Кіріспе

  • Сәлеметсіңдер ме , балалар , барлығыңды жаңа оқу жылдарыңмен құттық – таймын . Сіздермен қайта кездескеніме қуаныштымын . Қазір бәріміз бірге мына өлең жолдарын айтайық .

Қуанамын менде

Қуанасың сенде

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге .

  • Балалар , қазір сіздерге қызықты жұмбақ жасырғым келіп тұр .Жұмбақтың шешуін тапсақ , бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады . Ал ендеше мұқият тыңдайық .

«Оны күткен адамдар

Ұзақ өмір сүреді

Қадірін білген жарандар

Байлық осы деседі»

(денсаулық)

  • Дұрыс айтасыңдар , балалар , яғни бүгінгі сабағымыздың тақырыбы : « Денсаулығыңды күтуге дағдылан »

  • Денсаулық дегеніміз не ?

  • Дені сау адам қандай болады?

  • Жарайсыңдар балалар , денсаулық туралы біраз нәрсе біледі екенсіңдер.

Бүгінгі сабағымызда денсаулығымызды қалай күту керектігі жайында көптеген

мағлұматтар үйренеміз . Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние

ол жақсы болу үшін , не уақытты, не күш-жігерді, не еңбекті,тіпті барлық

дүниені аямай жұмсау керек .Денсаулық адам өміріндегі ең жоғары бағалы

дүние болғандықтан , әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет,

оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек . Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап , оған үлкен зиян келтіреміз . Әр адам өзінің денсаулығының нашарлауына өзі кінәлі . Ауруды ағзаларға жолатпау адамдардың өз қолында .Сол себепті әр адам салауатты өмір салтын қалыптастыру керек .салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін «Денсаулық әлеміне» саяхатқа шығамыз .Біздің алғашқы аялдамамыз – «Жасыл өлке»

  • Жасыл өлке дегеніміз не?

  • Өсімдіктер бізге не береді ?

  • Дұрыс . Жасыл желек адамның тыныс алуына қажетті оттегін береді ; айнала қоршаған ортаға көрік , әсемдік береді , тағам ретінде пайдаланамыз. Табиғатың сұлулығына тамсанып , таза ауамен демалып , саяхатымызды

ары қарай жалғастырамыз. Келесі , «Мөлдір бұлақ» аялдамасы ,бұлақтың адам өміріндегі маңызы қандай ?

  • Бұлақтың суын ішеміз , тәнімізге тазалық , сұлулық ,жанымызға тыныс береді .

  • Дұрыс айтасыңдар .Су- біздің тәнімізге азық , тазалық ,жанымызға тыныс , сұлулық береді . Су болмаса өсімдік өспейді , ал өсімдік өспесе , таза ауа да болмайды .Таза судың болмауы біздің денсаулығымызға зиянын келтіреді .

Ойша бұлақтың мұздай , мөлдір суынан қанып ішіп , ары қарай жүреміз.

Келесі «Спорт» аялдамасы .

  • Спорттың қандай түрлерін білесіңдер ?

  • Өздерің қандай спорт үйірмесіне барасыңдар ?

  • Спортпен айналысқан адам қандай болады?

  • Спорт – белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс күйінде

өтетін әрекет. Адам баласы спортпен денсаулығын жақсарту , моральді және затты қанағаттану , өзін-өзі дамыту үшін шұғылданады .

  • Балалар , осы спортқа байланысты әлемдік дода өтті , ол қалай аталады ?

  • Қай елде өтті?

  • Қазақ елінің туын көкке желбіретіп , әнұранын шарықтатқан қандай спортшыларды білесіңдер?(жауаптар)

(Лондон олимпиадасында жүлделі орындарға ие болған спортшылар жайында суреттерін көрсете отырып , қысқаша шолу жасау .)

  • «Ұзақ өмір сүргің келсе – денсаулығыңды күт , спортпен шұғылдан» дегендей,

  • спортпен қазірден айналысыңдар. Мүмкін ертеңгі еліміздің даңқын шығарар

спортшылар сіздердің араларыңызда отырған шығар.

  • Спортпен айналысқанда біз күш жұмсаймыз. Күшімізді қайта қалпына келтіру үшін бізге не керек ?(тамақ)Ендеше келесі аялдама «Ас-адамның арқауы»

  • Ал қалай тамақтану керек ? (жауаптары )

  • Дұрыс . Тиімді уақытылы ,дұрыс тамақтану керек . «Ас-адамның арқауы» деп бекер айтпаған .

  • Дұрыс тамақтанудың маңызы қандай ? (күш-қуат береді ,дәрумендер ,ағзаға пайдалы )

  • Құрамы дәрумендерге бай , ағзаға пайдалы тамақ ішіп , бойымызға күш-қуат жинап саяхатымызды ары қарай жалғастырамыз .Міне , «Жақсылық кені» аялдамасына келдік .

Жақсылық айтып басқаға ,

Ортаға ойды салғайсың

Тек мақтанба , дасқанба

Сұлу жанды болғайсың .

  • Жақсылық жасау дегенді қалай түсінесіздер ? (көмектесу , жанашыр болу , жақсы сөз , жақсы іс , жақсы ой т.б.)

  • Балалар,жаны сұлу адамды жақсылық кені дейді, ол жақсы іс – әрекет жасап,жақсы сөз сөйлейді.

Қорытынды:

  • Міне біз «Денсаулық әлемі» еліне жеттік.Бұл елде салауатты өмір салтын ұстанатын,жаны да, тәні де сұлу, ұзақ өмір сүретін ,жаман әдеттерден бойын аулақ ұстайтын адамдар өмір сүреді екен.

  • Егер бүгінгі сабағымызда үйренген жақсы қасиеттерді,іс – әрекеттерді үнемі

есімізде сақтап,күнделікті дағдыға айналдырсақ,біз де осы елдегі адамдардай мықты,шымыр,ойы таза,жаны сұлу,көңіл – күйі көтеріңкі,салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтар болып өсеміз.Үнемі таза ауа,спорт,су,дұрыс тамақтану,тазалық,жан сұлулығы,жақсы сөз т.б. сияқты қасиеттермен дос болайық.Алдымыздағы парақшаларға әдемі тілектерімізді жазып,тақтаға ілейік. Міне ,жер бетіне жылуын,шуағын шашқан мейірімді күнге айналды.

Мейірімді күн анадан бойымызға мол жылуды ала отырып,сабағымызды әдемі өлең жолдарымен аяқтайық.

Денсаулық – бар байлығың басыңдағы,

Жайнаған өміріңнің жасыл бағы.

Қастерлеп мәпелесең ,аяласаң,

Бойыңдағы кетпес қуат жасыңдағы.

Сау болыңыздар!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше