Шығыс Қазақстан
Мақсаты : Шығыс Қазақстан экономикалық ауданынң басты шаруашылық саласы мен оның ел эконмикасындағы орны жайлы білімдерін кеңейту.
Білімділік: Шығыс Қазақстанның шаруашылыққа мамандануы мен оның құрамы, дамуына әсер ететін факторлар жайлы білім беру.
Дамытушылық: Сызба-нұсқалармен, атласпен, түрлі статистикалық мәліметтерді өңдей білу қабілеттерін жетілдіру
Тәрбиелік: Оқылатын материалдарға жауапкершілікпен қарауға үйрету. Экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар: атлас, интерактивті тақта, тірек-сызба, Қазақстанның пайдалы қазбалар картасы
Сабақтың құрылымы:
I.Ұйымдастыру (2 минут)
II. Үй тапсырмасын сұрау (15 минут)
III. Жаңа тақырып (15 минут)
IV. Бекіту (7 минут)
V. Қорытындылау, бағалау (4 минут)
VI.Үй тапсырмасы (2 минут)
Сабақ барысы:
I.Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу.
II.Үй тапсырмасы ауызша сұралады.
- III. Жаңа тақырып: «Шығыс Қазақстан».
Шығыс Қазақстан.
Шығыс Қазақстанжа еліміздегі түсті металл кен орындарын игеру бастамасы XVIII ғасырда жүзеге аса бастады. Теміржол, автомобиль жолдарының салынуы, пайдалы қазбаларды өндіру, су энергетикалық ресурсын және ауылшаруашылық жерін игеру қөарқынды жүрді.
Өнеркәсібі. удан шаруашылығында түсті металлургия өнеркәсібі жетекші орын алады. Мұнда түсті металлдарды өндіру және байытудан бастап, оларды металлургиялық қорыту, қорғасын, мырыш, мыс, кадмий, т.б. таза металдарды бөліп алу сатыларына дейін жүзеге асады.
Полиметалл өнеркәсібі – түсті металлургияның басты саласы. Полиметалл құрамында әртүрлі қосындылар бар, олар жеке-жеке зауыттарда бөлініп алынады.
Негізгі металлургия комбинаттары:
Шығыс Қазақстан – еліміздегі негізгі алтын өндіретін аудан. Қазақстандағы 141 алтын кен орындарының 62 өңірімізде орналасқан.
- Қандай алтын кен орындарын білеміз?
Ауданның энергетика негізін жылу және су электр станциялары құрайды. Түсті металлургияның дамуы су электр станцияларымен байланысты. Ертіс және оның салаларының су энергетикалық ресурсы 7 млн квт, жылына 62 млрд кВт/сағ электр энергиясын алуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда оның 15% ғана пайдаланып отыр.
Жылу электр станцияларының ішінде Өскемен, Семей, Риддер, Зырян жылу электр станцияларын атауға болады.
Металлургия машгина жасау саласымен тығыз байланысты. Сондықтан Шығыс Қазақстанда машина жасау саласы біршама жақсы дамыған. «Шығысмаш» зауыты металлургия зауыттарымен кен байыту комбинаттары үшін арнайы машиналар жасайды. Сонымен қатар жеңіл автокөліктер құрастыру зауыттары да осында орналасқан.
Қандай автокөлік құрастыратын зауыттарды білесіңдер?
Құрылыс материалдары. Қалба жотасындағы Суықбұлақ, Сажевск әктас кені негізінде Семей мен Өскемен цемент зауыттары жұмыс істейді.
Шығыс Қазақстан сондай-ақ ағаш даярлау, оны өңдеу саласына да маманданған.
Жеңіл өнеркәсіп салары қай аймақтарда жақсы дамыған?
Ауыл шаруашылығында жетекші саланы мал шаруашылығы алады. Ауданның көп бөлігі құрғақ болғандықтан мал шарушылығы үшін қолайлы.
Егіншілік негізінен суармалы болып келеді. Жаздық бидай жетекші орын алады.
Техникалық дақылдардын күнбағыс өсіріледі.
Көлік кешені. Теміржол, автомобиль және өзен жолдары маңызды орын алады.
Шығыс Қазақстан арқылы қандай маңызды автомобиль, теміржол магистралі өтеді?
- Тест
Нұсқа 1
- Шығыс Қазақстан экономикалық ауданының территориясы?
- 245,3 км2
- 228,3 км2
- 288,3 км2
- 238,3 мы км2
- 298,3 км2
- Шығыс Қазақстанда түсті металдардың неше түрі өндіріледі?
- 23
- 36
- 34
- 32
- 46
- Шығыс Қазақстандағы СЭС-ын ата?
- Бұқтырма
- Қапшағай
- Шардара
- Самарқан
- Нүрек
- Шығыс Қазақстанда қанша алтын кен орны бар
- 123
- 78
- 69
- 75
- 62
- Жеңіл автокөлік құрастыру зауыты қай қалада орналасқан?
- Семей
- Өскемен
- Зырян
- Риддер
- Курчатов
Нұсқа 2
- Шығыс Қазақстанда түсті металдардың неше түрі өңделеді?
- 10
- 15
- 24
- 17
- 21
- Шығыс Қазақстандағы СЭС-ын ата?
- Самарқан
B. Шүлбі
C. Қапшағай
- Шардара
E. Нүрек
- Шығыс Қазақсианның маманданған саласы?
- Түсті металлургия
- Қара металлургия
- Мұнай-газ өндірісі
- Мал шаруашылығы
- Егін шаруашылығы
- Цемент зауыты қай қалаларда орналасқан?
- Өскемен, Риддер
- Өскемен, Курчатов
- Семей, Курчатов
- Өскемен, Семей
- Барлық жауап дұрыс
- Ауыл шаруашылығының жетекші саласы болып табылады
- Егін шаруашылығы
- Цемент зауыты қай қалаларда орналасқан?
B. Мал шаруашылығы
C. Марал шарушылығы
- Омарта шаруашылығы
E. Дұрыс жауап жоқ
- Осы тақырыбымызда сендер толығымен Шығыс Қазақстан экономикаық ауданының шаруашылық салаларымен таныстыңдар. Негізгі маманданған саласы полиметалл өндірісі, машина жасау және электр энергиясын өндіру болып табылатынын оқып білдіңдер. Негізгі кен орындарымен қатар ірі металлургиялық зауыттардың қай қалада орналасқанын, негізгі су электр станцияларын сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп саласының орталықтарында танып білдіңдер. Өз өлкелеріңнің шаруашылығы жайлы толық мәлімет алдыңдар деп ойлаймын.
- «Шығыс Қазақстан» тақырыбын мазмұндау, кескін картаға Шығыс Қазақстан экономикалық ауданының шаруашылығын түсіру
