«Өнер түрлерінің ерекшеліктері және олардың жанр , стиль , көркемдік мазмұны тұрғысынан өзара байланысы » атты семинарға дайындалған баяндама
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қауылжыр ауылы
ГКС-12 орта мектебінің бейнелеу және сызу пәнінің мұғалімі
Сүйеубаева Айгүл Нұралықызы
«Өзінің балдарын оқуға , санауға және жазуға
үйреткен деңгейінде ,сурет салуға үйреткен ұлт,
ғылым, өнер және әртүрлі кәсіптер саласында
барлық ұлттарды басып өзады.» Д.Дидро
«Өнер түрлерінің ерекшеліктері және олардың жанр, стиль , көркемдік
мазмұны тұрғысынан өзара байланысы » атты семинарға дайындалған баяндама
Тақырыбы: « Өнер шығармаларын бейнелеу сабағында таныстыру тәжірибесінен»
Адамды тәрбиелеу процессі – өте ұзақ және күрделі процесс . Жеке бастың қалыптасуы , оның рухани жағынан дамуы дегеніміз – бұл коллективтің ықпалы мен адамның өз мінез-құлқын өзі тәрбиелеунің табиғи жағынан байланысты процесі . Адамның жеке басының қалыптасуы , оның рухани оянуы бала кезінен басталады . «Жас шыбық иілуге қандай икемді болса , жас адам да тәрбиені қабылдауға сондай бейім .»
Қоғамымыздың ертеңгі болашағы – жас жеткіншектерді халықтық педагогикада тәрбиелеу-бүгінгі күннің басты талабы.
Болашақ жастар өз халқының бейнелеу өнері , музыка , әдебиет , тарих салаларының жетістіктері мен жақсы дәстүрлері негізінде тәрбиеленуі тиіс .
Шығармашылық тұлға өз халқының көркем мәдениетін , халықтың дәстүрін сарамандық жолмен меңгеру және бейнелеу өнерінің бейнелі үрдісін , пәндік көркем бейнені , оның күнделікті тынысын сезініп , әр түрлі деңгейде қабылдау арқылы қалыптасады . Былай болмаған жағдайда кез-келген өнер шығармасының эстетикалық сапасын өз қалпында беру мүмкін емес.
Сонымен , бейнелеу өнері бағдарламасының негізгі мақсаттары :
Көркем – эстетикалық біліктілікті дамыту , өнер шығармаларының қабылдаудағы көркем-бейнелі ойлауды қалыптастыру болып табылады . Бағдарлама құрылымы екі негізгі бөлімді қамтиды:
- 1. Өнерді қабылдау ;
- 2. Практикалық іс-әрекет.
Өнер туындыларын қабылдау қабілетін қалай дамытуға болады? Көркем шығармалардың негізгі міндеті – адамда әсемдікке деген құштарлықты ояту , оны оқиға желісіне жегу , ойланып – толғануға мәжбүр ету. Көркем шығарманың идеясы , айтайын деген түпкі ойы әсерлену арқылы жүрекпен қабылданады .
Егер оқушыда көркемдік көру қабілеті болмаса ше? Онда оған үйретуге бола ма? Әлбетте . Мұғалімнің ең басты міндеті де, міне , осы. «Шәкірттің жақсы болуы ұстазынан» – деп тегін айтпаған , сол себепті өзі білімді , ізденімпаз болуы шарт. «Білім- біліктілікке жеткізер баспалдақ , ал біліктілік- сол білімді іске асыра білу дағдысы.»- деп А.Байтұрсынұлы айтқан екен.
Мектеп оқушыларының өнер туындыларын қабылдау қабілетін қалай дамытуға болады ? Бұл жөнінде қандай ерекше амал бар ? Әдіс – тәсілі қандай ?
Мектеп тәжірибесінде әдетте ,мұғалім өнер шығармасына қарап оқушыларға сұрақ қояды : « Суретте не бейнеленген ? »немесе « Салынған суреттен не көріп тұрсыңдар ?» Осы сұрақтың өзі қойылуы дұрыс па ? Сурет – ол көркем шығарма ,қай
сабаққа да пайдаланғанда , оның эстетикалық құндылығы сол күйінше қалады және
оқу пәнінің кәсіптік бағытына кірігіп жоқ болып кетпеуі тиіс. Оқушыны көруге үйрету
керек . Бірақ , ең бастысы , алдымен оқушы шығарманың эстетикалық мәнін өзі сезінсе, онда мұғалімнің міндеті – оны сезім арқылы дұрыс қабылдау жағынан тайдырмау болып саналады. Ал эстетикалық талғамы төмен адам оны басқа жаққа бұруы мүмкін. Шығарманы бір жақты қабылдау сезімінің әсерін қалай сақтап қалуға болады ?
Шығарманы толыққанды қабылдау үшін оқушылардың логикалық көркем ойлауын дамыту қандай ара қатынаста болуы керек ? Бұл үшін барлық сабақ немесе сабақтың үзінді бөлігі кейбір жекеленген кезеңдерге бөлінуі тиіс.
1.Оқушының өз бетімен ойлау қабілетін дамыту.
Яғни ,оқушыға шығарманы өзінің жеке басымен қабылдауы үшін 1-2 минут беру керек. Оқушы тыныштықта көркем шығарма мазмұнына, бейнеге енеді. Оқушының қызу сезім әрекеті оның ұзақ үнсіз қалуына жол бермейді. Олар салынған суреттен көргендеріне байланысты өзінің сезімін дауыстап айтуға кіріседі .
2.Оқушының қызу сезімдік қабылдауының дамуы.
Бұл жерде оқушының оқиғаны бастан кешіру үрдісін қызу сезім арқылы көрсететін бет- әлпетін сақтап қалатын сұрақ қажет. Сұрақ олардың қызу сезім кешкен сезім арнасына қосылып бірігіп кететіндей сұрақ болуы шарт. Мысалы :
-« Салынған сурет сендерді қандай көңіл – күйге түсіреді ? »
– « Салынған суретке қарап тұрып не сезінесің ?»
– « Суретші бұл шығарма арқылы қандай күй кештіреді ? ».
Сөз жоқ , бұл сұрақтарға оқушылар шын жүректен көңіл бөледі. Шығармадағы ашық та анық көрсетілген оқиға мен көңіл – күйді олар жеткілікті дәрежеде нақты айқындайды. Мәселен : шат –шадыман көңіл – күй ; қорқынышты көрініс , көңілді көңіл-
күй ; қайғылы көңіл – күй , нашар көңіл – күй.
Егер оқушы – көрермен бұл жерде өз бетімен суреттегі хал- жағдайды ,көңіл-
күйді анықтаса ,демек бұл шығарманың өзіндік мәнерлі үлесі бар деген сөз.
Енді мәнерлілік жайлы бірер сөз. Шығармалардың бірі мәнерлі ,ал келесі біреуі мәнерлі емес. Мәнерлілікке қалай жету керек ? Бұл жерде суретшінің мақсаты ойы- көрерменге жету үшін көмектесетін бейнелеу құралдарын оқушыға ашып көрсету өте тиімді .Сондай – ақ ,мұғалім мәнерлеу құралдарына қатысты терминология мағынасын өзі ғана біліп қоймай ондағы әрбір сөздің эстетикалық мазмұнын толық ашуды меңгеріп оны оқушыларға жеткізе білуі де аса маңызды.
3.Оқушылардың көркем ойлауын дамыту.
Бұл кезеңде оқушыларға суретшінің сурет салу барысында пайдаланған мәнерлеу құралдарын ашу міндеті тұрады. Бұл жерде оқушының шығарманы қабылдауын сауатты түрде бағыттау қажет . Сонымен қатар, суретшінің оқушылар толғанысы, қуанышы қайғыруы , қорқынышы, қамығуы және т.б. сезімдеріне әсер етуші мәнерлеу
құралдарын ашуға көмектесетін сұрақтар қажет. Көркем құралдарды айқындауға бағытталған сұрақтар мынадай болуы мүмкін :
– « Суретші қандай құралдарды пайдаланды ?»
– « Біздің қуаныш , толғаныс ,қайғы ,қорқыныш сезімдеріне бөлінуімізді ненің көмегімен бере алады ?», т.т.
Әдетте, оқушылар көркемдік құралдарды дұрыс анықтайды. Әсіресе, олар түстің эстетикалық сипаттамасын дәл бере алады және басқа құралдар ішінен бірінші кезекте түсті атайды. Сондықтан «Суретші сурет салуда ашық , «жақсы» түстерді пайдаланған , сол себепті суреттен біз қуаныш сәтін сезіндік » , немесе «Суретші суретті қап-қара «нашар» бояумен салған , бұл жерде қорқыныш сезімі пайда болады»-деп , шығармаға деген өз қөзқарасын білдіреді .
4. Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту .
Мұғалім оқушылармен бірге көркемдік мәнерлеу құралдарын анықтап болғаннан кейін олардың танымдық белсенділігін арттыру үшін материалистік көзқарасын қалыптастыру мақсатында салынған сурет мазмұнына талдау жасау кезеңін жүргізгені жөн. Бұл логикалық талдау деп аталады . Соңында мұғалім оқушылардың логикалық ойлауына мәжбүр ететін сұрақтар қойса , құба –құп .
– Суреттен нені көріп тұрсыңдар? (Көзбен шолып ойлауды дамытатын сұрақ).
– Бірінші планда не бейнеленген ?
– Екінші планда не бейнеленген?
– Ал мына бір көлемдегі заттар алдыңғыға қарағанда алыстан кішірейіп көрінеді , не себепті ?
– Суретші қай жыл мезгілін , қандай күнді , тәулікті бейнелеген?
– Мұны қандай белгілерден білуге болады?( логикалық ойлауын дамытатын сұрақ)
– Ағаш жапырақтары күзде неге сарғаяды? (материалистік көзқарасты қалыптастыруға бағытталған табиғат тану сипатындағы сұрақ)
– Суретші салған суреттерден адамның мінез-құлқын айқындауға бола ма? (жағымды –жағымсыз құбылыстарды айқындайтын сұрақ)
5. Оқушының танымдық белсенділігін арттыру .
Мұғалім салынған суретті қабылдау үрдісін қорытындылай келе суретші жайлы , оның шығармашылығы жайлы қысқаша түсінік береді .
6. Салынған суретті қабылдауды қортындылау .
Оқушылар мұғаліммен бірлікте салынған суреттің мұратты мазмұнының негізгі мағыналық міндетін айқындайды .
Суретші салған суреттерден автордың көңіл-күйін , ой-толғанысы мен оқиғаны бастан өткізу әсерлері көрерменге бірден ашыла қоймайды . Алайда , оқушыға әсерге толы , сезімді , қызықты шығармамен диологқа түсуді үйрету мұғалім үшін оңай шаруа емес .
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ :
- «Әлемдік көркем өнері» И.А.Лескова
- «Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың кеңістік туралы түсінігін қалыптастыру» Алматы «Мектеп» 1987ж
- «Искусство убеждать показом» А.Ф. Воловик.
- «Бейнелеу өнері және сызу мектепте және ЖОО-да оқыту» журналы №6- 2005 ж
№ 2,4 -2007 ж
- «Караван» газеті № 8 – 2007 ж
- «Учимся рисовать» Минск «Харвест» 2003
