«Музыка, сөз, түс» Ашық сабақ
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қауылжыр ауылы
ГКС-12 орта мектебінің бейнелеу және сызу пәнінің мұғалімі
Сүйеубаева Айгүл Нұралықызы
Сабақ тақырыбы: «Музыка, сөз, түс» Ашық сабақ
Мақсаты: Әуенді түс арқылы қабылдауға баулу. Әуенді тыңдап оны түс арқылы көрсетуге машықтандыру. Баланың ой-қиялын, шығармашылық қабілетін дамытып, ұжымда жұмыс жасауға дағдыландыру. Суретке, музыкаға деген сүйіспеншілігін арттырып, өнерді бағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : кіріктірілген сабақ . Өткізу түрі : шығармашылық шеберхана
Әдіс-тәсілдер: сарамандық жұмыс, сұраққа жауап. Жұмысты ұйымдастыру түрі :жеке , топтық , ұжымдық .
Сабақ барысы:
(Оқушылар 5 топқа бөлінген, 5-6 адамнан. Алдарында акварель бояуы, 2х2 см. Ақ түсті шаршылар.)
- Ұйымдастыру бөлімі.(1-2 мин.)
- Өткенді қайталау :Ғажайып жетілік «Палитра»
Қызыл-Бейнелеу өнерінің түрлері?
(кескіндеме, графика, мүсін,сәулет өнері және сәндік қолданбалы өнер)
Көгілдір- Бейнелеу өнерінің жанрлары ?
( пейзаж, натюрморт,портрет,батальдық , тарихи, анималисттік, маринистік)
Көк- Негізгі түстерді ата?
(сары, қызыл, көк)
Сия көк-Жылы түстерді ата?
(сары , қызғылт, қызыл, қою қызыл)
Қызыл сары-Музыкада неше дыбыс бар?
Жасыл- ♪ нота нешеге саналады?
Сары-Қандай жырауларды білеміз?
- Сабақтың мақсатымен таныстыру:
-Бүгін бізде ерекше сабақ өтеді.Біз мүзыка мен түс әлеміне сүнгіп, қиялымызға еркіндік беріп шығармашылықпен айналысамыз.
4. Кіріспе:
-Музыканың адам өміріндегі маңызы туралы не білеміз?
(оқушылардың жауабынан кейін музыка пәнінің мұғалімі анызды айтады)
Аныз.
Ертеде,Музыка атты сиқырлы құс болған.Біздің Жердің үстіменде , біресе
көкке самғап, біресе төмендеп ұшып өткен екен.Музыка құсы жерге жақын ұшқан
жерлерде адамдар өлең шығарып айтып , музыкалық аспаптар жасап, оларда ойнап
бастай берген дейді.Музыка әсерінен адамдар мейрімді , көңілді бола бастаған .
Біздің еліміз-Қазақстанның үстінен Музыка-құсы әсіресе өмен ұшқан болар, себебі
Бізде дарынды әншілер, сазгерлер, музыканттар өте көп.Сонымен бірге кермет
ән мен күйлерде жеткілікті.
5.Түсті музыка туралы түсінік беру.
-Музыканы қай жерде естейміз?
-түсті музыка туралы естідіңіз бе , сіздерше оны қайда пайдаланады?
(дискотекаларда, мейрамдарда, салтанатты кештерде т.б.)
-Казір бізде түсті музыка жасаймыз. Ол үшін сіздер ,алдыңыздағы төртбұрыштыны
әуенді тыңдап, сезіңгеніңізге байланысты түстермен бояйсыңдар.
6.Музыканы түс арқылы қабылдау:
(арасындағы ұзіндісімен, 20 қысқа әуендер , орындалады. )
7. «Менің сезінгенім» стратегиясы:
1минутта «музыка» және «түс» сөздерін естігінде елестететін нәрселердің атауын
табады.( көтеріңкі көңіл-күй, қуаныш, реніш, мұңайю т.б.) (кемпірқосақ , күлкі, би,
мейрам т.б.)
8. Сергіту сәті.
9. Әр топ өздерінің бояған төртбұрыштарынан жапсыру жұмысын орындайды.Қандай
екенін өздері шешеді.Ойлануға 1минут уақыт беріледі.
(жәй әуен орындалып тұрады)
Топта жұмыс жасау ережелері :
а) сөзді бөлмей , тыңдай біл.
ә) жағаласып сөйлеме.
б) тақырыптан ауытқыма.
в) кезкелген пікір маңызды –соны есте сақта!
г) басқаларын тынышталдыруға тырыспай, тыңдау қажет.
д) кезкелген ұрақ маңызды.
е) әмір етіп сөйлеуден алақ бол.
10. Сарамандық жұмыс: Жапсыру жұмысын орындау.
11. Өз жұмысына «Синквейн» әдісін пайдалану.
4-5 сөзден тұратын сөйлеммен өз жұмысына сипаттама беруге дайындалу.
12. Жұмыстарын қорғау.
13. Рефлексия!
Стөл үстіндегі түрлі-түсті төртбұрыштардан , өз көңіліне ұнағанын алып, тақтаға жапсыру.(тақтадағы түстер жиынтығы бойынша балалардың сабақтан алған әсерін анықтаймыз.)
14.Қорытынды:
– Сабақта сізге не ерекше көрінді?
– Қандай сезімде болдыңыз?
15. Бағалау.
