“Ал кәнекей жігіттер” сайысы
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы
ГКС-12 орта мектебінің дене тәрбиесі мұғалімі
Ахметов Мирас Жадырасынұлы
Мақсаты: Оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру Міндеттері:
Білімділік: Күрделіндірілген жағдайда дененің қозғалыс-қимылдарын басқару қабілеттілігін, оның ішінде қозғалыстың жаңа түрлерін меңгерту.
Тәрбиелік:Денені үйлесімді қалыптастырумен қатар оқушыларды топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.Сауықтыру: Дене мүшелерінің қасиеттері және оларға тән қимыл-қозғалыс қабілеттерін жан-жақты дамыту.
Пайдаланылатын жабдықтар: Керме, мата, ағаш ат, бөрене, гир/16 кг/, арқан,қапшық т.б.
Өтілетін орын: Спортзал
Команда құрамы: 4 оқушы.
Жарыстың бағдарламасы:
- Таныстыру.
- Кермеде тартылу.
- Барғанша қапшықпен, қайтарда роликпен қайту.
- Эстафеталық жүгіру.
- Арқан тартыс.
- Гир көтеру
- Кедергілер арқылы эстафеталық жарыс.
- «Өгізтартыс»
- Өз өнерін көрсету
- Қолкүрес.
