Без рубрики

Excel программасындағы мәліметтер базасы

Бекишева Күлзия Есенқызы
Астана қаласы №56 мектеп-лицейінің
информатика пәні мұғалімі

(сабақ жоспарлары жобасының топтамасы)

Сабақтың тақырыбы: Excel программасындағы мәліметтер базасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды мәліметтер базасы ұғымымен таныстыру. Excel кестелік процессорында мәліметтер базасымен жұмыс істеуді үйрету, кәсіби салада қолдануға бағыттау.
Дамытушылық: Оқушылардың теориялық білімдерін практикада тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыру, оқушы ойын дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа,сауаттылыққа тәрбиелеу,еңбекке баулу.
Сабақтың түрі: прктикум элементтері бар түсіндірмелі-көрнекілікті
Пән аралық байланыс: қазақ, орыс, ағылшын тілдері, математика пәні.

Көрнекілігі: компьютер, MS Excel программасы, проектор, слайд, бағалау парағы,  тест тапсырмалары, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың өтілу барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. 3 мин.

Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру және сабаққа жұмылдыру мақсатында ауызша сұрақтар қою.

  1. Қандай программамен жұмыс жұмыс жасап жатырмыз? (MS Excel пр-сы).

  2. Программа қандай түрде ашылады? (Кітап түрінде)

  3. Кітап неше беттен тұрады? (255 беттен)

  4. Кітаптың әр беті неден тұрады? (кестеден тұрады)

  5. Кесте неден тұрады? (бағандар мен жолдардан)

  6. Кестеде неше баған бар? (256 баған)

  7. Кестеде неше жол бар? (65536)

Жұмыс үстеліндегі MS Excel прграммасын іске қосу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау 5 мин.

Үй тапсырмасын тест түрінде тексеру.Тест компьютерде орындалады,нәтиже компьютерде бағаланады.

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту 10 мин.

Оқушыларға сабақтың тақырыбын хабарламас бұрын жетелей сұрақ қою.

MS Excel-де жұмыстың қандай түрлерін жасай аламыз?

Кесте құрамыз,оларды өңдейміз,формуламен жаза аламыз,диаграмма тұрғыза аламыз,т.б.).

Қандай мәліметтермен кесте құра аламыз? Мысалы: сынып оқушылары туралы мәлімет,т.б.Бұл мәліметтер арнайы жинақталады.Бұндай мәліметтер кестесі «Мәліметтер базасы» деп аталады екен.

Бүгінгі өтетін тақырыбымыз : «Мәліметтер базасы» .Экраннан слайд арқылы көрсету.

Оқушыларға сұрақ:Мәліметтер базасы қандай мекемелерде қолданылады деп ойлайсыздар?

(барлық мекемелерде ,мысалы,өз мектебіміздегі оқушылар туралы мәлімет).

Жаңа материалды түсіндіру оқушылармен бірлесе отырып орындалады. МБ анықтамасын дәптерге жазамыз.

Мәліметтер базасы дегеніміз белгілі бір ережелер бойынша ұйымдастырылған мәліметтер жинағы. Мысалдар келтіру.(мектеп,сынып,топ оқушылары туралы мәлімет)

Кесте жасау,топтағы 5 оқушы туралы мәлімет енгізу.

Аты-жөні

туған жылы

жынысы

Асқар

1994

ұл

Қазбек

1994

ұл

Асылзат

1995

қыз

Карима

1995

қыз

Нұрсұлтан

1995

ұл

 

Кестедегі бағандар мәліметтер базасында өріс деп,ал жолдар –жазбалар деп аталады.

Мәліметтер базасын өңдеу,редакциялау,сақтау,ашумен қатар кестедегі мәліметтерді өз қалауымызша реттеуге де болады екен. Ол үшін: Стандартты қатардан А

батырмасын басамыз. Я

Енді осы кестеден керек мәліметті сүзгілеп алуға болады.Ол мына командалардың көмегімен орындалады. Данные-Фильтр-Автофильтр

Әр өрісте арнаулы батырмалар пайда болды,яғни сүзгілеуді орындауға болады.Қалауымызша сүзгілеуді орындаймыз.Қайтадан қалпына келтіру үшін: Данные-Фильтр-Автофильтр таңбаны алып тастаймыз.

Сонымен,қандай жаңа сөздермен таныстық? Өріс,жазба,сортировка-сұрыптау,фильтр-автофильтр-сүзгілеу.Осы сөздерді дәптерге жазып қоямыз.

Жаңа білімді бекіту. 20 мин.

Жаңа сабақ бойынша алған білімізді практикалық жұмыста пайдаланамыз.Олүшін деңгейлік тапсырмаларды орындаймыз.Тапсырмалар нәтижесін арнаулы ұяшыққа жазу, ол бағалау парағында тіркеледі.

1 деңгей

1.Бастапқы кестеден "Аты-жөні" бағанының көшірмесін жасау
2. Кестені толықтыру математика,информатика,физика  
пәндері бойынша тоқсандық бағаларды енгізу.  

2 деңгей

1. Бірінші тапсырма бойынша құрылған кестенің көшірмесін алу
2. "Аты-жөні" өрісі бойынша сұрыптау

 

 

3 деңгей

1. Екінші тапсырма бойынша құрылған кестенің көшірмесін алу
2. Өрістер бойынша сүзгілеу  

4. деңгей

1. Үшінші тапсырма бойынша құрылған кестенің көшірмесін алу
2. Барлық оқушылардың орташа бағасын есептеу

 

3. Кесте мәліметтері бойынша диаграмма тұрғызу.

 

Қорытындылау. 2 мин.

Нені білеміз? Нені білдік? Нені білгіміз келеді?

Оқушылардың жауабымен сабақты қорытындылау.

Бағалау 4 мин.

Үйге тапсырма: 1 мин.

«Менің кітапханам» немесе «Компакт-дискілер коллекциясы» МБ құру.

Оқулықтан 114-119 беттерді оқу.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.