Без рубрики

Абденова Гулдана Қорғантұз орта мектебі Бастауыш класс мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Дала өсімдіктері мен жануарлары
Сабақтың мақсаты: Тәрбиелік: Табиғат байлықтарын қорғап, сақтауға, ұқыпты пайдалануға, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорларын, тіл байлығын, ізденімпаздық, ойлау қабілетін дамыту.
Білімділік: Оқушыларға дала өсімдіктерімен жануарларының өміріндегі зор пайдасы, күнделікті тұрмыста қолданылуы туралы жан – жақты мәлімет бере отырып білімдерін кеңейту және тек пайдаланып қоймай қорғау керектігін ұғындыру.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Ой қорғау, жинақтау, болжау, іздену, сұрақ – жауап, топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, өсімлдіктер топтамасы, кеспе қағаздар, суреттер топтамасы.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, математика, музыка, бейнелеу, өзін — өзі тану.
Қолданылған технологиясы:С ТО, УӘЖ
Сабақтың барысы: Психологиялық даярлық
Ана, бала, қала, дала, айнала,
Ай менен күн, жұлдыз, аспан, табиғат,
Шөбі жұпар, суы кәусар, сай – сала.
Бүкіл әлем аманбысың, жамағат
1) Ана, бала, қала, дала, айнала
Ай менен күн, жұлдыз, аспан, табиғат,
Шөбі жұпар, су кәусар, сай – сала,
Бүкіл әлем аманбысың, жамағат!

Нұсқа сөз:
Біз ата – бабамыздан табиғатты мұраға, ал болашақ ұрпақтан қарызға алдық …
Халық даналығы

2) Топқа бөлеміз
І топ. Оқу орталығы: Ереже, шалғын өсімдіктер туралы дерек өсімдіктер туралы мақал – мәтел, жұмбақтар айту.

ІІ топ. Экологиялық орталығы: Шалғынды қорғау мақсатында қандай үндеу тастар едің?

Жалпы «экология» (грекше эйкос – үй, тұрақ, логос – ғылым) қоршаған ортаның қарым – қатынасын зерттейтін ғылым. Қоршаған ортаның тазалығы үшін күресу деген мағына. Табиғатты қорға – бәріміздің борышымыз. Өйткені қазір теңізіміз тартылып, орманымыз кесіліп, құнарлы жерлеріміз сортаңдалып қалды.

ІІІ топ. Ғылыми орталық: Шалғын құрылысын қасиеттерін зерттеу, тәжірибие жасау.

ІҮ топ. Математикалық орталығы: Математикалық цифрлармен берілген деректер жинақтау.
Қызығушылығын ояту. Үй тапсырмасын сұрау
А) Әр топ үй тапсырмасын топ атына байланысты қорғайды.
Ә) Бұған дейінгі сабақтар
Өткен бойынша тест тапсырмасы беріледі.
әр топқа 10 сұрақтан беріледі.
Топ бір – бірін тексереді.
Кілті тақтада шығарылады.

Актуальдау
Б) І топ. Шалғын түрлерін топтастырады. Улы шөбін.
ІІІ топ. Шалған жануарларын топтастырады.
ІҮ топ. Шалғын өсімдіктері мен жануарларына венн диаграммасы арқылы топтастырады.
Тақтада топтастыру.
Осы өсімлдіктер, жануарлар барлығы қайда тіршілік етеді?

Мағынаны тану
1) Слайдта: Дала өсімдіктер, жануарлар көрсетіледі.
Тақырыбы: Дала өсімдіктері мен жануарлары.

Жоспар:
1) дала

) Қуаң даладағы өсімдіктері
) Қуаң даладағы жануарлары

Дәптермен жұмыс
Күннің жады, тақырыбы, жоспар жасалады.
І бөлім бойынша
— Бұл не? (дала)

Даланың бірнеше түрі бар:
— шалғынды
— қуаң
— егістік

Шалғынды. Шөптекті өсімдіктер жыл бойы жайқалып өсетін ылғалы жеткілікті шалғын үлескілерді әдетте – көгал, ал аумағы жағынан үлкендерін – шалғын дейді

Еліміздің солтүстік және орталық аймақтарындағы далалардың топырағы ылғалды әрі құнарлы келеді. Сондықтан арнайы суармай – ақ өсірілетін ондай егістік жерлер бар. Онда бидай, сұлы, арпа сияқты дақылдардын мол өнім алуға болады.

Қуаң даланың сәнге де бөленетінін кезі – көктем. Топырағы көктемге қар суымен ылғалданып, шөбі көкмайса болып, көз тартады.Көктемде даланы сор гүлді қазжуалар мен жауқазындар жау кетеді.
Бұл өсімдіктер сабағының топырақ арасындағы бөлігінде қоректік заттар жинақталған жуашықтар бар. Жер кеуіп, құрғақшылық басталған кезде өсімдіктердің жер бетіндегі мүшелері қурап қалады. Ал жуашықтары топырақ арасында құрғақ күйінде жаз, қыс бойы сақталып қалады да, көктемде тағы да көктеп гулденді.
Осы шырынды тышқан, қосаяқ, саршұнақ сияқты кеміргіштер сүйеніп жейді.

Қуаң дала өсімдіктері:

қара жусан
көкпек
теріскен

боз

мыңжапырақ
Ботакөз

қазжуа
бетеге
Қуан дала көбінесе мал жайылымы ретінде пайдаланылады. (Слайдтан көрсетіледі)

Қосымша дерек:
Ақтөбе облысы бойынша өсімдіктің түрлері өте көп. Мұнда тамыр түрлері өсімдіктердің 417 түрі, 92 тұқымдасына жататын 1057 түрі шығады. Шөп текті екі түрмен сипатталады. Далалықта – дақылдың, қуаң далада – жусанды өсімдіктер.
Облыстың солтүстік құрақ далалығында дақылдық бете, ақ сексеіл шөп өседі. Сортаң жерлерінде ақ және қара жуан өседі.

Егістік

суық жусан
Бетеге боз қауы

Сарыбас жоңышқа
Қызғылт жуа
Егістік дегеніміз – егін егетін алқапты айтамыз. Еліміздің солтүстік және орталық аймақтар оның топырағы ылғалды, әрі құнарлы келеді. Сондықтан арнайы суармай – ақ өсірілетін егістік алқабы. Ол жерде бидай, сұлы, арпа сияқтылар мол өнім береді.
Алғашқы егістік алқаптар:

Мексика

Қытай

Египет
Солтүстік Индия
Жерорта теңізі

ІІІ бөлім:
Дала жануарлары

Ақбөкен Түлкі Суыр Тасбақа Тышқан Ор қоян

Бозторғай Бүркіт Сарышұнақ Қарсақ

Суреттер арқылы түсіндіріледі;

Тақырыпқа қосымша:
Ақтөбе облысының зоогрографиялық картасы бойынша түсіндіріледі.
Облысымыз бойынша дала жануарларының құстардың көптеген түрлері кездеседі.
Сүтқоректілер – 62
Құстардың – 214 , оның 187 түрі ұя салады.
Сүтқоректілердің 10 және құстардың 35 түрі Қазақстан Республикасының «Қызыл Кітабына» енгізілген.
Тұяқтылар ішінде ең көп тарағаны киік. Жаз айларында Шалқар, Ырғыз, Байғанин, Темір, Мұғалжар ауданында кездеседі.
Қыс қатаң бола, одан әрі оңтүстікке көшеді. Бұрын киікті аулау аңшылық кәсіп болып, кейін тоқтатылд. Облыс жерінде киік саны 1000 – ға жуық.
Жер – жерде борсық, түлкі, қасқыр мекендейді. Бұлардың саны тұрақты. Бұларға аңшылыққа рұқсат берілген.
Облыстың солтүстік бөлігінде Әйтеке би, Мәртөк аудандаында суыр мекендейді. Оның саны – 35 – 40 мың, ал кәсіптік ауланатын аң барлық аудандарда орқояндар, оңтүстікте құм қояндар бар.

Құстардың 27 тұрі қыстайды. 80 түрін аулауға рұқсат берілген. 35 түрі сирек және жойылуға қалған санатқа жатқызылып, Қазақстан Республикасының «Қызыл Кітабына» енгізілген.
үкі

Дала қыраны
аққу

дуадақ
Бүркіт тырна
Кітаптағы қосымша тапсырмамен жұмыс

Серігіту сәті:
Ой толғаныс
Әр топ жаңа сабақ бойынша түсінгендерін топ атына байланысты қорғап шығады.

Ой қорыту:
Сандар сөйлейді.

Қуаң дала мен шалғында даланы салыстырып кестені толтыр.

Ұқсастығы
Қуаң дала Шалғынды дала
Айырмашылығы

Үйге тапсырма: Шағармашылық тапсырма.

Бағалау

І топ
1. Пішен шабу қай кезеңде басталды.
А) жаздың басы мен ортасында.
Ә) күздің ортасында
Б) көктемнің ортасы мен жаздың басы
2. Жанғыш пайдалы қазбалар – бұл ең алдымен….
А) тыңайтқыш
Ә) отын
Б) дәрі алатын құрал
3. Әктастың ең қатты түрі:
А) бор
Ә) мәрмәр
Б) ұлутас
4. Мыстың ірі кен орны:
А) Жаңаөзен, Құмкөл
Ә) Жалғызтөбе, Қаламқас
Б) Жезқазған, Қоңырат (Сарыарқа)
5. Жердің ¾ бөлігін не иеленіп жатыр?
А) орман
Ә) сулар
Б) таулар

ІІ топ
1. Бұл тасқа айналған өсімдік материалының қатайған массасы:
А) Алюда
Ә) Кварц
Б) Көмір
2. Шалғандағы жануарлар әлемінің негізгі өкілі бұл –
А) Жәндіктер
Ә) Шөптер
Б) Қасқырлар
3. Жер бетінде неше мұхит бар?
А) 2
Ә) 3
Б) 4
4. Атмосфера құрамына кіретін, Жерді зиянды сәулеленуден қорғайтын газ:
А) Оттегі
Ә) Азон
Б) Азот
5. Тыныс алу үшін адам өміріне қажетті …
А) ауа
Ә) Су
Б) топырақ

ІІІ топ
1. . Атмосферада жанып кететін метероиттерді біз былай айтамыз:
А) жұлдыздың ағу
Ә) Жұлдызды жаңбыр
Б) Тастың жаууы
2. Қар неден пайда болды?
А) қатқыл судан
Ә) Мұздан
Б) Су буынан
3. Қазақстанның ең ірі өзені –
А) Ертіс
Ә) Жайық
Б) Сырдария
4. Темір қорытылады:
А) полиметалды кенінен
Ә) түсті металдар кенінен
Б) Қара металдар кенінен
5. Бұл көмір жергілікті отын ретінде қолданылады;:
А) Кәдімгі көмір
Ә) Қоңыр көмір
Б) антрацит

ІҮ топ
1. Ауаның қызғандағы көлемі:
А) кішірейеді
Ә) Ұлғаяды
Б) Ұзарады
2. Шалғын қалай бөлінеді:
А) суармалы құрғақ
Ә) Құрғақ жонышқақ
Б) Жайылым
3. Өсімдіктердің ауаны тайытатын газдың түрі
А) көмірқышқыл газы
Ә) Иенртті газ
Б) Оттегі
4. Тыныс алу мүшелерін анықта:
А) Жүрек, қан тамырлары
Ә) Кеңірдек, қолқа өкпе
Б) Асқазан, Өңеш
5. Ауа қортпасындағы ең көп зат:
А) Оттегі
Ә) Көмірқышқыл газы
Б) Азот

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.