Ана тілі. Киіктің айласы.

Сабақтың тақырыбы: Киіктің айласы.

Сабақтың мақсаты: 1. Киіктің айласы әңгімесінің мазмұнын ашып, идеясын
түсінуге жағдай жасау.
2. Мәтіндегі қиын сөздер, сөз тіркестері және көркем
сөздердің мағынасын меңгере отырып, тілдік қорын
дамыту.
3. Киіктің- айла тәсіліне баға бере отырып, өзіне-өзі қиын
сәтте қорғауға тәрбиелеуге мүмкіндік беру.
Экологиялық   сана-сезіміне ықпал ету.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, СТО стратегиясы.
Сабақтың түрі: Интегралды сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Жануарлардың суреттері, слайдтар.
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту.
1. Қай үй жануарын жеті қазынаның бірі деп ойлайсыңдар? (ит)
2. Үй жұмысын тексеру. М.Сүндетовтің «Қайырымдылық» әңгімесі.
1. Топтастыру.
Күшіктің пайдасы.
1.
2.
3.
4.

2. Кімге қайырымдылық жасау керек деп ойласыңдар?
1 қатар: Кейіпкерге жазған хатын оқиды.
2 қатар: Қайырымдылық тақырыбына жазған әңгімелерін оқиды.
3 қатар: Мұхтарға мінездеме береді.
Сұрақтар.
1. Жануарлар қандай топқа бөлінеді?
2. Олардың айырмашылығы қандай?
Жұмбақ.
Зырлайды жүйрік ,
қарғып биік жосып жортар,
бұл қай жануар? (киік)
Киік туралы не білеміз?
ІІ.Мағынаны тану.
Балалар бүгіне біз қай жануар туралы әңгіме оқимыз екен- киік туралы.
Әуелбек Қоңыратбаев . «Киіктің айласы».

Әуелбек Қоңыратбаев 1905 жылы 10 қазанда Қызылорда облысы Шиелі ауданында туған. Ғалым, түріктанушы.
Шығармалары: Ғ. Мұратбаев туралы естеліктер, “Жеті алып”(Поэма). “Сұр көжек” әңгімелер жинағы бар.
Киік жұп тұяқты , қуысмүйізділер тұқымдасына жатады. Киіктің көзі мөлдіреп тұрады. Дене құрылысы қой мен ешкі малына ұқсаскеледі. Семіргенде май жауырынынажиналады. Еті дәмді, денсаулыққа пайдалы.Жейтін қорегі – тек қана шөп, таза су ішеді.
Киікке байланысты аңыз әңгімелер, теңеулер өте көп.
Қырында киікжайлаған,                     “Киігін қойдай қайырған”
Суында балық ойнаған.                                          (Бұқар Жырау)
(Асан Қайғы)
Әңгімені оқытып мағынасы түсініксіз сөздерді түртіп алады.
Сөздік жұмысы
Сәске – таңертеңгі күнің біраз көтерілген кезі
Суат – су алатын, мал суаратын жер
Арандай – аузын кең, үлкен ашу
Бұйрат – тау сағасы
Жосып – жылдам жүру
Шоқы – биік төбе, дөң
Шоқырақтау – желе, секіре жүретін жүріс
Әңгімені оқушылар бөліп оқиды. Сұрақтар қойылады, кейіпкерлерді сипаттайды.
Қиік қандай екен?
айлалы
сұлу Киік ақылды

мейірімді      жүйрік

ІІІ. Ой толғаныс.
Киік туралы бес жолды өлең жазады.
Сабақтан алған әсерлерін айтады.
ІҮ. Үйге тапсырма.
1. Әңгімені оқып, сөз тіркестерімен жұмысқа дайындалып келу.
2. Киік, қасқыр ВЕН диаграммасына салу.
Ү. Оқушыларды бағалау.
Оқушы бағасын айтып күнделіктеріне қою.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше