Без рубрики

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы,
Чапаев қаласы
№1 орта жалпы білім беретін  мектебі
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Биранова Улжан Талгатовна

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
    Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. Оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту үшін, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.
Бұл мақсатқа жетуде ұстаздар терең білімді, әдістемелік жағынан толық қаруланған және жоғары мәдени деңгейі болуы тиіс. Мұғалім алғашқы сабақтан бастап әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін, ынтасы мен бейімділігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығын ескере отырып оқу үрдісін жүргізуі керек.


             Оқушылардың шығармашылығын дамыту жолда мен өз алдыма қойған мақсат міндеттеріммен таныстырып өтсем.(слайд №4)
Ертеңіне лайық ұрпақ тәрбиелемеген елдің келешегі жоқ десек, сол ұрпақты тәрбиелеудегі ұстаз еңбегі – ұлы еңбек. «Ұстазын сыйламаған елдің ұрпағы азады», — дейді халық даналығы. Осыған байланысты шығармашылық, ізденіс деген әр ұстаздың алдында тұрған үлкен міндет деп ойлаймын.
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылу, іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өмірден өз орнын табуға көмектеседі.
              «Шығармашылық» ұғымының жалпы теориясын зерттеген С.Л.Рубинштейн «оқушы шығармашылығының ерекшелігі оның сапалы түрде мақсатты әрекет жасауымен анықталады» — дей келе, «шығармашылық, шешімінің нәтижесі баланың өзі үшін жаңалық болса жеткілікті» екендігін айтады, яғни баланың шығармашылық өнімді еңбегі оның жеке тәжірибесімен салыстырылады.
             Шығармашылық жұмыста, әсіресе, бала қиялының орны ерекше. Бұл жөнінде М.Жұмабаевтың айтқан тамаша пікірі бар: «Жаратылыстың құшағында, меруерт себіл-
ген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті». «…Баланың атаға тартуы рас болса, сиқырлы даланың баласы – қазақ баласы қиялқұмар болуға тисті». Педагог ғалымның айтқанының сөз өнері — әдебиетке тікелей қатысы бар. Өйткені М.Жұмабаевтың сөзімен айтқанда, «қазақ баласының жаратылысы соны тілейді». Сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрлымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың іс-әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу-танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқу уақытының үнемделуі.
              Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, ұстазы берген ақпаратты, іс-әрекет тәсілдерімен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай, оқушы барлық іс-әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет білігін ұштай түседі.
             Оқушыларды шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың түрлері өте көп. Мен өзім жұмыс жасайтын үш салада да оқушы шығармашылығын дамытуға үлкен жол ашуға болады деп ойлаймын. Сондықтан сол салаларға тоқталып өтсем.:
1. Тәрбие сағатында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту .
Мен 5а-сыныбына сынып жетекшімін. Бізде әрбір аптаның бірінші оқу күні алғашқы сабақта тәрбие сағатын өткіземіз. Осы тәрбие сағатының өзінде де оқушы шығармашылығына үлкен жол ашуға болады. Ол үшін мен мынадай жолдарыды атап өтер едім.
 — Өтілетін тақырып бойынша оқушыға тірек сөздер беріледі                                                де шығарма немесе ойтолғау жаздыру.
Тақырып мазмұнына орай сурет салдыру.
Өтіп отырған тақырыбымызға байланысты қосымша мақал-мәтел, нақыл сөздер жинастырып келу.
—   Өлең шығарту.
Осы орайда біздің сынып сағаттарында осы бағыттар бойынша жүргізілген жұмыстарға тоқталып өтсем:
1. «Ұстазға тілек» атты тәрбие сағатында балаларға “мектеп, білім, ұстаз, ата-ана, тәрбие, ошақ, асыл, адал, арман, оқу,” т.б. тірек сөздер беріп ойтолғау нмесе шығарма жаздыру. Және оның ең жақсы жазылған оқушының шығармасын міндетті түрде атап өту.
2. “Кітап-ақылшы досың” атты тәрбие сағатында оқушыларға кітап туралы өлең жолдары, мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер жинастырып келу. Оларды жинақтап қойып, керек пәндерге пайдалану, мысалы қазақ тілі пәнінде.
3. “Ережені жаттаймыз, өмірлерді сақтаймыз” атты сынып сағатында оқушыларға бағдаршам туралы жұмбақтар жазу және сурет салу тапсырылды.т.б.
4.Өлең құрастыру.
Бұл жұмысты екі тәсіл арқылы ұйымдастыруға болады.
а) Дайын өлең жолдарын ұсынып, оқушыларға соны аяқтауды тапсыруға болады.
Мысалы,Ө.Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңінде қайталанып тұрған:
«Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы – менің туған өлкем» деген жолдар бар.
Оқушыларға осы дайын өлең жолдары ұсынылып, оны ары қарай жалғастыру тапсырылады. Тапсырма дұрыс орындалу үшін, ең алдымен, оқушылар құрастыруға тиісті
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда сол өлеңнің сызбасы түсіріледі:
«Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы – менің туған өлкем», — ұсынылған жолдар.
«Ұлан-байтақ жерлері бар
Өз өлкемді мақтан етем», — оқушының аяқтауы, яғни бұл – жоспар, өлең ұйқасқа құрылады және бұл сызба бойынша өлеңнің бірінші, екінші, төртінші жолдары ұйқасуға тиіс.
ә) Дайын ұйқастар ұсынылады.
Мысалы, «Қазақстан» тақырыбына арнайы төмендегідей ұйқас бойынша өлең құрастыру тапсырылады:
            … менің,
… менің.
… өсе бер,
… жылың.
Оқушының тапсырманы орындауы:
Қазақстан – елім менің,
Гүлдей болған жерім менің.
Көркейе бер, өсе бер,
Құтты болсын 20 жылың.
Қазақ тілі сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары.
1. Талдау жұмыстары:
лексика тақырыбы бойынша толық лексикалық талдауды үйрету.
Фонетикалық –математикалық талдауды үйрету.
2.“Бес жолды” өлең шығарту.

2.  Әдебиет сабағында оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.
Қазақ поэзиясына және прозасына композициялық талдау.
Ақынның өмір жолына байланысты хронологиялық кесте толтыру.
Ақын-жазушылардың дүниеге келген жерлерін облыс, аудан, аймақ бойынша топтастыру.
Кейбір тақырыптарға шығарма, пікір, ойтолғау жаздыру.
3. Үйірме жұмыстарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
1.Ертегі құрастырту
2. Ақындардың стилі бойынша өлең шығарту
3. Диалог құрастырту
4. Әңгіме, ойтолғау жаздыру.
5. Ақындарды өлеңдерін жазып, жаттау.
6. Реферат жазу
7. Әдебиет туралы пікірлер жинату
8. Ақын жайлы айттым сөз (өтіп отырған ақынымыз туралы басқа ақан-жазушылардың айтқан пікірлерін жинату)т.б.
Ұстаз еңбегі – оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі — әрбір оқушы жүрегіне жол таба білуінде. Әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр.
Қорыта айтқанда, оқушы бойында шығармшылықты дамытуда үздіксіз құлшыныс, оқуға, білім алуға деген ұмтылыс ұдайы өшпей, күннен-күнге дами түсуі қажет. Сонда ғана оқушы бойында білім нұры тасып, сыныптан-сыныпқа көшкен сайын оқушының ішкі дүниесі, сыртқы ортамен байланысы дамып, оқушы дүниетанымы арта түсері анық.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.