Ақтөбе облысы
Шалкар ауданы
Қорғантұз орта мектебі
Жұқатаева Жанар Жиенғазықызы
Сабақтың тақырыбы: Елім және Елбасым
Сабақтың мақсаты :
Тәрбиелілігі : Оқушыларды Отанын сүюге, елжандылыққа, елі сүйген Елбасынан үлгі — өнеге алуға тәрбиелеу
Білімділігі: Оқушыларға Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың балалық шағынан мәлімет бере отырып,сан қырлы талант иесі,құдіретті тұлға екенін таныту
Дамытушылығы : Оқушылардың ой — өрісін , таным көкжиегін дамыта отырып,шығармашылыққа баулу
Сабақтың типі: таным сабағы
Сабақтың түрі : дәстүрлі сабақ
Қолданылған технология : дамыта оқыту
Қолданылған әдістер : баяндау , топтау ,көрнекілік , шығармашылық,ой толғау
Көрнекіліктер : ҚР – ның Президенті Н. Ә.Назарбаевтың портреті, дәйек сөздер , «Ұлы достықта» , «Астана» слайдтар топтамасы , «Үшқоңыр» клипі
Сабақтың барысы : 1. Психологиялық даярлық
2. Ой қозғау
1-оқушы: Оқушы шығармасынан үзінді.
Менің Президентім.
Біз отбасымызбен күнделікті теледидар көруді әдетке айналдырғанбыз. Телеэкраннан Н.Ә.Назарбаевтың бейнесі көрінгеннен – ақ әжемнің жаңылмай қайталайтын бір тілегі бар: «Алла тағала, осындай ұл берген саған рахмет. Тек ел шеті бұзылмасын», — деуден жаңылмайды. Бұрынырақ әжемнің бұл сөзіне мән бермейтінмін, енді тарих пәнінен тереңдей оқыған сайын, әжемнің сөзінде көп мағына жатқанын түсініп келемін. Расында да көп ұлтты республиканың тынышын кетірмей ұстау, ондағы әр ұлттың өкілдерінің тілін табу, көрші мемлекеттермен тату-тәтті қатынас орнату үлкен жүректі, асқан ақылды, парасатты адамның ғана қолынан келетіні сөзсіз. Олай болса, Нұрсұлтан Әбішұлы атамыз әрбір қазақстандық үшін ұлы тұлға. Қазір мен де әжеммен бірге Алладан Нұрсұлтан Әбішұлына денсаулық тілеймін.
2-оқушы шығармасынан үзінді:
Менің Президентім.
Қазақ халқы ерекше қонақжай халық екені белгілі. Меніңше, біздің Президентіміздің бойында да осы қасиет бар. Соңғы жиырма жылда Қазақстанға кімдер ат басын тіремеді десеңші? Белгілі саясаткерлер, президенттер, мемлекет қайраткерлері мен басшылары, ғалымдар мен өнер қайраткерлері. Әр елден келген қонақтарға ұялмай көрсететін жаңа қала Астанамызды Президенттің ақыл-ойының жемісі дер едім. Астана күннен күнге бой түзеп жасарып, жаңарып келе жатқан жас қала. Сарыарқаның төсіндегі шағын ғана қаладан, әлем таныған әсем Астана жасаған Елбасының ақыл-ойына кім басын имес? Мен Президентімізді жақсы көремін және соған ұқсағым келеді.
Шығармада аталғандардан басқа Елбасын қандай адам ретінде танисыңдар?
1 – оқушы : 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.
2 – оқушы: Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».
« Үшқоңыр клипі » тыңдалады
3 – оқушы : Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Нұрсұлтанның анасы Әлжан Мырзабаланың балалары мен келіндеріне ақыл-кеңес беріп, халықтың байырғы дәстүрлері мен жоралғылары туралы әңгімелейтінін, немересі Нұрсұлтанның тәрбиесіне аса белсеніп кіріскенін еске алады.Мырзабаланың ұлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.Назарбаевтың анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.
4 -оқушы: Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
Нұрсұлтан атамыздың балалық шағынан естеліктер оқу
@ Сыныптасы Рая Ғарифқызының естелігі
@ Нұрсұлтан атамыздың өзі туралы естелігі
Бала Нұрсұлтанға мінездеме
5-оқушы : Нұрсұлтан Назарбаев-бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам.Ол әр қадамын шын мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу-бойға біткен дарынмен қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс және өмір дағдысы.
6- оқушы: Елбасы үлкен саясаткер болумен қатар жан-жақты дамыған тұлға, барлық қазақ азаматтары сияқты жылқыны жақсы көреді.Сондай-ақ өнерге де көп көңіл бөлетін адам. Оған дәлел жаңа ғана өздеріңіз тыңдаған «Елім менің» және «Үш қоңыр» әндері. Бұл әндердің сөзі Нұрсұлтан Әбішұлыныкі екенін біз мақтанышпен айтамыз
7-оқушы: Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
8-оқушы: Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
9-оқушы: Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
10-оқушы: 1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.
11- оқушы : Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматты білмейтін адам баласы жоқ. Алты жастағы баладан алпыс жастағы қартта амандығын тілеп, тілеулес болып отырады.Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1 желтоқсанды «Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Күні»ретінде атап өтетін заңға қол қойды. Оған сай 1 желтоқсан енді мемлекеттік ресми мерекелер қатарына енеді. Бұл біздің үлкен қуанышымыз, үлкен жетістіктеріміздің бірі.
«Ұлы достықта» Слайд шоу . (Онда Қазақстан Республикасының Президентінің шетелге сапарлары, әр түрлі елдердің басшылармен түскен суреттері орын алған. )
6
1 – оқушы: Менің Отаным –ҚАЗАҚСТАН. Тәуелсіздік елімізде салтанат құрған береке-бірліктің, достық пен ынтымақтың айғағы.Елбасымыз Қазақстан өлкесінің барлық жерін түгел аралап шығуымен қатар, шет мемлекеттерге де барған. Осының бәрі ел қамы, ел болашағымен байланысты. Достық қарым –қатынас,жақсы жолға қойылған. Тынымсыз еңбегі арқасында Қазақстанды әлем таныды. Түркі әлемінің ақылгөй данасы атануы, ескерткіш орнатуы-зор құрмет. Иордания қаласында бір үлкен даңғылға Нұрсұлтан атамыздың есімін беру –әлем алдындағы зор беделі деп білеміз.
2 – оқушы: Осы орайда өркендеп өскен Қазақстанның әлемдегі бүгінгі орны мен беделін мақтанышпен атап айтуға болады. «Ел — Елбасына тірек, Елбасы – елге қалқан». Бұл – бүгінгінің шындығы. Н.Назарбаев десе – Қазақстан, ал Қазақстан десе Назарбаев ойға оралады деп, халықаралық қауымдастықтың мойындағанынан толық аңғаруға болады.
3 – оқушы: Сонымен қатар, «Қазақстан – бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға – елдің тұғыры, Тұлға – елдің тұтқасы. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай тұлға!
Астана — арман қала
Астана – Қазақстан Республикасының елордасы.Кең , жазық далаға орналасқан қаланың ескі атауы Ақмола болған.Ол 1997 жылы Қазақстанның астанасы болып белгіленуі,ал 1998 жылы Астана деген атау берілді.
Қазіргі таңда барша әлем назар салған, әркімнің көргісі келетін арман қалаға айналды.Болашағы кемелді , керегесі кең , сән – салтанаты келіскен әлемде теңдесі жоқ қаламызбен мақтанамыз.
@ К.Салықов Ең сұлу қала әлемде
Сергіту сәті « Елім менің »
Елбасы айтқан екен…
Сын сағатта елдігіміз де, ерлігіміз де бойымыздан табылуға тиіс.
Қазақстанның аспан түстес туының бетінде алтынға айналған бүркіт қанат керген.Осынау тәуекелі келіскен мазмұнды да мағыналы нысанның бойында табиғат та,тіршілік те, тарих та тоғысып жатыр.
Ана тілі — бәріміздің анамыз,өйткені ол ұлтымыздың анасы.
Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары.
Тарих – өткеннің сабағы,алдағының кейінгіге өнегесі.
Мейлі, сен патша не қойшы бол,бәрібір… Атамекеніңнен табаның тайса – жемісің…
Өсер елдің баласы арманшыл болса,өшер елдің баласы жанжалшыл болады.
Отбасы – Отанның ошағы.
Ел болу үшін – ұлттық рух, ұлттық қасиет және ұлтқа деген сенім болуы керек.
Отанды сүю – өркениеттіліктің бірінші белгісі.
Мемлекетіміздің діңгегі – қазақ халқы.Ел де, жер де – қазақтікі.Ел болудың ұяты да біздің жұрттың мойнында.
Біз кешегісі тұлдыр,болашағы бұлдыр халық емеспіз.
Қазақтың ұлттық рухы оның ерлігінде жатыр.
Кез келген мемлекеттің қуаты – халқында.
1 – оқушы : Қазір біз бақытты елміз.Елбасымыз халыққа жылда жолдау арнайды.Сол жоспарлы жолдаудың нәтижесінде , Қазақстан бүкіл әлемге танылып,қалаларымыз сәулеттенді, қандас бауырларымыз Отанына оралып, тағы басқа көптеген істер атқарылуда.Тәуелсіздігіміздің әр күні емес, әр сағаты жаңалыққа, игі істерге ұласып жатқаны біз үшін мақтаныш. Мен де елбасы жолдауына өз үлесімді қосамын.
2 – оқушы : Сонымен қатар Елбасымыз Жолдауында барлық буын өкілдеріне сөз арнады.Соның ішінде кейінгі толқын жастарға:
— Сендер болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер. Біздің бүгінгі атқарып жатқан қыруар шаруаларымыз тек сендер үшін жасалуда.
Сендердің озат ойларың мен кемел білімдерің – елімізді қазір бізге көз жетпес қиянда көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіретті күш деген еді. Елбасының сенімін ақтап, болашақтың іргесін бәріміз бірге қалайық!
Ой қорыту: — Сабақтан алған әсерім …
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Біз көшпенділердің ұрпағымыз.Ержүрек халықтың жалғасымыз.Мен жастарға сенемін.Әрқашан тұрақтылықты қорғап, бірлікті сақтаңдар» деген сөзімен сабағымызды аяқтаймыз.Әрқашан елін сүйер, жерін қорғар азамат болып өсулеріңе тілектеспін.