Без рубрики

Лиро-эпос жыры. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры

Астана қаласы, Астана гуманитарлық колледжінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
Айранбаева Кәделі Қорғанбекқызы

 

Лиро-эпос жыры. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры.
Сабақтың тақырыбы: Лиро-эпос жыры. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры.
Сабақтың мақсаты: Көркем әдебиеттің негізгі жанрының бірі-эпостық поэмаға жататын лиро-эпостық жырлар жайында теориялық түсінік беру. Қозы Көрпеш-Баян сұлу жырын түсініп оқу.

Сабақтың міндеттері

  1. Көшпелі қазақ елінің салт-санасын, кәсібін аңғарады.

2. Жырдағы кейіпкерлердің іс-әрекетіне байланысты әрқайсысының басында болған күйініш-сүйініштерін пайымдайды, мінез ерекшеліктерін байқайды,ой-өрісі,дүниетанымы кеңейеді.

3. Топта бірлесіп жұмыс істеуге, қажетті іс-әрекетте оқушының өз бетінше белсене орындауына мүмкіншілік беріледі.

 

Сабақта қолданылатын стратегиялар: «Ой қозғау», «Түртіп алу»

 

Көрнекілік: «Түртіп алу» стратегиясына байланысты, сызба кесте, ватман, мәтін.

 

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа әзірлеу.

 

I. Қызығушылықты ояту. «Ой қозғау стратегиясы»

1. Батырлар жыры туралы білетіндерін естеріне түсіріп, жырдың халықтығын, жырдың басты кейіпкері ел қорғаушы батырдың күш-құдіреті, патриотизімі, отанды сүюі, еңбекшілдігі, зор адамгершіліктің иесі болатындығы жайлы, өзіне тән шарттылығын оқушылардың өздеріне дәлелдету.

2. Кіріспе сөз (мұғалімнің). Көркем әдебиеттің негізгі жанры жайында, түрлері жайында айта келіп, авторы белгісіз халықтық мұра болатындығын, олардың туу негізінде шындық болмыс жатса да, шығарушылардың ой-санасының әлі сәбилігімен байланысты қиял араласып отыратындығын және халықтың ауызша шығармашылығының негізінде туған зор оқиғаны жыр еткендігін, жыр өлеңмен жазылған ірі шығармалардан эпостық жырлар туатындығын баяндай, отырып, осы эпостық жырлардың бір түрі- лиро-эпостық жырлардың өзіндік ерекшеліктерін түсіндіру, теориялық анықтама беру.

3. Дәптермен жұмыс.

Теориялық түсініктерді әдебиет дәптеріне жаздыру.

4. Оқулықпен жұмыс. Жырды оқыту.

Мәнерлеп түсініп оқу.

5. Сөздік жұмыс.

 

II. Мағынаны ажырату сатысы

Жыр мәтінін құр оқумен шектелмей жырдағы білім мен мәдени құндылықтарды игеру ісін топтасып, ұжымдасып мұғалім көмегінсіз өздері дербес атқарады. Құр мәлімет алумен шектелмей, өз пікірлерін ашық айтып өзара сұхбат жүргізуге жағдай жасайды.

а) Жеке жұмыс I.W.S.E.R.T-стр. ұсынамын, өйткені бұл ұтымды құрал, өздері оқыған «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырынан түсінігін тексеруге, өз ойын айтуға басшылық жасайды.

ә) Жұппен жұмыс. «Түртіп алу» стратегиясы бойынша кесте жасалынады және сол кестеге жырды қаншалықты түсінгендерін әр түрлі белгілермен белгілейді. Топтың тақырып туралы ой қозғауы

V – Олардың білетіндері.

+ — Олардың үйренгендері.

= — Менің ойлағаныма кері, келісе алмаймын.

? – Мені жұмбақтандырады.

Сабақты, үйренгендерін бекіту.

 

III. Тақырып туралы толғаныс. (Мазмұн соңындағы талқылау). 5 мин

Оқушылар өздерінің қойған белгілері бойынша топпен ақпараттар тізімін жасау керек.

Әр топқа оқыту. Әр топтың белсендісі тақырып туралы жазбаша немесе ауызша айтады, немесе басқа топ мүшелерімен ой бөліседі, дискуссия жасау, пікір алмаса отырып дұрыс шешім табу.

 

IV.Бағалау.

Топтың өзін-өзі бағалауы.

 

V.Сабақты аяқтау.

Ғашықтық жырдың, батырлық жырдан айырмашылығы сүйіспеншілік, достықтың ең басты мәселесі деген бір пікірге келу.

 

VI.Үйге тапсырма:

Жырды қайталап оқып, пысықтау.

 

 

 

«Түртіп алу» стратегиясы бойынша жұппен жұмыс.

 

Білемін

Сенімсізбін

Келісе

алмаймын

Мен үшін

жаңалық

Әрі қарай білгім

келеді

V

+

?

Лиро-эпос-ауыз

әдебиеті, жанр.

Эпостық жыр-

батырлар туралы.

Лиро-эпос-ғашықтық

жырлар.

Ежеқабыл салты

бойынша әлі

дүниеге келмеген

сәбилерді

атастыру. Ол бала

тірі бола ма?…

 

Маралдың

баласын — қодық

дейді екен. «Еже

қабыл» салты.

Белқұда

Қозының Баянды

көрмесе де, естуі

арқылы іздеуі

т.с.с

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.