Без рубрики

Жемістер

Қостанай облысы, Рудный қаласы
№ 19 орта мектептің жарты күндік шағын
орталық тобының тәрбиешісі
Бугенбаева Тажида Асанбайқызы. Еңбек өтілі 11 жыл

Білім беру саласы: Шығармашылық  Бөлімі : Бейнелеу сабағы

Тақырып: Жемістер

Мақсаты : Балалардың жемістер туралы білімдерін нығайту. Жемістер суретін сала отырып,  түстерді дұрыс таңдай білуге қалыптастыру. Ойлауға , елестетуге, қиялдауға дағдыландыру. Әдемілікке , әсемдікке, әдептілікке тәрбиелеу.

Әдісі :түсіндіру, сұрақ –жауап, ойын.

Мотивациялық –қозғаушылық:

Шаттық шеңбері

Қуан , шаттан, алақай,

Қуанатын күн келді!

Күліп шықты күн бүгін,

Қайырлы таң, қайырлы күн!

 

Ғажайып сәт:

Әуен қойылады.

Балалар  қане көз алдымызға елестетеміз.

Біз жемістер бағында жүрміз. Онда тамаша табиғатымен, жемісімен бізді дем алдырды.

Біз жемістерді бағбан аталарға жинауға көмек бердік. Бақшадан  сыйлыққа жемістерге тойдық.

 

Ұйымдастыру –іздену:

Балалар  бүгін бізде қонақ бар. Ол кім? Ол алыстан келген «қоян».Ал енді қонағымызға сабағымызды көрсетейік.

Балалар қазір қандай мезгіл?                                    Күз мезгілі.

Ауа –райы қандай?                                                    Ауа –райы салқын.

Күзде қандай өзгерістер болады?                            Күн салқындайды, жемістер пісіп болады.

Балалар күз мезгілі 3-ке бөлінеді . Олар Ерте күз, Алтын күз, Қара күз.Күзде жемістер, көкөністер піседі.

 

Мен сендерге жұмбақ жасырамын , таба аласыңдарма?

Аспай түскен, қайнамай  піскен.  (жеміс)

 

Өте жақсы қане енді  сол жемістер туралы тақпақтар айтып беріңдерші.

Жүзім пісті бір-бірлеп,

Үзіп мәзбіз енді біз.

Қоңырауы күмбірлеп,

Қыркүйекте күз келді.

 

Мен шиемін, шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл шырын менде бар,

Төмен басты төмен иемін.

 

Ал енді сендер қандай жемістерді білесіңдер?

Алма, алмұрт, шие, анар, алқоры, қызанақ т.б.с.с.

Жемістер суреттерін  көрсетемін. Балалар сендер қандай жемістерді жақсы көресіңдер?

Балалар жауап береді.

 

 

Ойын:     «не жоғалды?

Тақтаға бірнеше жемістер суреті ілінеді.

Балалар тақтаға қарайықшы не көріп тұрсыңдар?                    Жемістер.

Ойын шарты: барлық балалар шығады, жемістерді көреді, соң теріс қаратып, жемістердің біреуін алып қоямын. Балалар жоғалған жемісті табады.

Балалар сендер көптеген жемістерді біледі екенсіңдер, тамаша!

Ал енді осы жемістердің дәмін білесіңдерме?

Ендеше соны байқап көрейік.

«Жемістің дәмін сезу»

3-4баланы шығарып, көздерін байлап, ауыздарына туралған әр-түрлі жемістерден саламын,бала қандай жеміс екенін табады.(ойынды жалғастыруға болады)

 

Балалар күзде тек жемістер ғана піспейді екен, көкөністер де піседі.(тақтаға көкөністер ілінеді)

Көкөністер аттарын атаймыз.                        Пияз ,сәбіз, қырыққабат, картоп т.с.с

 

Сергіту сәті

Қане  балалар, сәбізді осы қандай аң жақсы көреді?                         Қоян

Ендеше  сол қонағымызға  арнап жаттығу жасаймыз. Сонда қоян келіп сәбізін алып кетеді.

Ұзын құлақ , сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы –қырлы жерлермен,

Ытқып –ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын салып көзінің

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

 

Балалар бүгінгі сурет сабағымызда «жемістер» суретін саламыз.

Сол үшін екі топқа бөлінеміз.1-топ «Айгөлек»

2-топ «Балдырған»

«айгөлек» тобы  алмұртты  субояқпен  бояйды, ал «балдырған» тобы алманы түсті қарындашпен бояйды.

Музыка  қойылады , әуенмен балалар суреттерін  салуға кіріседі.

Әдемі шыққан суреттерден көрме жасаймыз.

 

Рефлексифті түзету: Балалар алманың түсі қандай екен?

Жапырағының түсі ше?

Алмұрттың түсі  қандай екен?

Жапырағының түсі ше?

Ал олардың дәмі қандай екен?

Балалар  сендер жемістер туралы көп біледі екенсіңдер. Сол үшін бізге алғыс ретінде қоян  алма, алмұрт беріп кетіпті. Қане барлығымыз дәмін көрейікші..

 

Күтілетін нәтиже:Күз мезгілінің  түрлерін біледі.

Жеміс –көкөністердің дәмін, түсін сипаттауды меңгереді.

Бояу түстерін ажырата алуды игереді.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.