С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» романындағы Қамар бейнесі
АСТАНА ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі
Айранбаева К.Қ.
Сабақтың тақырыбы: С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» романындағы Қамар бейнесі.
Сабақтың мақсаты: Шығарманың табиғатын таныту, идеясын ұғындыру.
Білімділік: Романдағы жазушы көтерген көкейкесті өзекті мәселе, әйел бостандығын еркіндік тұрғыдан ғана емес, азаматтық, адамгершілік тұрғыдан қарастыру.
Тәрбиелік: Қамар бойындағы қазақ қыздарына тән табиғи қасиеттерді үлгі-өнеге ету.
Дамытушылық: Шығарманы талдау барысында Қамардың көркем бейнесін жасауда штрих-детальдарды іздестіру, ой елегінен өткізу, жүйелі ойды дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа технологиямен жүргізілетін сабақ.
Сабақтың тұрпаты: практикалық сабақ.
Сабақта қолданылатын
тәсілдер: СТО стратегиялары: «Топтастыру», «Ой
қозғау», «Блумның сұрақ қою», «талқылау
картасы», «Семантикалық карта», «Қарама-
қарсы элементтер», «Даралық және
ұқсастық».
Пәнаралық байланыс: Тіл, тарих пәндері.
Қолданылған
әдебиеттер: «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту
құралдары», «Дауыс пен көрініс» журналы,
Қ.Бітібаева «Әдебиетті оқыту әдістемесі»,
Т.Ақшолақов «Көркем шығарма айшықтары».
Сабақтың көрнекілігі: С. Торайғыров шығармалар жинағы, «Қамар
сұлу» романы, үлестірмелі қағаздар, бағалау
парағы, үнтаспа.
I Қызығушылықты ояту сатысы.
«Ой қозғау» стр арқылы ой ашар жасау.
Сұлу
ару
көркем Бұл сөздер кімге арналған?
айдай
Жауап: – қызға.
Кіріспе сөз. Әрине, сұлулық жайында әр адамның өз түсінік талғамы бар. Әр елдің, әр халықтың өз сұлуы, өз аруы бар. Сұлу табиғаттың бітіміндей келісті, келбетті, Шолпан жұлдызындай, ай сәулесіндей қалықтап жүзген аққудай ел аузында аңыз болып кеткен талай айтулы сұлулары болған.
Сол көздің жауын алған арулар өнер өрнегінде, яғни сүйіспеншілік жырларында, қисса-дастандарда кестелі сөзбен жырланған. Қыз Жібек, Баян сұлу, Ақжүніс, Құртқалар әсемдіктің, нәзіктіктің, адалдықтың үлгісі болса, бертіндегі әнші Майра, Күләш, ақын – Сара көркімен де, асқақ өнерімен де халқының жүрегінде мәңгі қалды, сөйтіп ұрпаққа жетті. Олар туралы өнер өрнегі үзілмеген, қайта жалғасын тапты. Қазақтың ақын-жазушылары солар туралы өлеңмен өріп, сөзбен кестелеп көркем шығармалар тудырды. Сондай шығарманың бірі – «Қамар сұлу».
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қазақ әдебиетінде шоқтығы биік, классикалық кесек туынды қалдырған С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» романындағы Қамар бейнесі.
II Мағынаны тану сатысы.
1. Үнтаспадан Қамар сұлу жырының басталуы мәнерлеп оқылады.
2. «Топтастыру» стр арқылы Қамардың портретін жасайтын, қыз сұлулығын суреттейтін айшықты сөздерді іздестеріп тізу (әр топқа тапсырылады).
нұрлы жүз
сұлу
найза Қамар көркем
кірпік
пісте мұрын ақша маңдай
3. «Талқылау картасы» стр арқылы Қамардың болмысы, мінез бітімі, бойындағы түрлі қасиеттерін тауып, көркем бейнені даралау. (топтық жұмыс)
Талқылау картасы
|
Қамар |
Басты кейіпкер. Дәулетті Омардың жалғыз қызы. Бұлғақтап өскен бұлаң қыз. Сол ауылдағы бозбала жігіттердің аузынан тастамайтын тасбиғы. Жігіттерге Қамардың жай көзі түссе де мақтанады. Өзі – ақын, талайларды суырып, жанынан өлең шығарып, бас көтертпеген.
|
|
Өз теңін іздеген Қамар |
Теңін тапқан. Теңі – Жәуке баласы, 21 жасар, оқыған Ахмет.
|
|
Ағаға қарындас болып жүреді |
Бірін-бірі ұнатады. Құда болар малы жоқ. Құмартып тұрса да ақылға жеңдіреді.
|
|
Шын сүюдің қадірін тартқан |
Күннен күнге сабыры қалмайды. Көрер таңды көзімен атқызды.
|
|
Соры қалың Қамар |
Әкесінің ағалары Оспан би, Қалтан қажы Жорға Нұрымға әйел орнына бермекші болды.
|
|
Тағдыр тәлкегіне түскен Қамар |
Қайғыдан әбден жүдеп, қалжырап солды. Ауруға шалдықты. Көрмегені жоқ. Молда, бақсыларға емдетті. |
|
Теңсіздік құрбаны блоған Қамар |
Ақыры әділетсіз заман, ескілік Қамардың түбіне жетті. |
«Семантикалық карта» стр арқылы қазақ әдебиетіндегі көтерген мәселесінің өзектес тұсын салыстыру.
Ақын-жазушы Сұлтанмахмұттың Қамар бейнесін жасаудағы идеясын ұқтыру.
Семантикалық карта
Қамар Шұға Б. Майлин «Шұғаның белгісі»
Қамар Жамал М. Дулатов «Бақытсыз Жамал»
Қамар Ғайша С. Көбеев «Қалың мал»
III Ой толғаныс сатысы.
заман
Қамар
ескілік
IV Үйге тапсырма. Шығарма жазу.
V Бағалау.
