Мақал-мәтелдер – сөздің мәйегі

АСТАНА ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі
 Айранбаева К.Қ.

Тақырыбы: Мақал –мәтелдер- сөздің мәйегі.
Сабақтың мақсаты: Мақал-мәтелдерді дұрыс қолдана білуге, әдептілікке, ұлттық дәстүрді құрметтеуге баулу.
Көрнекіліктер: нақыл сөздер, мақал- мәтелдер.
Түрі: пікірсайыс
Тәрбие сағатының барысы:
Ой ашар жасау:
Топқа бөлініп, әр топқа мақалшының берген тапсырмасы таратылады.


Мақалшы кескіндеменің сөзі:
Қымбатты оқушылар, қазақ халқының би, шешендері бір ауыз ұтымды сөзбен, оралымды, келісті мақал-мәтелмен небір үлкен дау –дамайларды шешкен .Сондықтан да мақал-мәтелдерді үйрену, оның мағынасын түсіну – сендерді қазақ халқының тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпын түсінуге, шебер де, әдемі сөйлеуге үйретеді.
ІІ Негізі бөлім.
Мақал-мәтелдердің мағынасын талқылаудан бастаған сабақ әрі қарай жүйелене береді.
     Сонау ықылым заманнан, сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып келе жатқан, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалған ауыз-әдебиетінің бай саласының бірі – қазақтың мақал-мәтелдері. Мақал-мәтелдердің ерекше қасиеті- көлемінің шағындығы, мазмұнының кеңдігі, тілінің өткірлігі, мағынасының тереңдігі. Мақал-мәтелдер -қай халықтың да жан -дүниесінің, мінез –бітімінің, тыныс-тірлігінің айнасы.
   Мақал –мәтелдер халықтың сөздік қорының байлығын танытып қана қоймай, оны уақыт созған сайын құнын артып, сарқылмас қазына екенін де білдіреді. Өйткені қазақтың мақал-мәтелдерінің айтары -өсиет, ұлағат, тәлім, парасат, ізгілік. Мақал-мәтелдер – халық мұрасы.
1. Тақырып бойынша мақал-мәтелдер жарысы:
1. Отан туралы
2. Еңбек туралы
3. Оқу- білім туралы
4. Су туралы
5. Бала туралы
2. Жалғасын тап. (мақалдың алғашқы жолы айтылады, келесі жолын ойыншы жалғастырады):
1. Атанның баласы болма… (Адамның баласы бол)
2. Досы жоқ адам… (тұзы жоқ тағам)
3. Бір көрген біліс… (екі көрген таныс)
4. Қай жерің ауырса… (жаның сол жерде)
5. Жақсылық ағаш басында… (жамандық аяқ астында) т.б.
3. Мақал –мәтелдер айтысы.
1а. Сәлеметсіз бе «Көрген жерде ауыл бар», деп келіп қалдық.
2а. «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем  береді,»- демекші, қалыңыз қалай?
3а. «Алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы» дегендей, қандай әдепті баласындар!
4а. «Келгенше қонақ ұялады, келген соң үй иесі ұялады,» – деуші еді, келіңіздер, төрге шығыңыздар, қонақ болып кетіңіздер.
5а. «Жат асына қарайды, дос басына қарайды,» – деуші еді аталарымыз, қысылмаңыздар.
6а. «Қонағың сыйласа, төрге шық», – дегендей, төрге шығайық.
7а. «Жылқы кісінескенше, адам сөйлескенше», демекші таныса отырайық.
8а. «Мыңның түсін танығанша, бірдің атын біл»,- деген, есіміңіз кім болады? (Бәрі танысады)
1б. «Ас- адамның арқауы», -деген, ас алып отырайық.
2б. «Досынның асын қасындай іш!»,- демекші, алла разы болсын!
3б. «Дастарқанға ас қойдым, екі қолды бос қойдым»,- деген, ас алып отырайық.
4б. «Көрген астан бермеген, көргенсіздің ісі»,- деген келген қонақтар да ауыз тисін.
5б. «Көңілмен берсе, қара суы да бал татыр».
6б. Иә, «Досы  жоқ адам, тұзы жоқ тағам»,- демекші досың көп болғанға не жетсін!
7б. Халқымызда «Қонақ кәде», -деген болушы еді. «Өнерлі өрге жүзеді дегендей, өнерлеріңіз болса, көрсете отырыңыздар.
8б. Алдымен «Ауылдың алты ауызы» айтылмаушы ма еді?  Олай болса ән бастайық. (Халық әні: «Белес, белес, белеске»)
1в. «Құтты қонақ келсе, қой егіз табады»,- дегендей өздеріңіз шынымен той жасап жібердіңіздер ғой.
2в. «Бір ауылдан мың туыс болғанша, әр ауылда бір туыс болсын»,- деген.
3в. «Қонаққа кел демек бар, кет демек жоқ», – жақсы отырдық қайтайық.
4в. «Қырықтың бірі – Қыдыр»,- деген келіп тұрыңыздар.
5в. «Таз таранғанша, той тарқайды»,- демекші қайтайық.
6в. «Тойған жерге тоғыз кел», – демекші тағы келіп қалармыз.
7в. «Қонағыңнан алтын алма, алғыс ал»,- деген, қане бір бата беріп жіберіңіз.
8в. Бата беру:
 «Жақсылыққа жақын бол
Достарыңмен тату бол,
Дұшпаныңа қату бол!
Ұсақ болма –ірі бол,
Өз ортаңның гүлі бол!
Ата-анаңның көзінің
Сөнбейтұғын нұры бол!
Кім болсаң да, әйтеуір,
Азаматтың бірі бол
Туған елдің бәрің де
Ұлы менен қызы бол!»
4. Екі топқа бөлініп, таңдап алған мақалға сай сурет салу («Мектеп- кеме, білім- теңіз», «Оқу білім бұлағы»)
5. Еркін тақырыпқа эссе жазу.
6. Ребус шешу («Тіл- қылыштан өткір, қылдан нәзік»)
7. Қорытындылау.
Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе, мақал –мәтелдердің мағынасы өте зор екенін және ол Отансүйгіштікке, салт-дәстүрді сақтауға, ерлікке баулуға тәрбиелейтінін сезіндіңіздер. Әрдайым сіздер мақал- мәтелдерді ауызекі сөзде қолданыңыздар!   
Астана қаласы Білім департаменті
Гуманитарлық колледж

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше