Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы. Жәнібек ауылы.
Жалпы білім беретін Тайыр Жароков атындағы орта мектеп
Бейнелеу өнері, сызу және еңбек пәнінің
мұғалімі; Құмашев Жасұлан Амырханұлы
Сабақтың тақырыбы: XXI ғасыр Сызушысы
Мақсаты; Жұмысты орындау барысында оқушылардың эстетикалық талғамдары мен сызу пәніне деген шеберлік ынта- қабілеттерін арттыру.
Дамытушылығы; Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ой- өрісін дамыту.
Тәрбиелік; Қағаз бетіне сызба жұмыстарын орындау барысында ұйымшылдыққа, тазалыққа, әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Бақылау, сайыс сабақ
Қолданылатын көрнекіліктер: Таратпалар, тест сұрақтары, кампьютер…
Қолданылатын құралдар; Сызба құралдарының жиынтығы.
Сабақтың барысы:
Оқушылар бүгінгі сабағымызды ойын жарыс түрінде өткіземіз, осы уақытқа дейінгі алған білімдеріңді тексеру үшін сыныпта әрбір оқушы бірінші болып ұпай жинап алуы керек . Соңынан жинаған ұпай санымен анықталып бағаланады
Сергіту. Оқушылар тест сұрағына жауап береді. (Сайыс 5 ұпай мен бағаланады, 19 сұрақ , әр қайсысына 5 ұпайдан.)
Түсін мені. Оқушылар мына сөздердің анықтамасын айтуы керек; Сызба, овал,
масштаб. (Сайыс 5 ұпаймен бағаланады Қойылатын талап- бірінші болып толық жауап беруі керек.
Графикалық тапсырмалар; Бұл сайыста оқушылар тапсырмаларды орындайды.
9 Кестеде берілген.(Әрбір жауап 5-ұпаймен бағаланып отырылады) Пішім өлшемдері, сызықтың түрлері, өлшемдер, масштаб, қаріптер, сызбалар, сызбадағы өлшемдер, параллель.
Сайысты қортындылау; Ұпайды ең көп жинаған оқушы « ХХІ ғасыр Сызушысы » атағын алады.Жарыс, сайыстың барысы;
Сергіту; тест сұрақтарына жауап беру керек
Дұрыс жауапқа 5 ұпай алады
Сергіту; Сызу пәнінен тест тапсырмалары:
1. Алғашқы бу машинасын ойлап тауып, оның сызбасын орындаған кім?
а) И.П. Кулибин
ә) И.И.Ползунов
б) І Петр.
в) Н.Ф.Четверухин.
2. Қаттылығы орташа қарындашты қалай белгілейді?
а) Т б) ТМ
ә) 2М в) 3Т
3. Басы бар ұзын сызғыш қалай аталады?
а) Рейсфедер
ә) Рейсшина
б) Даярша
в) Бұрыштық
4. Сызбада неше тұтас сызық бар?
а) 9 б) 5
ә) 4 в) 7
5. Өлшем сызықты сызғанда қандай сызық қолданылады?
а) тұтас жуан негізгі сызық
ә) тұтас ирек сызық
б) тұтас жіңішке сызық
в) үзілме сызық
6. Басқа елдерде қатты қарындашты қалай белгілейді ?
а) В б) Р
ә) Н в) А
7. Мектепте қолданылатын (формат) пішім қалай белгіленеді ?
а) А1 б) А3
ә) А2 в) А4
8. А4 пішімнің өлшемі қандай?
а) 841х594
ә) 420х297
б) 297х210
в) 594х420
9. Кішірейту масштабы қайысы?
а) М 1:4 б) М 1:1
ә) М 2:1 в) М 10:1
10. Г,З,С әріптерінің ені қалай анықталады?
а) g=5d
ә) g =7d
б) g =8d
11. Әріптердің арақашықтығы қандай?
а) а =2d б) а =5d
ә) а =4d в) а =8d
12. Көлбеуліктің белгісі қандай ?
а) □ б) ∆
ә) > в) ø
13. Сызықтық өлшемдер сызбада қандай өлшем бірлікпен беріледі ?
а) см, б) дм,
ә) мм, в) м.
14. Өлшем сызықтары өлшемі көрсетілген кесінділерге қатысты қалай орналасады ?
а) перпендикуляр
ә) параллель
б) көлбеу
в) қиылысады
15. Диаметрлердің өлшем санының алдына қандай белгі қойылады ?
а) R. б) S.
ә) ø в) □
16. Шеңберді тең 16 бөлікке бөлу үшін алдымен оны нешеге бөлу крек ?
а) 4 б) 5
ә) 8 в) 12.
17. Шеңберді тең 10 бөлікке бөлу үшін алдымен нешеге бөлу керек ?
а) 5 б) 2
ә) 3
18. Қиюшы түзу деген не ?
а) шеңбермен жанасатын түзу,
ә) қисықтық екі нүктесін қосатын түзу.
б) шеңбермен бір нүктеде қиылысатын түз
19. Түйіндесу деген не ?
а) түзеулердің өзара қиылысуы
ә) шеңберлердің өзара қиылысуы
б) екі сызықтың бір-біріне үшінші сызықтың көмегімен біртіндеп өтуі.
2- сурет
2-суреттегі сызбадан жауабын қарап жазыңдар.
-
Өлшем санның биіктігі қанша мм болуы керек екен ?
-
Шығару сызығының осы қашықтығы қанша мм болуы керек ?
-
Шығару сызығының осы қашықтығы қанша мм болуы керек ?
-
Осы сызықты қалай атаймыз ?
-
Осы белгі ненің белгісі ?
-
Бұл жазу нені білдіреді ?
-
Осы белгі ненің белгісі ?
-
Бұл сызық қалай аталады ?
-
Осы сызықты қалай атаймыз ?
10. Нұсқама өлшем көрсеткіші қалай орындалады ?
Үйге тапсырма: Түйіндесулер. А4 , 25- сурет сызуды орындау.
Қолданылған әдебиеттер: 1. Бейнелеу өнері ж/ә сызу, журналы.
2.Орта мектептегі сызу.Алматы «Мектеп» 1981ж.