Без рубрики

МУЗЫКА 30-ТАМЫЗ КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ ЖӘНЕ 1-ҚЫРКҮЙЕК БІЛІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІКІС-ШАРА

ҚАЗАЛЫ АУДАНДЫҚ БАЛАЛАР ӘУЕЗ МЕКТЕБІ

ІЗМАХАНОВА ҚҰРАЛАЙ  ЕЛАМАНҚЫЗЫ  «ФОРТЕПИАНО» КЛАСЫНЫҢ  ОҚЫТУШЫСЫ

 ЕҢБЕК ӨТІМІ:9 ЖЫЛ.  САНАТЫ:ii

 30-ТАМЫЗ КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ ЖӘНЕ 1-ҚЫРКҮЙЕК БІЛІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН

  МЕРЕКЕЛІКІС-ШАРА

1-жүргізуші: АРМЫСЫЗДАР Ұстаздар, қонақтар, ата-аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шатыққа толы Конституция күні  және 1-қыркүйек Білім күніне  арналған  «Фортепиано» және «Орыс ұлт аспаптар» бөлімдерімен өткізгелі тұрған мерекелік жиынға қош келдіңіздер!

Бүгінгі біздің Ата Заң –  «Қасым ханның қасқа жолы», «Есімханның ескі жолы», Әз- тәукенің «Жеті жарғысының» заңды жалғасы. Ата заң – Тәуелсіз ел екендігін танытатын, азаттығыңды білдіретін, құқығыңды сақтайтын құжат.

Қазақ жерінде 130 ұлттың өкілдері мекендейді. Солардың бәрінің ынтымағының ұйытқысы – Ата Заң. Ол — әр адам бұлжытпай орындайтын заңның темір қазығы.

Ата — Заң елде және одан тыс жерлерде жүрген азаматтарды қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепілдік береді. Онда адам құқықтары жан – жақты қарастырылған. Конституцияда көрсетілгендей, Қазақстанның әрбір азаматы тегін білім алуға, тегін ем қабылдауға міндетті.   

2 жүргізуші:

Мектеп деген білім күні, жыр күні

Мектеп деген ғылымның ең үлкені

Мектеп деген тәрбиеші адамға

Мектеп деген даналардың мекені

 

Бүкіл еліміздің мектептерінде жаңа оқу жылы басталады. Сол сияқты бізде де қуанышты білім мейрамы. Бір-бірімізге бақыт, жақсылық, ашық аспан, шаттық тілейтін күн.

 ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ГИМНІ Орындалсын.

 Алғашқы құттықтау сөзді мектеп директоры Әліш С. Бергелі тұрмыз.

 «Қазақстан  әні.»  орындайтын  мектебіміздің  жас ұстазы  бірнеше  байқауларының жеңімпазы  Опабекова А.

                                     1-жүргізуші:

 Ата — Заң елде және одан тыс жерлерде жүрген азаматтарды қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепілдік береді. Онда адам құқықтары жан – жақты қарастырылған. Конституцияда көрсетілгендей, Қазақстанның әрбір азаматы тегін білім алуға, тегін ем қабылдауға міндетті. 

 

     Оған қоса:   Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне,ұлтына, тіліне,дінге көз қарасына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды (14-бап).  

  Әркімнің ар – ождан бостандығына құқығы бар(22-бап).

   Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата- анасына қамқорлық жасауға міндетті(27-бап).

                                                2-жүргізуші:

ҚР қорғау- оның әрбір азаматының қасиетті борышы және парызы (36- бап).

Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті (37- бап).

Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті (38-бап).

    Конституция бізге теңдік, тегін медициналық көмек, тегін орта білім алуға кепілдік береді.

Сондай – ақ конкурстық негізінде тегін жоғарғы білім алуға құқығы бар.

    Конституцияда жазылған баптардың дұрыс орындалуын Конституциялық кеңес қадағалайды.

Бұл- әрбір қазақстандықтың құқы сақталады деген сөз.

  ӘН……………………………………………………

2-жүргізуші:       Өмір бойы мектебімді жыр етем,

Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.

Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,

Құтты болсын «Білім күнің »- мерекең!

 

1-жүргізуші:      Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

Мерекеңіз құтты болсын ата-ана,

Мерекеңіз құтты болсын ағайын!

Күй…………………………………………………..

                                                              1-жүргізуші:

                                                          Конституция күні – мемлекеттік мереке !

 

       «Конституция» — латыншадан аударғанда «құрылыс» деген ұғымды береді. Яғни, өміріміздің, тыныс-тіршілігіміздің ел-жұрт болып бірігіп мемлекет құруымыздың айғағы.

       Міне, осындай конституция алғаш рет Англияда 1679 және 1688 жылдары құқықтар жөніндегі билль деген атпен қабылданған. Жазбаша конституция ең алғаш 1787 жылы АҚШ-та, одан кейін, 1791 жылы Франция мен Польшада өмірге келген.

        Ал, Қазақстанда тұңғыш рет 1924 жылы одан кейін, 1937,1978,1993,1995 жылдары жазбаша түрде қабылданды. Ал қазіргі қолданылып жүрген конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған. Оған дейін, яғни, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы 28 қаңтарда өзінің алғашқы Ата Заңын қабылдаған болатын. Бірақ   1993 жылғы Конституция ескі әкімшілік, әміршілдік ережелеріне көбінесе кеңестік демократия қағидаларына негізделгендіктен, жаңа қоғам өмірінің талабына жауап бере алмады.

 

 

 

 

 

 

2-жүргізуші:

 

 Онда адам құқықтары мен бостандықтары, оларды жүзеге асыру қағидалары, мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асыру нысандары, басқару саласындағы демократиялық институттардың қызметі жете көрсетілмеген еді. Осыған орай 1995 жылы Конституция қабылданды. Жаңа   Конституцияның ерекшеліктері заң шығарушы, атқарушы сот билігін белгілеп, олардың құзіретін, өзара іс-қимыл бірлігін заң тұрғысынан айқындап береді. Мемлекеттік лауазымды адамдардың, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол бермейді.

 

 

Баян……………………………

                                                  

 

 

                                                                      1-жүргізуші:

                                

1 қыркүйек – айрықша мәні бар, айтулы Білім күні. Балалар өмірінде кезекті оқу жылы басталды. Ол әсіресе, бірінші сыныпқа баратындар үшін аса маңызды. Осы күні, таңнан бастап қала көшелерінен сәнді киінген, қолдарына гүл шоқтарын ұстаған оқушыларды көрмеу, байқамау мүмкін емес. Осы мереке қарсаңында ел аумағында білім күніне арналған салтанатты линейкалар барлық мектептерде өткізіледі.

 

                                                                                2-жүргізуші:

 

Қазіргі таңда мемлекет балалардың жағдайын жасап, білім сапасын арттыру мақсатында бағдарламаларды жүзеге асыруда. «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында барлық аймақта бірнеше мектеп құрылысы аяқталып, жаңа ордалар болашақ әкімдер мен ұстаздарға, ғалымдар мен ғұламаларға есігін айқара ашып тұр

                                 

                                                                 1-жүргізуші:

 

Аса көрнекті қазақ геологы, ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан Ғылым академиясының ұйымдастырушысы және тұңғыш президенті, академигі Қаныш Сәтбаевтың айтуынша “…1 қыркүйекте не салтанатты шеру, не салюттер болмайды. Бірақ бұл күн ешқандай мерекемен тең келмейтін, білімнің асқар шыңына жетелейтін, қайталанбайтын күн. Бұдан асқан ұлы мереке жоқ”- деп толғаған.

 

                                                             

 

 

 

                                           2-жүргізуші:

 

Олай болса, мұғалім бақыты – шәкірт құрметі.

 

Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты.

“Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.

 

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

 

                                Жүрегі нұр, өмірі гүл ұстаздың,

 

                               Сондықтан да ұстазыңа ұқсағың.

 

                               Адам жанын тәрбиелеп аялар,

 

Құрметті ғой әрбір ісі ұстаздың дей келе келесі шырқалар ән өздеріңізге арналады

 

 

   ӘН…………………………………………….

 

 

1-жүргізуші:

 

Бастайтын болашаққа бақ кемені,

Осы жол халықтың да нақ сенері!

«Халқыма адалмын!» деп Ата Заңға

Елбасы қолын қойып Ант береді.

 

                           2-жүргізуші:

Әр бабы, әр тармағы жойылмайды,

Шектеу де және тегін қойылмайды!

Келісім-шарт жасасқан барлық шет ел

Қазақтың Ата Заңын мойындайды!

 

               

 

 

 

 

1-жүргізуші:

Конституция Қазақстан Республикасын демократиялық мемлекет деп жариялайды. Оның демократиялылығы, ең алдымен, мемлекет ішінде халық басқаруын қамтамасыз етуінен көрінеді. Атазаң 3-бабының 1-тармағында мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық делінген. Бұл конституциялық норма Қазақстанның халықтық мемлекет екендігін білдіреді. Халықты жоғары биліктің иесі ретінде тану халық суверенитетінің көрінісі болып табылады. Халық өз билігін тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді.

 

2-жүргізуші:

 

Халықтың еркін көрініс тапқан бұл құжат өзінің нормалары мен принциптерінің көмегімен ғана емес, бекітілген идеялары арқылы да қоғам мен мемлекетті өркениетті елдердің қатарына жетелейді. Сондықтан, қазіргі кезде басты міндет – жеке тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың және мемлекеттік органдардың Республика Конституциясына деген дәстүрлі құрметін дамыту. Егер біз осы міндетті орындасақ, алдыңғы қатарлы Қазақстан мемлекетінің қалыптасқаны.

Конституция күні жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелейтін осындай жетістіктерімізді еске алу және жоспарларды жұртшылыққа жеткізу әр азаматтың парызы. Өйткені, елдің жеткен биігі – біздің жетістігіміз!

 

30 тамыз — Конституция күнімен құттықтай отырып, мықты денсаулық, бейбіт тұрмыс, тұрақтылық тілейміз!

Береке – бірлігіміз мәңгілік болғай!

1-жүргізуші:

 Нұр шашқан жас ұрпақтың ұғымына,

Тікелей өсер еткен ғұмырына

Айналды Ата Заңым мызғымайтын

Тәуелсіз мемлекеттің тұғырына!

 Ән………..

Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар!

Бүгін барлық мектептерде жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылды, барлық ата-аналарды ұстаздар мен оқушыларды,қонақтарды білім күні мейрамымен Конституциямыздың 17 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз.

  1-жүргізуші:

Және де биылғы оқу жылы ұстаздар мен оқушыларға сәтті болуына тілектеспіз.

 Бүгінгі мейрам күнінде ұстаздар мен ата-аналарға мықты төзім, отбасыларына ырыс пен береке, шығармашылық мол табыс, бірлік пен бейбітшілік, ал балдырғандарға жақсы оқу, сәттілік пен бақыт, асқақ армандар және мықты мектеп достығын тілейміз!   

Бүгінгі мерекелік іс шарамыз осымен аяқталды! Амандықпен жүздесейік! Сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

pi

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.