Абай және асыл сөз
АСТАНА ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі
Айранбаева К.Қ.
Сабақтың тақырыбы: Абай және асыл сөз
Мақсаты: 1. Абайдың қысқаша өмірімен таныстыру. Абайдың шыққан ортасы, тегі туралы айту.
2. Абай туралы жазылған еңбектер жайлы түсінік беру.
3. Абайдан қалған ұрпаққа мұра асыл сөздің мәнін ұқтыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақта қолданылатын «Топтастыру», «Түртіп алу».тәсілдер:
Көрнекілік: Абай портреті, жыл мезгілдері сурет, шығармалары.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру
I қадам. Қызығушылықты ояту.
«Топтастыру» стратегиясы бойынша Абай туралы білетіндерін, естігендерін жинақтау.
Оқуға, білімге шақырған ұлы ақын ертегіні сүйіп тыңдаған Абай данышпан жылдың 4 мезгілі Құнанбай баласы әжесі-Зере анасы-Ұлжан Абай Әбіш, Әбдірахман,
Мағауия Абайға тартып өлең жазған ақын ерте өмірден өткен
II қадам Мағынану тану 1. Баяндау. Абай ортасы, өмірі
жайлы қысқаша.
«Түртіп алу» стратегиясымен хроникалық кесте жасату. Абайдың алғашқы өлеңдер шығармасы.
|
Білемін |
Мен үшін жаңалық |
Әрі қарай білгім келеді |
|
Жасы 13ке толып мұсылманша 3 жыл, орысша 3 ай оқыған.
Өлеңді көп жазған уақыттары 1886ж.,1889-1895ж.ж.
Ел билеу ісіне Құнанбай оқудан шығарып алып араластырған.
Өлеңдерінің көбі ғылымға, өнер-білімге шақыру.
Ескі феодалдық көзқарасқа қарсы.
Надандарға, жалқауларға қарсы күресті.
«Ғылым таппай мақтанба», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Интернатта оқып жүр».
|
Абай араб, парсы, шағатай тілдерінде, орыс әдебиетін көп терең ұғынған.
1864-1855ж.ж. 1858-1859ж.ж. алғашқы өлеңдерін 1864ж. 19 жасында «Әлиф-би» өлеңін жазды.
Абай әуелі досы Көпбай атынан жариялап, 1886ж. бастап өз атымен шығарған.
1885ж. ұлы ақынның алғашқы өлеңі «Дала уәлаяты» газетіне басылды.
Өлеңдер жинағы 1909ж. жарық көрді.
1913ж. С.Торайғыров «Ақынның өмірі» туралы мақала жазды. |
Жас кезіндегі өлеңдері «Кім екен деп келіп ем түйе қуған»
Араб, парсы ақындарына еліктеп жазған өлеңдері «Шамси», «Сайхал», «Жүзі раушан»
Абай және шығыс әдебиеті.
Абай және орыс әдебиеті.
Абай поэзиясының тілі. |
2. Абай өлеңдеріндегі метафоралар. (қай түрі болса да кездеседі )
а) Жай түрі «Сұлу аттың көркі – жал,
Адамзаттың көркі – мал,
Өмір сүрген кісіге
Дәулет – қызық, бала – бал» Абай 1 том 192 бет
ә) Жалғау арқылы Көңілге жұбаныш,
Сен едің базарым. Абай1 том 199 бет
Көзімнің нұрысыз,
Сізсіз жоқ қуаныш. Абай1 том 165 бет
Бір ғылым еді іңкәрім,
Әр қиынға сермедің.
«Сен жаралы жолбарыс ең
Мен киіктің лағы ем » Абай 2 том 85 бет
б) Көмекші етіс арқылы
«Жаңа жылдың басшысы – ол,
Мен ескінің арты едім
Ескеріп істеп ойлаған
Тәуекелге нар едім », Абай 1 том 180 бет
