Қызылорда облысы,
Қармақшы ауданы, Көмекбаев ауылы,
№ 185 орта мектеп, Технология пәні мұғалімі,
Әбілғазықызы Раиса
«Технология» пәні 7 сынып
Күні: 16. 02. 2011ж.
Сабақтың тақырыбы: «Қалтаны өңдеу. 2 – ші өлшем жасау. Өзгерістер енгізу»
Мақсаты:
-
Білімділік : Қалтаны өңдеу, технологиясын түсіндіру
-
Тәрбиелік: Үнемділікке, ұқыптылыққа, талғампаздыққа, іскерлікке, ата – бабымыздың салт – дәстүрін білуге тәрбиелеу.
-
Дамытушылық: Сабаққа қызығушылығын және өздігінен ойлау қабілетін арттыру. Теориялық білімдерін іс жүзінде көрсетуге ықпал ету, практикалық іс — әрекеттерін қалыптастыру.
Пәнаралық байланыс: сурет, сызу, математика.
Сабақ әдісі: түсіндіру, сарамандық, СТО стратегиялары.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ типі: жаңа білімді меңгеру
Қажетті құралдар: мата, ине, жіп, қайшы, түрлі – түсті қағаз
Барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасып, олардың түгел екенін анықтап, еңбек құралдарының түгел екеніне көз жеткізіп, назарларын сабаққа аудару;
II. Үй тапсырмасын бағалау:
Ойын арқылы бүгінгі өтетін тақырыбымызға байланысты суретті ашамыз (қалтаның суреті)
«Кім тапқыр?»
-
Жаға үшін қажет?
-
Жағаның түрлерін ата
-
Жаға неше бөліктен тұрады?
-
Түнгі көйлек қандай матадан жасалады?
-
Эскиз дегеніміз не?
-
Түнгі көйлек тігу үшін қандай өлшемдер пайдаланылады?
III. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақты «Алтын қақпа» ойынын ойнау арқылы өтеміз
-
«Темір қақпаны» ашамыз, яғни сергіту сәті
Қауіпсіздік ережесі
(графикалық диктант)
-
Инені аузыңа сал
-
Инені өз жастықшасына түйреп қою керек
-
Тігін машинасында қисайып отыр
-
Қайшыны арнайы қобдишаға сал
-
Шашты жайып жұмыс істеу керек
-
Жарық артыңнан түсу керек
-
Жұмысты жуылған таза қолмен бастау керек
-
Тамақ жеп отырып жұыс істеу керек
-
Үтікті арнайы термооқшаулағыш тұғырға қою керек
-
Жіпті аузыңмен үз
Өзара бір – бірін тексеру
Жауабы: дұрыс
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 дұрыс емес
-
«Күміс қақпа» Жаңа сабақ:
Қалталар киімнің құрамдас бөліктерінің бірі. Қалталар:
-
-
Жапсырма
-
Жарма
-
Төс
-
Омырау
-
Ішкі
-
Сыртқы
-
Тілме
-
Тілме емес болып бөлінеді.
-
қалпақшалы
Тілме
жапырақшалы
төртбұрышты
жиекті
Тілме
емес
жоспар тігісінде
бүкпелі жерде болады
Жапсырма қалталардың формасы әр түрлі болып келеді, оларды бүктеп қойып, қақпақ және планка салып өңдейді.
Ішкі қалталарды өңір мен астардың жапсар тігісінде және омырау ішіне орналастырады. Қалталардың барлық түрі және өңдеу тәсілі жағынан алуан түрлі болып келеді. Біз бүгін қалталардың ішінде жапсырма қалтамен
танысамыз.
Жапсырма қалтаны өңдеу үшін
-
Таңдаған қалта үлгісін матадан қиып аламыз
-
Кесілген пішім ішке қарай ауыз жағынан 2 см аралықта бүгіледі, ал үш жағынан 0,5 см бүгіледі
-
Тегістеп үтіктейді
Қалтаны түнгі көйлекке орнату үшін:
-
Көйлекке қалта орнын белгілеу
-
Қиып алынған қалтаны алжапқышқа белгіленген жеріне көктеп қою керек немесе ағылшын түйреуішпен екі жерден тігіп аламыз
-
Қол машинасымен бастырып тігіп аламыз
-
Тегістеп үтіктеледі
Қалтаны бисермен, лентамен, шілтермен сәндеуге болады.
Жаңа сабақ бойынша кроссворд шешеміз
Кроссворд
Қ
А
Л
Т
А
-
Тігін құралы (оймақ)
-
Қалтаны матадан немен ойып аламыз? (қайшы)
-
Сыртқы қалтаның бір түрі (тілме)
-
Екі матаны біріктіргенде қолданылатын тігіс түрі (көктеу)
-
Машина тігісінің бір түрі (бастыра)
IV. Қортындылау.
3. «Алтын қақпа», яғни мұнда сабақты қорытындылайтын мақал – мәтел жасырылған ребусты шешеміз.
Алтын қақпаны ашқан оқушыға 5 тік баға
V. Бағалау
Сабақ бойы ең көп фишка жинаған оқушыларға баға қоямыз
VI. Үйге тапсырма.
Қалтаны әрлеу