Без рубрики

Денім сау болсын десең

Наурызбаева С.Х.
Карагандинская область

Г.Сатпаев
КГУ «№2 школа»

Сабақтың тақырыбы: «Денім сау болсын десең…»
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру. 2. Тазалық және жеке бас гигиенасының мәдени дағдыларын қалыптастыру. 3. Балаларымыз сұлу да сымбатты, денсаулығы зор күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен шұғылданудың маңызын түсіндіру. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру. Денесін шыңдау, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз, қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың формасы: жеке, топпен

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Пәнаралық байланыс: әдебиет,валеология, дене шынықтыру.

Көрнекілігі: слайдтар, компьютер.

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

-Сәламатсыздар ма, оқушылар?

ІІ. Психологиялық дайындық.

Армысың, асыл күн!

Армысың, асыл жыр!

Армысың, көк аспан!

Армысың, жан досым!

Жылуыма жылу қос,

Міне, менің қолым

 

ІІІ. Жаңа сабақ

Сабақты бастамас бұрын «Дәрігер мен бала» атты көріністі тамашалайық.

Есік қағылады. Ішке бала кіреді.

Дәрігер:-Қандай себеппен келдің?

Бала:-Басым, көзім ауырады, ұйқым келе береді.

Дәрігер:-Сағат нешеде тұрасың, нешеде ұйықтайсың?

Бала:-Түнгі 2-3-терде ұйықтаймын, 11 -де тұрамын.

Дәрігер:-Асқа тәбетің қалай? Қалай тамақтанасың?

Бала:-Қолыма не түседі, соны жей саламын.

Дәрігер:-Нені ұнатасың?

Бала:-Теледидар көргенді, компьютерде ойнағанды ұнатамын.

Дәрігер:-Оған қанша уақыт бөлесің?

Бала:-Ұйқым келгенше ойнай беремін.

Дәрігер:-Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, бұл бала неліктен ауырады? Себебін айтып, кеңес беріңдер.

Оқушылар: Кеш жатып, кеш тұрғандықтан, ұйқысы қанбайды.

Таза ауада аз жүреді. Компьютерде көп ойнағандықтан көзі ауырады. Жаттығу жасап, спортпен айналысу керек. Бір сөзбен айтқанда, бұл бала күн тәртібін сақтамайды. Денсаулықты сақтау керек.

Мұғалім: Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Денім сау болсын десең…»

Сабағымыздың мақсаты: оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, бағалы байлық екендігін түсіндіру.

Халық даналығында «Денсаулық-зор байлық» деген сөз бар. Ерте заманнан бері ата-бабаларымыз денсаулыққа көп көңіл бөлген. Баланың дені сау, шымыр болу үшін 4-5 жастан бастап атқа мінгізген, садақ тарту, найза шаншу, күрес секілді денені шынықтыратын жаттығулармен жаттықтырған. Осының нәтижесінде бұлшық ет қатайып, бой өсіп, кеуде кеңейіп, күш молаятынын ертеден-ақ білген. Ал қазір мектепте дене шынықтыру сабақтары жүргізіледі. Онда арнаулы мамандар иесі сабақ береді, қабілетін анықтап, қай спортқа талабы барын қадағалап, бағыттап отырады. Спорттың түрлері өте көп. Стол теннисі, шахмат, дойбы, хоккей, бокс, жеңіл атлетика, баскетбол, футбол сияқты түрлері кеңінен тараған. Кейінгі кездері жылдамдықты, тездікті талап ететін спорттың түрлері де пайда болды. Олар: у-шу,дзюдо, айкидо,таэквондо. Сонымен қатар денені шынықтыратын ұлттық ойындар да бар. Олар: «Үлек пен тайлақ», «Бәйге», «Қыз қуу», «Көкпар», «Аударыспақ», «Жамбы ату».

1.Жаңа өздеріңіз көрген слайдтан, менің түсіндіргенімнен кейін қандай қорытындыға келген екенсіздер, соны білу мақсатымен 2 топқа тапсырма беріледі.

І топ Спорт түрлерін және пайдасы жайлы айтып беріңдер.

ІІ топ Ұлттық ойындардың пайдасы жайлы айтыңыздар

Ү. Сергіту сәті

Суда да біз жүземіз,

Тауға да біз шығамыз.

Шынығамыз жүгіріп,

Шынығамыз секіріп,

Шынығамыз адымдап,

Бір мезгіл демаламыз, дамылдап.

2. Халық арасында денсаулықты дәріптейтін мақал-мәтелдер көп тараған. Қай топ денсаулық жайлы мақалды көп біледі екен. І топ мақалды бастаса, ІІ топ жалғасын табу керек.

3. І топ

Мына суреттерден денсаулыққа пайдалы жақтарын және зиянды жақтарын тауып, іріктеу.

ІІ топ Денсаулығы жақсы оқушы, денсаулығы төмен оқушы ерекшеліктерін ажыратып, анықтап беру.

 

 

Менің ойыным

Спорт Қысқы ойын түрлерін ата Қазақтың ұлттық ойындарын ата Қазақстанның бокс чемпиондарын ата
Денсаулық Денсаулық дегенді қалай түсінесің? Денсаулықтың, аяғыңның, тісіңнің қадірін қашан білесің? Тіс дәрігерін кім деп атайды?
Тамақтану «Ас атасы-нан» мақалының мазмұнын ата Шипалы тағамдарды ата Үш арсызды ата
Тазалық Жеке бас гигиенасын ата

«Тазалық-денсаулық кепілі» дегенді қалай түсінесің?

 

Қоршаған орта тазалығын сақтауға қандай үлес қосар едіңіз?

 

ҮІ. Қорытынды

-Балалар денсаулық жайлы біраз мағлұмат біледі екенсіңдер және жаңа сабақты да жақсы меңгергендеріңді тапсырмаларды орындау барысында көрсеттіңдер. Бүгін, біз денсаулық жайлы көп мәселелерді анықтадық. Енді екі топ бір-бірлеріне денсаулыққа байланысты ақ тілектерін білдірсін.

ҮІ. Үйге тапсырма

Егер менің денім сау болсын десем … деген тақырыпта эссе жазып келу, «Денім сау болсын десең …» мәтінін оқып келу.

ҮІІІ. Бағалау

Екі топты салыстырмалы түрде бағалау, мақтау-мадақтау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.