География

Еуразияның географиялық орны

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы
Негізгі білім беретін № 221 мектеп
тарих-география пәні мұғалімі
Байдулла Мөлдір Ерманқызы

Материктер мен мұхиттар  географиясы  7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Еуразияның географиялық орны. Қоныстануы және  зерттелу тарихы.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың  материктер туралы білімдерін жүйелей отырып,Еуразия материгінің басты ерекшеліктерін материктің зерттелу тарихы туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Материктің географиялық орнын ерекшелігін көрсету арқылы білімдерін,картамен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың отанға деген сүйіспеншілік  сезімдерін қалыптастыру.
Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгерту.     Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі:   Салыстыру, картамен жұмыс, әңгімелесу, баяндау.
Пән аралық байланыс: тарих,жаратылыстану,әдебиет
Сабақтың көрнекілігі: Еуразияның физикалық картасы, фота слайдтар, атлас, қосымша мәліметтер.

 Сабақтың барысы:

І-Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру,назарын сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау

 

1.180-200 млн жыл бұрын Оңтүтік жарты шар материктері құрамында болған ежелгі құрлық

А) Пангея

Б)Гондвана

В)Лавразия

Г)Еуразия

 

2.180-200 млн жыл бұрын Солтүстік жарты шар материктері құрамында болған ежелгі құрлық

А)Лавразия

В)Пангея

С)Еуразия

Д)Гондвана

3.Солтүстік жарты шар материктері

А) Еуразия,Африка

Б)Оңтүстік Америка,Еуразия

В) Солтүстік Америка,Еуразия

Г) Еуразия,Аустралия

4.Еуразия мен Солтүстік Американың географиялық орнының басты ұқсастығы

А)Екі материкте ендік бағытта көлемді жерді алып жатыр

Б)Екі материкте солтүстікке қарай күрт сүйірленеді

В)Олардың солтүстікте Арктикадан,оңтүстікте экваторға дейінгі аралықта созылып жатуы

Г) Екі материкте оңтүстік жарты шарда орналасқан

5.Еуразиямен Солтүстік Американың жер бедерінің ұқсас белгілерін тап

А) Екі материктің де аумағының басым бөлігін ежелгі платформаларға сәйкес келетін жазықтар алып жатыр

Б)Гималай-Кордильера таулары ендік бағытта орналасқан

В) Гималай-Кордильера тау жүйелері материктің батысында бойлық бағытта орналасқан

Г) Екі материктің жер бедеріне ұқсас белгілер жоқ

6.Мұз жамылғысының қалыңдығы 3000м-ге дейін жетіп,40градус солтүстік ендік бөлігін қамтыған материк

А)Еуразия

Б) Оңтүстік Америка

В) Африка

Г) Солтүстік Америка

7. Қай құрлықтың негізі бірнеше платформалардың бірігуінен тұрады

А)Солтүстік Америка

Б) Оңтүстік Америка

В) Еуразия

Г)Африка

8.Жер шарындағы құрлықтар үлесінің басым бөлігі қай жарты шарда

А) Батыс жарты шарда

Б) Солтүстік жарты шарда

В) Оңтүстік жарты шарда

Г) Шығыс жарты шарда

9.Ежелгі мұз басулар қай эраның қандай дәуірінде жүрген

А)Кайнозой эрасының Антропогендік дәуірінде

Б) Мезозой эрасының Тирас дәурінде

В) Палезой эрасының Кембрий дәуірінде

Г) Протерозой эрасының Девон дәуірінде

 

10.Ежелгі Лавразия құрлығының құрамында болған материктер:

А) Еуразия, Солтүстік Америка

Б)Оңтүстік Америка ,Еуразия

В)Африка ,Аустралия

Г)Африка,Аустралия,Оңтүстік Америка,Антарктида

 

 

Жер шарының ең биік,ең төмен нүктелері орналасқан

Жаңа сабақты меңгерту:

Екі дүние бөлігіне бөлінген Еуорпа мен Азия

Ең ірі материк,құрлықтың 13 құрайды

Төрт мұхитта шаяды

 

 

 

 

 

 

Дүние жүзіндегі ең биік тау шыңы-Гималай тауындағы Джомолунгма шыңы,оның биіктігі 8848 м

Жер шарындағы теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан жер Арабия түбегінің солтүстік батысындағы Өлі теңізорналасқан Гохор ойысы-403 м

Жер шарындағы ең үлкен түбек-Арабия,оның ауданы 3 млн шары шақырымнан артық.

Солтүстік жарты шардағы суықтық полюсі Солтүстік –Шығыс Сібірдегі -71-С температура Оймянко елді мекенінде тіркелген.

Үндістандағы Тар шөлінде+53 С температура байқалған.

Жер шарындағы жылдық жауын шашын ең көп түсетін ауданы Гималайдың оңтүстік шығысында Черапунджи елді мекені,жылына 12000 мм-ден артық.

Жылдық жауын шашын аз түсетін аймақ Арабия түбегінің оңтүстігі жылдық –жауын шашын 15 мм-ден аз.

Жер шарындағы ең үлкен көл-Каспий теңізі ауданы 390 мың шаршы шақырым

Жер шарындағы ең терең көл —Байкал көлі, тереңдігі 1620 м

Солтүстік жарты шарға тән барлық климат белдеулері мен табиғат зоналары кездеседі.

Еуразия материгі Еуропа мен Азия дүние бөлігінен құралған.Еуропа мен Азия дүние бөлігінің шекарасы (Орал тауларының шығыс етегі,Жайық өзені арқылы Каспий теңізінің солтүстік жағалауы,Кума-Маныч ойысымен Азов,Қара теңіздердіжәне Жерорта теңізімен байланыстыратын бұғаздар арқылы бөлінеді).  Еуразия материгінде біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы орналасқан.Еуразия материгінің дәл ортасын ғарыштағы спутниктің көмегімен есептеп шығарғанда ,қазақ жерінде,ұлы Абайдың Жидебай жайлауында екені анықталды.Еуразия материгінің қақ ортасы екенін анықтайтын пирамида орнатылған.

 Солтүстік  шеткі нүктесі-Челюскин мүйісі (77 с.е,104 ш.б)

Оңтүстік нүктесі-Пиай мүйісі (1с.е,103 ш.б)

Бұл екі нүктенің арасы 8000 км созылып жатыр.Кейбір аралдар солтүстік полюске таяу орналасса,Малайя архипелагының аралдары экватордан солтүстікке қарай 11 градус о.е дейін созылып жатыр.

Батысындағы шеткі нүктесі-Рока мүйісі(38 с.е,9 б.б)

Шығысындағы шеткі нүктесі-Дежнев мүйісі(66 с.е,169 б.б)

Материк батысынан шығысына қарай орасан зор аумаққа созылып жатыр.Екі шеткі нүктесінің арақашықтығы 16000км жуық.Материктің браз жері шығыс жарты шар ауқымынан шығып,батыс жарты шарды қамтиды.

Еуразия материгінің Орталық Азия жеріне аяқ басу көптеген ғалымдар мен жиһанкездердің арманы болды.Осы аймақтарды зерттеген саяхатшылыр П.П.Семенов , М.Пржевальский, Ш.Ш.Уалихановтар болды.

 

Жаңа сабақты меңгергенін тексеру:

Кескін картаға материетің шеткі нүктелерін,материктің басты нысандарын белгілеу.

Жаңа сабақты бекіту:

Д

е

ж

н

е

в

 

с

у

м

а

т

р

а

қ

а

ш

қ

а

р

и

я

 

 

 

г

и

м

а

л

а

й

я

н

ц

з

ы

 

 

к

а

с

п

и

й

а

р

а

б

и

я

 

 

1.Еуразия материгінің шығыстағы шеткі нүктесі

2.Біздің заманымыздың І ғасырында үнділердің ашқан аралы

3.Ш.Уәлиханов қай елге саяхат жасады?

4.Дүние жүзіндегі ең биік тау

5.Орыс саяхатшысы Н.М.Прежвальскиий бастауын тапқан өзен

6.Жер шарындағы ең үлкен көл

7.Жер  шарындағы ең үлкен түбек

 

 Үйге тапсырма: 1.14тақырып.

2.Кескін картамен жұмысты аяқтау

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.