Адам және өсімдіктер мен жануарлар

Изтлеуова Анаргүл Арыстанқызы

Ақтөбе қаласы, №39 қазақ орта мектебі, Бастауыш сынып мұғалімі

Пәні: Дүниетану     Класы: 2

Тақырыбы: Адам және өсімдіктер мен жануарлар

Мақсаты:

Тірі табиғат бөліктері адам, өсімдік, жануарлар туралы айта отырып, олардың адам өміріне келтірер пайдасы жайында мағлұмат беру, топпен жұмыс жасай білуге машықтандыру, өз ойларын жүйелі түрде жинақ жеткізуге дағдыландыру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Ақпараттық технология, топтық жұмыс.

Сабақтың құрал-жабдықтары:

Интерактивті тақта, бағалау парақшалары, үлестірмелі қима қағаздар.

Сабақтың барысы:

  1. Алғашқы ұйымдастыру бөлімі

Класс оқушыларын топқа бөлу:

I топ «Адам»

II топ «Өсімдіктер»

III топ «Жануарлар»

Әр топта 9 оқушыдан бөлінген. Топ басшыларына бағалау парақшалары таратылады.

–         Балалар. Казір бізде дүниетану сабағы.

–         Барлығымыз орнымыздан тұрып, қолымыздан ұстап бір-бірімізге жылуымызды беріп, жылы тілегімізді тілеп, бүгінгі сабағымызды бастайық.

–         Ендеше, тақтадағы суреттерге көз жіберейік (табиғаттың суреті көрсетіледі). Қандай суреттерді көріп отырсыздар? Қазір табиғат туралы өз ойларыңды дәптерге түсіріңдер (5минут уақыт беріледі).

–         Жазғандарың әр топтан екі оқушыға оқыту (топ басшылары бағалап отырады).

–         Балалар, табиғат-адамның ежелденбергі тіршілік етіп, өмір сүріп келген ортасы және мәңгі мекен ете беретін алтын бесігі деуге болады. Осы табиғаттың маңызды бөлігі адам, жануарлар, өсімдіктер. Ал, табиғат екі топқа бөлінеді:

Табиғаттың суреті:

1)    Өлі табиғат: су, ауа, жылу, жарық, қорек

2)    Тірі табиғат: адам, өсімдік, жануар

 

Тірі табиғаттың маңызды бөлшектері. Адамдар тіршілігіне қажетті жағдайларды табиғаттан алады, бұл үшеуінің құрылысында көп ұқсастықтар бар. Әрқайсысының қоректенетін, тыныс алатын, жылуды, жарықты сезінетін мүшелері бар. Әрине, бұл мүшелер әр ағзаға әр түрлі. Дегенмен, олар бірдей қызмет атқаратды. Енді үш топқа парақша таратамын. Сол параққа ойланып өз ойларыңды түсіріңдер. Ой қозғау.

Адам Өсімдік Жануарлар  
Адам-… Өсімдік-… Жануарлар-…  
Адам денесі Өсімдіктер тобы Жануарлар тобы  
Адам өміріне не қажет? Өсімдік мүшелері Рең түрлері  
1.

2.

3.

4.

5.

1.

2.

3.

4.

5.

1.

2.

3.

4.

5.

Ұрпақ-…

Суретін сал.

Ұрпақ-…

Суретін сал.

Ұрпақ-…

Суретін сал.

 

 

 

Парақшаны қарап шығу.

Табиғатқа  адам әрекетінің әсері ерекше. Олар өзінің шаруашылық мақсаты үшін өсімдіктер мен жануарлар әлеміне елеулі өзгерістер жасайды. Егін салады. Ормандар мен тоғайларды кесіп өртейді, ғимараттар салады.

Өсімдігі жоқ жерде жануарларда болмайды. Өсімдіктер басқа тіршілік иелері жануарлар мен адамдарды асыраушы, олардың тіршілігін, өмірін сақтаушы. Олар табиғатқа сән береді. Яғни, өсімдік пен жануарлардың адам баласына берері мол, ал адам оларды керегіне жаратады. Табиғаттың бар қыр-сырын зерттейтін ең маңыздысы – адам.

Үш топқа парашалар тарату.

Парақшаларды қарап шығу, 1-2 оқушыға өз ойын баяндату. Иә, балалар, ендеше бұл үшеуі бір-бірімен тығыз байланысты. Оны мына сызба арқылы білуге болады.

Өсімдіктер –  Адам –  Жануарлар

Адам – Жануарлар –  Өсімдіктер

Жануарлар – Өсімдіктер – Адам

 

Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ, – деп ой қорыту.

 

2-топ. «Өсімдік түрлері»

Өсімдіктер: ағаштар, бұталар, шөптер

 

3-топ. «Өсімдік мүшелері».

 

 

тұқым——   ӨСІМДІК МҮШЕЛЕРІ ——тамыр

 

 

 

Оқулықпен жұмыс:

–         Енді балалар, оқулықтағы мәтінге назар аударайық. 1 оқушыға мәтінді толық оқыту. Содан кейін мәтінді үш бөлікке бөліп, үш топқа тарату. Мәтін мазмұнын әр топ ашады, қалған топ тындап отырады. Оқулықтағы мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындату.

 

Сабақты қорытындылау: Сабақты қорытындылау мақсатында тест жұмысы жүргізіледі. Тест жауабын көршісі тексереді. Тест жауабы, бағалау жүйесі экраннан шығады.

Тест жауабын бағалау:

0 қате-5

1 қате-4

2-3 қате-3

4       қате-2

 

Тест.

1)Тірі табиғатқа не қажет?

А)  Ауа

Ә)  Тас

Б)  Машина

 

2)Бақша шаруашылығынан не алынады?

А)  дәнді дақылдар

Ә)  көкөністер

Б)  жемістер

 

3)Адамдар малды қай кезде шөппен, жеммен азықтандырады?

А)  жазда

Ә)  қыста

Б)  көктемде

 

4)Топырақ арасына жорл салатын қай носеком?

А)  көбелек

Ә)  ара

Б)  жауынқұрты

 

5) Адам басқа тіршілік иелерінен несімен ерекшеленеді?

А)  тыныс алып, қоректенетіндігімен

Ә)  терең ойлайтындығымен, саналығымен

Б)  орманда, далада өмір сүретіндігімен

 

Дұрыс жауаптар:

1-А

2-Ә

3-Ә

4-Б

5-Ә

 

Үйге тапсырма беру.

Оқушылар білімін бағалау (әр топ басшысының парақшалары бойынша жүргізіледі).

Өлең шумақтары арқылы сабақты қорытындылау:

 

Күніміз ашық болсын,

Туніміз тыныш болсын,

Ауамыз таза болсын,

Жан-жануар аман болсын.

Бәріміз аман сау болайық. Сау болыңдар!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше