Аты-жөні. Айтжанова Ақзада Жанабайқызы
Аты-жөні. Айтжанова Ақзада Жанабайқызы
Мекен- жайы: Ақтөбе облысы Шалқар ауданы
Қорғантұз орта мектебі
«Елім менің» шоу – бағдарламасы
Мақсаты: Ана тілінің, туған халқының, кіндік кескен жерінің жалпыазаматтық құндылық ретіндегі мәнін ашу. Ана тілін,өз ұлтын, Отанын сүюге тәрбиелеу
Ана тілінің туған анасындай қасиетті де қастерлі екенін ұғындыру
Ана тілі мен туған ұлтын қастерлеу арқылы өз халқының мәртебесін ұлықтау дағдыларын дамыту.
Ұлтжандылыққа, Отансүйгіштікке тәрбиелеу
Алтын ұяң-Отан қымбат
Құт береке – атаң қымбат
Асқар тауың-әкең қымбат
Мейірімді -анаң қымбат
Туып өскен елің қымбат- деп Қазыбек би айтып кеткендей бүгінгі « Елім менің» шоу – бағдарламасына хош келіпсіздер.
Бүгінгі шоу –бағдарламасын бастамас бұрын 9-11 класс оқушыларынан құралған 2- топ мүшелерімен таныс болыңыздар.
1- топ «Атамекен» Расима, Нұрай, Баянды, Ақбота
2- топ «Жерұйық» Ақниет, Алтай, Ақтан, Думан
Шоу бағдарлама 6- айналым болады.
1- айналым: Туған елімізге саяхат жасау мақсатына экранға тарихи ескерткіштердің суреттері беріледі.
Абылай хан ескерткіші
Кенесары хан ескерткіші
Ханшатыры
Есіл өзенінің жағалауы
2- айналым: 2- бөлімнен тұрады.
1- бөлімде сөздер беріледі , сол сөздердің айтылуы мен жазылуын дұрыс айту керек.
1.мүсінші
2.туысшыл
3.түйіндеме
4.сый- сияпат
5.үскірік
6.сұрыптау
2-бөлімде: тұрақты сөз тіркестерін табу
1. Сабындай бұзылды.
2.Ат жалын тартып мінді.
3.Тіс тырнағымен жабысты
4.Арқасынан аяз өткен адам
5.Сабыр суы сарқылды.
6.Ханға сәлем бермеді.
3- айналым: Қазақтың көнерген сөздерді 2- топ өкілдері бір – біріне жасырылады.
1- топ Уызқағанақ -сүт сақтауға арналған ыдыс
-жаңа туылған қойдың сүтінен жасалған тағам
-құрттың түрі
2- топ Сойтал -кереге жасайтын ағаш
-сауын бие
-4- жастан асқан жылқы малы
Айналымнан кейін теледидардан ән беріледі, сол әнді топ өкілдері тапса, 2- ұпай беріледі. Тапқан әнді топ мүшелері қосыла шырқайды.
4-айналым: Тарихта болған және өзіндік тұлға ретіндегі адамдар, әдеби кейіпкерлер беріледі. Топ басшысы тұлғаларды жасырып, топ мүшелері табу керек.
2- топтың тапсырмасы:
Бекзат Саттарханов
Құманғазы
Асанәлі Әшімов
Абылай хан
Дарвин
Абай
Ж.Үшкемпіров
Айтыс өнері
Төле би
О.Сүлейменов
2- топтың тапсырмалары
Роза бағланова
И.Илин
Д.Нұрпейісова
М.Манеза
Елім- ай
Ньютон
Ы.Алтынсарин
Ә. Өмірзақова
Қажымұқан
М.Әуезов
Айналымнан кейін ән жіберіледі.
5- айналым: Қазіргі Қазақстан тарихы бойынша сұрақтар беріледі Сұрақтар топ мүшелеріне жеке- жеке беріледі.
1.Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы қанша? 15 мың
2. Әлемдегі ең үлкен шатыр ретінде Гиннестер рекордтар кітабына енген қандай ғимарат?
Ханшатыр Ұзындығы – 150 мың м.
3. Әлем бойынша мырыш өндіруден Қазақстан нешінші орында тұр? І –орында
4. Әлем бойынша тереңдігі жағынан төмен жатқан ойпат? Қарақия ойысы -132 м
5. 68 бұғының терісінен жасалып тігілген, әлемдегі ең үлкен тоң қазақтың қай батырына арнап тігілген? Қуандық батыр
6. Әлемде Қазақстан халқының саны нешінші орында тұр? 62- орында
Айналымнан кейін ән жіберіледі.
6- айналым: Топ мүшелеріне әріптер беріледі, сол әріптерден сөз құрау керек.
1- топқа берілетін әріптер: О;А:Т:М:АЫ:Р:Н:
2- топқа берілетін Әріптер: М:Ы:А:О:С:Т:А:Р:
1-топтың тапсырмасы: Отан –Атамекен, отан сөзінің синонимі
Отар-қойдың тобы
Нота –музыкалық символ
Отын- көмір, ағаш нелерге жатады
Рота-әскери бөлім
Омар- адам аты
Атан –түйенің аталығы
Тары-ұлттық тағам
Арам- адалдың антонимі
Тара- шашыңды …..
3- топтың тапсырмасы: Маса- жәндіктің атауы
Марс-планета аты
Сары- түстің түрі
Арыс- өзеннің аты
Мата- көйлек. неден тігіледі
Тама- рудың түрі
Орыс-ұлттың бірі
Тары- ұлттық тағам
Отыр- «түр» сөзінің антонимі
Торы- жылқының түсі
Отаныңа қызмет ет! Қызмет ет Отанға!
Балам саған, осы менің бұйрығым да ,батам да!
Қатардағы солдат болу- жүру емес қатарда,
Қатарды құр көбейткенмен қатарында атанба! -дей отырып бүгінгі «Елім менің» шоу – бағдарламасын аятай келе, 2- топтың «Атамекен» тобы өздерінің алғырлығымен, зеректігімен ұпай сандарымен алға шықты.
Қатысқан 2- топ мүшелеріне Қазақ әдебиетінің авторлары жазған кітаптарын, «елім менің» шоу – бағдарламасынан естелік ретінде тарту етілді.
«Елім менің» шоу- бағдарламасына келіп, тамашалағандарыңызға көп рахмет!
