Шешендік сөздер сөйлеу мәнері (сыныптан тыс іс-шара)

Пірімқұлова Гүлзат
Мақсаты:

1. Білімділік: қазақ билерінің от ауызды, орақ тілді, қара қылды қақ жаратын әділ әрі батыр, әрі ақын, әрі елші, әрі қоғам қайраткері, «сегіз қырлы, бір сырлы» ел азаматы болғанын шешендік сөзін талдай отырып, таныстыру.

2. Дамытушылық: Жаңа сөздерді, жаңа мағынаны игерту, сөздік қорларын молайту.

3.Тәрбиелік: Оқушыларға билердің өмірінен, атқарған қызметінен үлгі ете отырып, «сегіз қырлы, бір сырлы» болуға тәрбиелеу.

Жұмыстың түрі: пікірлесу, пікір алмасу.

Жұмыстың көрнекілігі: Төле, Әйтеке,Қазыбек билердің портреттері, қанатты сөздер, оқулықтар көрмесі.

1. Ақылмен ойлап білген сөз

Бойыңа жұқпас, сырғанар.

Ынталы жүрек сезген сөз

Бар тамырды қуалар.

(Абай)

2. Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік өнер. Халқымыздың даналығының үлгісі шешендік сөздер – ғасырлар бойы халық сынынан екшеліп өткен құнды мұра, асыл қазына.

 

3. психолог ақын

шешен

ғалым

 

ойшыл Би саясаткер

 

Қоғам қайраткері

елші

тәрбиеші

мәмі заңгер

легер

 

 

І тур. «Сахналық көрініс»

ІІ тур. «Шешендік сөздер»

Осы екі тақырып бойынша 6-7- 8 сынып оқушылары аралығында пікірталас, пікір алмасу болады.

Жүргізуші: – Қазақ билері. Би. Билік.

  • Би деп кімді айтады?

  • Би адам қандай болу керек?

  • Қандай қазақ билерін білесіңдер?

(әр сыныптағы оқушылар өз еркімен бірі бидің ақындығы, екіншісі шешендігі, үшіншісі батырлығы, т.б туралы әңгімелеп беруі тиіс.) «Ақын, шешен, заңгер, көсем, батыр, елші, ғұлама, ойшыл, саясаткер»

Жүргізуші: – Шешендік сөздердің алғашқы үлгілерін халық ауыз әдебиеті туындыларынан, ертегі, аңыз – әңгімелерден, өлең – жырлардан, дастандардан ұшыратамыз. Осы сөз өнерінің кең қанат жайып, орнығып дамуында тапқырлық пен шешендіктің тамаша нұсқалары – жыраулар толғаулары, айтыстар мен мақал – мәтелдердің орны ерекше.

Жүргізуші: – Қазір, біздің елімізде бүкіл қауым Отанымыздың тарихын тереңінен оқып, зерттеп білуге зор ықылас қоя бастады. Әсіресе, соңғы егемендік құқығымыз қолға тигеннен кейінгі ғалымдарымыздың құлшыныстары көптеген табыстарға қол жеткізіп келеді. Ауыр азапты қыспақтың салдарынан есеңгіреп, бұрын- соңды өткен өмір жосықтарын, тарихи оқиғаларын, қол бастаған батырларын, мемлекетін, нығайтып оны басқаруға бар күш- қуатын жұсмаған батыл басышыларын, асқан ақыл иесі, бір туар шешен – билерін, ардагер азаматтарын естеріне қайта түсіре бастады. Бүкіл тарихы – бірігу тарихы болған халқымыздың өмірінде кесімді билігі мен, әділ сөзімен асқан беделге бөленген бұл дана билердің өлшеусіз рөл атқарғандығын қазақ халқы айрықша құрмет тұтады.

Жүргізуші: – Үш жүздің билері, атап айтқанда, ұлы жүздің Төле биі, Орта жүздің Қаз дауысты Қазыбек биі, Кіші жүздің Әйтеке билерінің шешендік өнері мен нақыл сөздері жастардың сана – сезімін оятары анық. Сонымен бірге олар қазақ ұлтының Ұлы мұраттары мен ұлылығы, намысы мен ынтымағы үшін, тәуелсіздігін қорғау, тұтастығын сақтау, қорғаныс қабілетін күшейту жолында күш – қуатын, білім-білігін сарқа пайдаланған, ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермеген сол бір заманның жарқырап туған жарық жұлдыздары, мемлекет қайраткерлері ретінде танылады.

Жүргізуші: – Олай блса осы үш жүздің билерінің өмірбаянына қысқаша тоқталып өтелік.

Жүргізуші: – Ұлы жүзден шыққан би – Төле Әлібекұлы. (8 сынып)

Жүргізуші: – Орта жүзден шыққан би – Қазыбек Келдібекұлы (7сынып)

Жүргізуші: – Кіші жүзден шыққан би – Әйтеке Бәйбекұлы (6сынып)

(Осы жерде үш бидің өмірдерегіне пән мұғалімдері тоқталады.)

Жүргізуші: – Анығырақ айтсақ ұлтымыздың даналығы мен тапқырлығын, көрегендігі мен шешендігін, көсемдігі мен көшелілігін,айбындылығы мен айдындылығын алты алашқа паш еткен «билердің биі» болып өткен Үйсін Төле би, айыр тілді Алшын Әйтеке би, Қаздауысты Қазыбек би есімдері қазақ тарихындағы сұңқар үнді, текті тұлғалар. Олай болса, оқушылар, шежіре өрген сырларға үңілсек.

(осы жерде пікірталастың І туры бойынша әр сынып үш биге байланысты сахналық көрініс қояды.)

Жүргізуші: – «Төле тауып айтады», «Қазыбек қазып айтады», «Әйтеке жарып айтады» деген тағылымды сөз осыдан қалса керек. Бұлар мемлекет тағдырына ерекше ықпал еткен. Тұйыққа тірелгенде тұйғындық, қапияда қырғилық танытқан. Батырларша қимылдаған, мұхитша толқыған. Қара сөзді орып айтқан. Жердей сілкінген, күндей күркіреген. Түйіп айтқанда, бұлар – қазақ мемлекетінің келешегі үшін күрескен саңлақ қайраткерлер, дәрежесі биік санаткерлер, ұлттық қаһармандар.

Жүргізуші: – Қазақ қоғамында шешендік өнердің алатын орны зор. Ұрпақ тәрбиесінде, ел басқару жүйесінде, елді сәулелендіру жолында, әрине, халықтың сан ғасырлық тәжірибесінде қорытылып екшелген, жинақталып жүйеленген ақыл-нақыл, өсиет- насихатқа негізделген отты да нақышты, шебер де шешен айтылатын ауызша сөздің тағылымдық – танымдық әрі тәрбиелік мәні айрықша. Олай болса пікір таласымыздың ІІ туры бойынша яғни, өздеріңіз білетін би – шешендердің шешендік сөздерін ортаға салсақ.Енді ортаға 6 –сыныптың оқушыларын шақырсақ. (7,8- сынып оқушылары шығып, шешендік сөздерді айтады.)

Жүргізуші: – Қысқасы, би – шешендер мұрасы – ұлт , замана, мемлекет тағдырын, өмір, тіршілік, тұрмыс құбылыстарын, адамгершілік дүниесін жан – жақты қозғап, әділ таразылайтын, ғаламат тұжырымды, тұрлаулы пікірлер қорытатын, нәзік талдаулар жасайтын, туған халқының ақыл- ой дәрежесін, рухани болмысын танытатын теңдесі жоқ өмір оқулығы болып табылады дей келе бүгінгі пікірталасымызды аяқтаймыз.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше