Астана қаласы
«№56 мектеп-лицейі» ММ мекемесі
«Қағаз қорап дизайні» (ғылыми-зерттеу жұмысы)
Авторы: Жұмақан Асылхан
8 «Б» сынып оқушысы
Жетекшісі: Бекішева Күлзия Есенқызы
№56 мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі
Аннотация
Жұмыстың мақсаты: Сиыр сүтінен жасалатын қазақтың ұлттық тағамы құрт салатын қағаздан жасалған қорап.
Болжамы: Құрттың қасиеті мен пайдасын ескере отырып, болашақта кең қолданысқа түсуді жарнамалауға арналаған қағаз қорап дизайінін ұсыну
.
Зерттеу жаңалығы: Қоғам дамуына байланысты ұлттық тағамның жасөспірімдер арасында кең таралуына ықпал ету;
Жұмыстың нәтижесі: — Сиыр сүтінен жасалған құрт осы уақытқа дейін белгілі бір жүйеде насихатталып, өз деңгейінде қолданысқа түспегенін анықтадым;
-Құрт дүкен сөрелерінде сатылу үшін, оған қағаздан жасалған қораптың үлгісін жасадым.
Қорытынды: Құртты сатып алушыларды қызықтыру үшін , олардың ыдыстары мен қағаз қораптарының сырты көз тартарлықтай және пайдаланушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес безендірілген, құрамы мен қасиеті толық жазылған болуы қажет.
Жұмыстың негізгі мазмұны:
І. Жұмыстың теориялық бөлімі.
Компьютерлік графика
Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы.
Дербес компьютерді пайдаланушылардың қатарында компьютерлік графикамен айналысатындардың саны күн санап артып келеді. Қазіргі кез-келген мекемеде кей уақытта газеттер мен журналдарға жарнамаларға тапсырыс беру немесе жарнамалық парақшалар мен буклеттер басып шығару қажеттілігі туындайды. Олардың кейбіреулері осындай жұмыстарды арнайы дизайнерлік бюролар мен жарнамалық агенттіктерге тапсырса, кейбіреулері қолда бар программалық құралдарын пайдаланып, өз күштерімен жасауға тырысады.
Қазіргі танымал программалардың ешқайсысы компьютерлік графикасыз жұмыс істемейді. Статистикаға сүйенсек, жаппай қолданыста жүрген программаларды жасап шығарушы программистік ұжымның қызметкерлері өз жұмыстарының 90 % уақытын осы графикамен шұғылдануға жұмсайды екен.
Графикалық программаларды кең көлемде қолдану қажеттілігі Интернеттің және бірінші кезекте миллиондаған интернет парақтарын бір «өрмекпен» байланыстырған World Wide Web қызметінің пайда болуынан туындады. Өйткені компьютерлік графикасыз безендірілген web-парақтың бүкіләлемдік желіде басқалардың көзіне түсіп, танымал болуы екіталай.
Қазіргі компьютерлік графика тек көркемдеу мен безендірумен үшін ғана емес, ғылым мен медицинаның барлық саласында, коммерциялық және әкімшілік қызмет орындарында алуан түрлі ақпаратты көрнекі түрде көрсету үшін сызбалар, графиктер, диаграммалар жасау үшін қолданылады.
Конструкторлар автомобильдің немесе ұшақтың жаңа үлгілерін құрастырған кезде олардың соңғы көрінісін алу үшін үшөлшемді графикалық объектілерді қолданады. Архитекторлар монитор экранында болашақ ғимараттың кең көлемді кескінін жасап, оның жер бедерімен қалай жанасатынын алдын-ала болжай алады.
Қазіргі компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша мынадай негізгі салаларға бөлінеді:
Ғылыми графика. Алғашқы компьютерлер тек ғылыми және өндірістік есептерді шығару үшін қолданылды. Есептерден шыққан нәтижелерді дұрыс түсіну үшін оларды графикалық тұрғыда өңдеп, графиктер, мен диаграммалар, сызбалар тұрғызған..
Қазіргі заманғы ғылыми компьютерлік графика әр түрлі есептеу тәжірибелерін жүргізіп, олардың нәтижесін көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік береді.
Іскерлік графика – қандай да бір мекеме жұмысының көрсеткіштерін көрнекі түрде ұсыну үшін қолданылатын компьютерлік графиканың маңызды саласы. Іскерлік графиканың көмегімен жоспар көрсеткіштерін, есеп құжаттарын, статистикалық есептерді және т.б. объектілерді көрнекі түрде ұсынуға болады. Іскерлік графиканың программалық жабдықтары электронды кестелердің құрамында болады.
Контрукторлық графика — инженер-конструкторлардың, архитекторлардың, жаңа техниканы ойлап шығарушы өнертапқыштардың жұмысында қолданылады. Компьютерлік графиканың бұл түрі САПР-дың(систем автоматизации проектирования- жобалауды автоматтандыру жүйесі) міндетті элементі болып табылады. Конструкторлық графика құралдарын пайдалана отырып жазықтықтағы кескіндерді (проекциялар, сызбалар) ғана емес, кеңістіктегі үшөлшемді кескіндерді де жасауға болады.
Суреттеу графикасы (көркем графика) деп компьютер экранында ерікті түрде сурет салу мен сызуды айтады. Суреттеу графикасының пакеттері жалпы мақсатта пайдаланылатын қолданбалы программалық жасақтамалардың қатарына енеді. Суреттеу графикасында қолданылатын қарапайым программалық жабдықтарды графикалық редакторлар деп атайды.
|
Жарнамалық графика – теледидар пайда болғаннан кейін танымал бола бастады. Қазір компьютердің көмегімен жарнамалық роликтер, мультфильмдер, компьютерлік ойындар, видеодәрістер мен видеопрезентациялар жасалады. Оларды жасау үшін қолданылатын графикалық пакеттер осы мақсатта қолданылатын компьютерлердің жады мен жұмыс істеу жылдамдығына үлкен талап қояды. Осы графикалық пакеттердің басты ерекшелігі ретінде олардың шыншыл кескіндер мен «қозғалатын суреттерді» жасау мүмкіндігін айтуға болады. Үшөлшемді объектілерден тұратын суреттерді салу, оларды бұру, жақындату, аластату, деформациялау үлкен көлемде математикалық есептеулерді қажет етеді. Мысалға, объектінің жарықтылық деңгейін сол объектіге түсіп тұрған жарық көзін, оны қоршаған заттардың, олардың көлеңкелерін есепке ала отырып бейнелеу үшін оптиканың заңдарын есепке алатын күрделі есептеулерді жүргізу қажет.
Мен құрт салуға арналған қорапты жасау барысында Corel PHOTO-PAINT X3 жәнеде CorelDRAW X3 осы бағдарламаларының мүмкіндіктерін пайдаландым.
І. Жұмыстың практикалық бөлімі.
Құрт — қазақ халқының сүттен жасалған ұлттық тағам ретінде кеңінен қолданатын тағамының өте көне түрінің бірі. Құртты ежелгі замандарда қалыптасып, дамып, бүгінгі күндерге дейін өз қасиетін жоғалтпай, жақсы сақталған ұлттық тағам ретінде пайдаланып келеміз. Құрт күнделікті өмірде тағамның бір түрі ретінде, немесе басқа тағамдардың дәмін келтіру үшін қолданылатын тағам десек те болады. Бірақ құрт осы уақытқа дейін белгілі бір жүйеде насихатталып, өз деңгейінде қолданысқа түскен жоқ. Сондықтан жарнамалауда құрттың салынған ыдысы да көз тартарлықтай әдемі болуы қажет. Осы мақсатта өзімнің жұмысымды ұсынып отырмын.
Құрт қазақ халқының көне ұлттық сүт тағамдары болғандықтан, қораптың сырытын безендіруде осыны көрсетуге тырыстым. Қорап сыртындағы бейнеленген суреттердің әрқайсысының өзіндік мәні бар. Атап айтсақ, бүркіт — қыран құс
Сиыр- шаруақолды түлік,ол ең алдымен сүтімен, етімен пайдалы. Сондықтан қазақ “Сиырлы бай – сары май”, “Сиырлының үйі айран, сиырсыздың үйі сырдаң” деп бағалайды.
Жайлау — қазақтың
Өсімдік-тіршілік бастауы
Қорап сыртында сонымен қатар сиыр сүтінен жасалынғаны мен құрттың құрамы туралы мәлімет болады. Мысалы:
-
Майлылығы — 2,5 % (3,2%, 6%)
-
Салмағы — 100 грамм
-
Құрамы — қышқыл (тұзды,бал қосылған,қант қосылған, жеміс –жидек қосылған
-
Сақтау мерзімі – 1 жыл
-
Шығарылған уақыты – 18.04.2011ж.
-
Шығарылған жері — «Толқын» сүт өнімдерін өңдеу заводы,
Астана қаласы