Шауменова Дина Әділханқызы
Ақтөбе облысы Шалкар ауданы
Қорғантұз орта мектебі
Санаты І
Сабақтың тақырыбы: Гүлдің құрылысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – өсімдіктің көбею мүшелерінің құрылысын, гүлдің бөлімдерінің құрылысын, қызметін меңгерту және гүлдің өсімдік көбеюінде алатын орнын таныту.
Дамытушылық – оқушылардың өсімдік мүшелері туралы білімін одан әрі жетілдіру.
Тәрбиелік – гүлдің өсімдік тіршілігінде маңызын таныта отырып, аялау, қорғауға тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, гүлдер макеті, суреттер
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақ беру әдісі: баяндау, көрсету
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру
А) «3-уі артық» ойыны
Б) «Мені таны» ойын түрі
В) «жұбыңды тап»
Г) «биологиялық диктант»
3. Жаңа сабақ
А) гүл бөлімдері
ә) күлте жапырақша
Б) тостағанша жапырақша
В)аналық, аталық
4. Бекіту сұрақтары
5. Зертханалық жұмыс
6. Үйге тапсырма

2.Үй тапсырмасын тексеру
Жайқалтса жасыл желек жапырағын,
Ажарланып кетеді- ау атырабым.
Табиғаттың осындай сұлулығын,
Сақтауға барша жанды шақырамын.

Жапырақ қоймасы ғой таза ауаның,
Таза ауа қазынасы жан дауаның.
Ағаш егіп, ұрпаққа мирас етсек,
Алармыз бір Алланың мың сауабын.

Жапыраққа зор мән беріп, қаралық,
Жапырақ тұр Күн нұрынан нәр алып.
Жапырақтан бөлінетін оттегі,
Тазартады ауамызға таралып.
А) «3-уі артық» ойыны
Ойын шарты: Оқушыларға ойын тапсырмалары беріледі. Тапсырмадағы жапыраққа қатысы жоқ ұғымдарды шығарып тастау керек, себебі ол артық саналады.
Хлоропласт Цитоплазма Көмірқышықыл
Ядро Оттегі Жүйкелену
Үш құлақты күрделі Бағаналы жасуша жабын

Хлорофилл Шашақ Сағақ
Қарама-қарсы орналасу Борпылдақ жасуша Вакуоль
Саусақ салалы Жемтамыр Өң жасушасы

Б) «Мені таны»
Ойын шарты: суреттегі жапырақ тақталарының пішіндерінің атын атау керек

В) «Жұбыңды тап»
Суреттеді өз жұптарымен оналастыру.

Г) «Биологиялық диктант»

  1. Жапырақ …………………….. және ……………………. тұрады.
  2. Жапырақтың кеңейген (жалпақ) бөлімі ………………….. , сабаққа бекінетін бөлігі …………………….. деп аталады.
  3. Сағағы болмайтын жапырақтарды ………………………….. деп атайды.
  4. Бір ғана тақтасы бар жапырақты …………… жапырақ дейді.
  5. Өткізгіш шоқтардың жапырақ тақтасында орналасуын ……………………………… дейді.
  6. Жүйкелер жапырақтың ұшына дейін қатарласа созылса оны …………………………………. деп атайды.
  7. Інжугүл мен жолжелкеннің жапырақ жүйкелері жапырақ ұшына жеткенде ……………… тәрізді бір-бірімен түйіседі, сондықтан ол …………. ……………… ……… деп аталады.

Жасырылған сөздер
1. Тақта, сағақ
2. Алақаны, сағағы
3. Сағақсыз
4. Жай жапырақ
5. жүйкелену
6. қатар жүйкелену
7. доға жүйкелену

3.Жаңа сабақ

Дала көркі сан алуан гүлімен,
Құстың көркі сайрайтұғын үнімен.
Табиғаттың тарылпайтын тынысын,
Жердің көркі жарық сәуле Күнімен.

Гүлді көрсек жадырайды жанымыз,
Гүлдерменен салтанатты сәніміз,
Қызыл, сары, көк бар сан алуан,
Сол гүлдерге арналады әніміз!

Гүлдің құрылысы
1. Аталық
2. Күлте
3. Аналық
4. Тостағанша
5. Гүл табаны
6. Гүл сағағы
7. Аталық тозаңқабы
8. Аталық жіпшесі
9. Аналық аузы
10. Аналық мойыны
11. Жатыны

Гүл сағағы – жапырақ сағағына ұқсаған гүлдің жіңішкерген жері. Сағағы арқылы сабаққа бекінеді. Гүл сағағы болмаса отырмалы гүлдер дейді(беде, қашқаргүл)
Гүл табаны(тұғыры) – гүлдің барлық бөлімдері бекінетін гүл сағағының жоғарғы жағындағы кеңейген жері
Тостағанша – көбінесе жасыл түсті, гүлдің сыртында бірікпеген жеке немесе біріккен жапырақшалардан тұрады. Атқаратын қызметіне байланысты әр түрлі өзгеріске ұшырайды. Жемістер мен тұқымдарды желмен тарату үшін(бақбақта) үлпекке айналады. Кейбір өсімдіктерде бір –бірімен тұтасып, жемістің сыртын қорғайды және жануарлар арқылы таралуға бейімделген өсімдіктердің тостағаншалары ұшы иіліп, ілмешекке айналған
Күлте– тостағанша жапырақшалардан кейін орналасады. Күлте түбіндегі жіңішкерген жерде тәтті шірне бөлетін шірнеліктер орналасады. Күлтенің хош иісі, тәтті шірнесі, ашық реңдері гүлді тозаңдандыратын бунақденелілерді еліктіреді
Аталық – гүлдің көбеюге қатысатын бөлімі. Аталық – аталық жіпшесінен және тозаңқаптан тұрады.Аталықтың жіңішкерген жері – жіпшесі. Тозаңқап бір – бірімен байланысқан екі бөліктен құралған. Әр бөлігінде 2 – ден тозаң ұясы бар. Тозаңқапта мыңдаған тозаң түйіршіктері түзіледі, пісіп жетілген тозаңдары сыртқа шашылады
Аналық – гүлдің жеміс түзуге қатысатын негізгі бөлімі. Гүлдің дәл ортасына орналасады. Аналықтың ұшын- ауыз, ортаңғы жіңішкерген жерін мойын, түп жағындағы жуандаған жерін жатын дейді.
1. Аналық аузы
2. мойыны
3. Аналық
4. Жатыны
5. Аталық тозаңқабы
6. Аталық жіпшесі
7. Аталық
Тостағанша жапырақша мен күлте жапырақшаны гүл серігі дейді
Жай гүлсерікте тек тостағанша болып, күлте жапырақшалары болмайды(қалақай, қызылша, қымыздық, еменнің аталық гүлдері қарағаш гүлдері). Немесе керісінше, күлте жапырақшалары ғана болады(қызғалдақ, лалагүл, інжугүл)
Қос гүлсерікті гүлде тостағанша да, күлте де болады (алма, өрік, шие ағаштарының гүлдері)
Гүл жазықтығына бірнеше сызық жүргізгенде теңдей бөлікке бөлінсе – дұрысгүл деп аталады.
Гүл бөліміне бір ғана сызық жүргізуге болса, бірнеше сызықпен теңдей бөлінбесе – бұрысгүл деп аталады.
4. Бекіту тапсырмасы
І. Берілген сипаттамалар гүлдің қай бөлігіне тән екенін гүл бөлігінің бас әріпін қойып белгілеңдер:
( ГС-гүлсағақ, ГТ- гүлтабан, Т – тостағанша,
К – күлте, А – аталық, Ж – аналық
1. Жапырақ сағағына ұқсаған гүлдің жіңішкерген жері – ГС
2. Гүлдің барлық бөлімдері бекінетін гүл сағағының жоғарғы жағындағы кеңейген жері – ГТ
3. Хош иісі, тәтті шірнесі, ашық реңдері бунақденелілерді еліктіреді -К
4. Гүлдің жеміс түзуге қатысатын негізгі бөлімі гүлдің дәл ортасына орналасады – Ж
5. Тозаңқапта мыңдаған тозаң түйіршіктері түзіледі, пісіп жетілген тозаңдары сыртқа шашылады – А
5.Зертханалық жұмыс
№ 12 – зертханалық жұмыс
Гүл құрылысын талдау.
Көрнекілігі: қатты қағаздан ойылған жеке бөліктер
Орындалатын тапсырмалар:
1. Нағыз гүлден немесе гүл бөліктерінің қатты қағаздан жеке-жеке қиылған жапсырма көрнекі құралдан гүл бөлімдерін табу, пішініне, санына, реңдеріне көңіл аудару.
2. Гүл бөліктеріне қарап жай немесе қос гүлсерікті екендігін анықтап ажырату.
3. Аталық пен аналықтың құрылысына көңіл бөлу, кітаптағы суретпен салыстыру.
6. Үй тапсырмасы:
§ 22. Гүлдің құрылысы
Гүл бөлімдерінің суретін салу
ІІ. Суретте қызылшаның гүлдері бейнеленген. Әрқайсысының жынысын, гүлсеріктерін анықтап талдаңдар.

  1. қатар жүйкелену

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше