Өзін-өзі тану

Алматы облысы
Талдықорған қаласы
Ш.Уәлиханов атындағы №10
орта мектеп-гимназиясының
педагог-психологы , өзін-өзі
тану пәнінің мұғалімі
Ыдырысова Арайлым Қайдарқызы.

Сабақтың тақырыбы: «Мен және менің отбасым».

Сабақтың мақсаты: Отбасы сыйластығы, татулығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: — Отбасы беріктігінің негізі туралы түсіндіру.
— Бауырмалдық, кешірімділік, өзара түсіністік қасиеттері туралы дағдыларын дамыту.
— Жақындыққа,жақын адамға жақсылық жасауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: жанұя көріністерін сипаттайтын түрлі-түсті
Картиналар

І.Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушымен сәлемдесу, көңіл-күйін білу, сабаққа даярлау.
2. Сабақ барысында оқушының мінез-құлқы мен іс-әрекетіне бақылау жүргізу.
ІІ. Үй тапсырмасын қайталау.
ІІІ. Негізгі бөлім
Шаттық шеңбері: Жанұя фотосы туралы өз жақын адамдарымен таныстыру.

Әңгімелесу: Жанұя деген қандай ұғымды білдіреді ?
Жақын жандар, олармен күнделікті қарым-қатынас.
Отбасы деген қандай ұғымды білдіреді?
Сенің жанұядағы орның қандай?

Мәтінмен жұмыс. «Отбасы татулығы». Аңызды абзацпен оқу, талдау.
Дәптермен жұмыс: «Менің отбасым қандай»? Өздік жұмысы.
Дәйек сөз: «Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда ғана берік отбасы болады».
Шығармашылық жұмыс: «Отбасы мені неге үйретеді?» өз түсінігін жазу.
Ойын жаттығуы: Бір-бірімізге қарап өзіміздің жанұямыз жайлы жылы пікір айту.
Қорытынды: «Отбасындағы ең жақын адамым» өздік жұмысы
Үйге тапсырма Методикалық сауалнама

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше