Құрметте алдыменен ата-анаңды!
Қызылорда обылысы,Қазалы ауданы , Әйтеке би кентіндегі
№266 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі
Жаметова Ақнұр Абайқызы
Тақырыбы : «Құрметте алдыменен ата-анаңды!»
Тәрбие сағатының мақсаты: а) Бала бойына осы тәрбие сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату.Ата –анасын құрмет тұтып,адал да парасатты ұл мен қыздары болуға тәрбиелеу. Ата –ана берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге уағыздау.
Тәрбие сағатының түрі: дөңгелек үстел
Тәрбие сағатының барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
2. Слайдтар арқылы түсініктеме беру және тақырыптың барысында кіріспе сөз сөйлеу,мақсатын түсіндіру.
Балалар ата-ана алдындағы әдептілік –баланың бармақтай кезінен бойына дарыған қасиет болуға тиіс. Ата-ананы сыйлау-елді сыйлау.Ата -әжесін құрметтеу-өмірді құрметтеу.
-Біздің ең жақын тұтатын адамымыз кім?
-Қызығыңды да бұзығыңды да көтеретін кім?
-Үнемі жаныңда періштедей қорғаштап,демеу беретін кім?
Ендеше бүгінгі «Құрметте алдыменен ата-анаңды» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.Бүгінгі тәрбие сағатымыз ата-ананы қалай сыйлау,құрметтеу керек сол жайлы мағлұмат аласыңдар.
Әке-шешенің бала алдындағы борышын санасақ сан жетпейді.
Қабуснама кітабынан:
Ей перзентім,ата-ананы құрметтеудің қажет екенін ақыл-ой парасат тұрғысынан байқап білгейсің.Өйткені әрбір перзенттің тегі ата-ана ғой.Кімде кім ата-ананың жақсылығын білмесе,басқа біреудің жақсылығын да бағаламайды.Егер сен өзгелерде мені құрметтесін,сыйласын десең алдыменен ата-анаңды сыйла!
Әке де сол сияқты баласының азық тауып тәрбиелеу үшін ,оймен де денемен де қиыншылықтардан бет бұрмаған.
Міне ата-ананы құрметтеуіміз қажет екенін ақыл-ой парасат тұрғысынан байқасақ,әрбір баланың тегі ата-ана.не үшін ата-анама құрмет жасаймын деген сөзді ойыңа алма.Олар сен үшін өзін өлімге де қиятыны белгілі.
Әке-шешенің осындай жақсылықтарына ие болған бір бала оларға шүкір етпесе,жақсылығын білмесе,басқа біреудің жақсылығын байқамайды.
Құрметте алдыменен ата-анаңды
Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.
Бар жақсылық балаға бұл ғаламда
Мейірімінен ананың жасалады.
О, Ата-анам!
Таянышым,тірегім!
Бар бақытты бір басыңа тіледім
Бізді жақсы болсын деп қашанда
Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.
Оқушылар ізденісі:
1-оқушы:
«Ислам» газетінің №10 нөмірінен оқығаным.
Алла –тағала былай бұйырады. «Күнәлардың ішінде бір күнә бар,Менің жанымдағы ең үлкен және ауыр күнә,ол әке-шешесі баласын шақырған кезде әміріне мойынсынбай,келмеуі.
Ата-анасы баласы шақырған кезде қандай жұмыспен айналыссаң да , олардың әміріне жүгіну керек.Ата-анаң саған ашуланып айқайласа да ,сен оларға ешнәрсе айтпа.Әке –шешеңнің дұғасын ,рахметі мен батасын алғың келсе,саған берген міндеттерін жылдам және жақсылап істеуге тырыс.Сенің бұл ісің олардың көңілінен шықпай,саған теріс дұға етулерінен қорық..Ата-анаң сырқат болса ,олармен бірге болып,жәрдем ет.Олардың тірі кезінде қадірін біл деп жазылыпты.
2-оқушы:
«Нұр» газетінде былай жазылған.Пайғамбарымыз өзінің бір хадис шарифінде:
«Жәннат»-аналардың аяғының астында деп бұйырған.Бала жеміске,ата-ана жеміс ағашына ұқсайды.Жеміс ағашын жақсы күтсең жемісі де тәтті,дәмді жақсы болады.Сол сияқты ата-анаға деген ізет,құрметіңді аямасаң,саған деген олардың ізгі тілегі қабыл болғаны»деген екен 11 ғасырда өмір сүрген «Қабуснама» кітабының авторы Кейқауыс.
3-оқушы:
«Нұр» газетінен оқығаным: Алла –тағала «Исла»сүресінің 22-аятында былай деп бұйырған.Алла өзіне ғана ғибадат етулеріңді,ата-анаға жақсылық қылуларыңды әмір етті.Ал егер де ол екеуінің бір немесе екеуі де кәрілікке жетсе «Уф» деме,яғни кейіс келтірме,сондай ақ- ол екеуіне зекіме де,екеуіне де сыпайы сөз сөйлеп кішірейіп,мархабат құшағын жай да: иә Аллам,ол екеуі мені кішкентайдан тәрбиелегендей сен де оларды мархабатыңа бөлей көр деп айт.
Ендігі кезекте ата-ана туралы дана сөздерді жеткізуші ұрпақтарға
құлақ түрсек.
1-оқушы:
Ұл-қыз ,ата-ансын ,үлкендерді қуанышқа бөлеп,бақытқа кенелтсем десе,алдымен әдепті болулары керек.Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса,ата-ананың ұл-қызы болып өседі.
2-оқушы:
Адам жеміске,ата-ана жеміс ағашына ұқсайды.Жеміс ағашын жақсы қарап күткендей,ата-анаңды аялап бақсаң, армандарың орындалады.
3-оқушы:
Әдепті,адал ұл-қыздарың міндеті ата-аналарының тірісінде көрсеткендей қызметімен бітпейді. Ата-аналарын олар дүниеден қайтқанда да жиі есіне алады.
4-оқушы:
Ата-ананы сыйлау –сәби шағында олар өзіңді қалай бағып қақаса ,қартайғанда оларды да солай алақанға салып ,аялап күту керек.
5-оқушы:
Ата-ананың көңілін еш ренжітуші болма,олардың жүрегіне қайғы түсіруші болма.
6-оқушы:
Ата-анасын ұмытқан бала опасыздың опасызы, рахымсыздың рахымсызы.
Түн ұйқысын төрт бөлген ,түнде бесік таянып,түнде шошып оянған ананың ақ мейірімін ,ерекше бағаламасаңдар ол-қорлық.
Кейбір тәрбиесіз,арсыз балалар ата-анасына қарсы сөйлеп,тыңдамай жатады.Ондай қылықтардан аулақ болып ,ата-ана әке апа,қарындас-туыстарыңды сыйлап жүріңдер.Әке-тірегің,қамқоршың,асқар тауың,Ана-жарық дүниеге әкелуші.
Бала тәрбиесі бесіктен дейді қазақ.Әрбір ата-ана баласына қазақтың ырым-тыйым сөздерін айта отырып тәрбиелейді.
Даналық сөздер
-Ана өз баласын жанымен де ,қанымен де сүйеді Б. Белинский
-Ата-ана қадірін білмеген-халық қадірін біле алмас.Халық қадірін білмеген-ата-ана қадірін біле алмас. Ғ.Мұстафин
-Ата-ана тәрбиесінің даналығы болмаған жерде ана мен әкенің балаларға деген сүйіспеншілігінің өзі оларды жарымжан етеді.
А.Сухомлинский
-Атасынан ақыл алса,тентек ұл да жөнделер
Бала тәрбиесі –бесіктен дейді қазақ. Әрбір ата-ана өз баласына қазақтың ырым-тыйым сөздерін айта отырып тәрбиелейді. Ендеше біздің оқушыларымыздың ата-аналарынан естіген ырым-тыйым сөздеріне құлақ түрсек.
1-оқушы:
Ата-анаңды ренжітпе
Түнде суға барма
Таңдайыңды қақпа
Кісіге қарап кісінеме
Дастарханға қарап жөтелме
Үлкеннің сөзін бөлме
Нанды баспа
Табаныңды тартпа
Қолыңды төбеңе қойма
2-оқушы:
-Ошаққа су құйма,
Бас киімен ойнама,
Бос бесікті тербетпе
Малды теппе
Бүйіріңді таянба
Кешқұрым ұйықтама
Айға қолыңды шошайтпа
Үйге жүгіріп кірме
Біреудің иығын баспа.
«Жалғастыр» ойыны.
«Не істеуге болмайды?» деген сөзді үлкен етіп жазу.Мұғалім бастайды, оқушы ойланып, ары қарай жалғастырып айтады. Мысалы,
Үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды.
Кішкене баланы жылатуға болмайды.
Құстарды атуға болмайды.
Қыз баланы ренжітуге болмайды.
Сабаққа кешігуге болмайды.
Сыныпта айқайлауға болмайды.
Мұғалім адамгершілік,сыпайылық туралы сұрақтар қояды.
Мұғалім: Оқушылар,.бүгінгі тәрбие сағатымызда ата-ананы қалай сыйлау,құрметтеу керек сол жайлы мағлұмат алдық. Балалар ата-ана алдындағы әдептілік –баланың бармақтай кезінен бойына дарыған қасиет болуға тиіс. Ата-ананы сыйлау-елді сыйлау.Ата -әжесін құрметтеу-өмірді құрметтеу.

тамаша жазылған