«Тілім менің тірлігімнің айғағы» (танымдық кеш)

Қызылорда обылысы,Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі
№266 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі
Жаметова Ақнұр Абайқызы

Тақырыбы: «Тілім менің тірлігімнің айғағы» (танымдық кеш)
Мақсаты: Оқушыларды қазақ елін,қазақ тілін қастерлеуге,ой-өрісін кеңейтуге,шешендік өнердің қыр-сырын ұғына білуге тәрбиелеу.Оқушыларға тілдің қоғам өміріндегі маңызы туралы түсіндіре отырып,мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге баулу


1-жүргізуші:

Армысыздар,қымбатты ұстаздар,құрметті оқушылар!

Баршаңызды бүгінгі 22-қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесімен құттықтаймын!

2-жүргізуші:

Мемлекеттік тіл қазақ тілі ұлтымыздың ұлт болып сақталуын,дамуының алтын тірегі мен халықтық белгінің басты шарты екені белгілі.Қазақстан Республикасының Конституциясы Ата Заңымызда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп айқын көрсетілген.

1-жүргізуші:

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев төл тіліміз туралы «Дауға салса алмастай қиған,сезімге салса қырандай қалқыған,ойға салса қорғасындай балқыған,өмірдің кез-келген орайында әрі қару болған,әрі байырғы әрі мәңгі жас,отты да ойнақы ана тіліміз»деп елжандылық танытады.Бәріміз осы ұлағатты сөзді жадымызда түйіп,мемлекеттік тіліміздің қорғаушысы,өзге тілдердің қолдаушысы болуды ұмытпайық.

2-жүргізуші:

Қазақ халқы тіл өнеріне,шешендікке зор мән берген.Атақты билер мен шешендер,ақындар мен жыраулар дау шешіп,айтысқанда ұйқастыра өлеңдетіп сөйлеген.

Ендеше ақын қыздарымызбен ұлдарымызды ортаға шақырайық.

4 «А» сынып оқушысы: Г.Әзетқызы

                  Тілім менің

Туған тілім,көзіңде көп жасым бар

Көкірегіңе көмген қайғы ғасырлар

Жетпей арман тілегіне ғұмыры

Жер қойнына кетті талай асылдар

Өмір солай қыс артынан жаз өтер

Қарт жығылса орнына оның жас келер

Туған тілдің туын биік көтерген

Тым ертерек кетпесінші асылдар

 

4 «Б» сынып оқушысы   Ф.Тілеуберген

                  Туған тіліме

Менің елім алып ел,

Бар ғой онда бәрі дер

Өзен де бар көлде бар

Теңіз де бар,шөлде бар

Өз елім,өз тілім бар

Алып елді танып ал.

Ақыл ойын дананың

Ана тілден аламын

Ана тілім ардақты

Ақ сүтіндей ананың

Ана тілім анам сынды аяулым

Сенсіз жерде көш соңында қаламын

Сенсіз жерде күнім сондай қараңғы

Сенсіз қалсам құруға да даярмын.

 

4 «В» сынып оқушысы:Ж.Сәдір

                        Ана тілім

Ана тілі –біздің туған анамыз

Анамыздай сыйлап қағып бағамыз

Ана тілін бағаласақ қалай біз

Өзіміздің сондай болмақ бағамыз

Ана тілін кім аялай білмесе

Анасынан безген ұл деп қараңыз

 

Хор:Ана тілін сүйеміз

3-сынып оқушыларының монтаждарына кезек берейік.

Т.Жаңбырбайқызы

Туған тілім-бабам тілі өз тілім!

Туған тілім-анам тілі өз тілім!

Туған тілім-далам тілі өз тілім!

Туған тілім-данам тілі өз тілім!

Н.Дүзелбай:

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

 

М.Батырбеков:

Туған тілім тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім менде бірге өсемін,

Өшсе тілім менде бірге өшемін.

Қорытындылау:

Бүгінгі айта берсек тіл құдіреті өте күшті.Тіл киелі,қасиетті дейміз.Сондықтан ана тілімізді қадірлеп,сүюміз керек.«Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты кешімізде өз мәресіне келіп жеткен сияқты.Бүгінгі кешке өз жанынан өлең шығарып,тіл байлығын,шешендігін ортаға салған оқушыларға алғыс  айта отырып,  кешімізді жабық деп жариялаймыз.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше