Сиқырлы гүлдің үш тілегі!

Ақтөбе қаласы
№30 «Ұрпақ» МДҰ тәрбиеші
Танашева Сәуле Аманжоловна

Залдың іші мерекеге сай әдемі безендірілген.Төргі қабырғаға шардан гүл өрнектелген.Сол гүлдің жоғарғы жағында «Сиқырлы гүлдің үш тілегі!» деген көзтартарлық жазулар жазылған.Залдың ортасында гүлдер әлемі орналасқан. Сол гүлдер әлемінде қызғалдақ,раушан,бәйшешек гүлдері бар.

Көңілді музыка ырғағымен қыздар залға кіріп «Гүлдер»биін орындайды.

 

 

Би: ! «Гүлдер»

(Қыздар билеп болған соң гүлдердің артына тығылып қалады.)

Тәрбиеші ұлдармен залға кіріп,жарты шеңбер бойымен тұрады.

 

Жүргізуші:Құрметті ең аяулы аналар мен әжелер,ару қыздар осы ұйымның ұлағатты ұстаздары! Көктемнің алғашқы жаршысы 8- наурыз аналар мерекесі құтты болсын! Көгершін топ балаларының дайындаған «Сиқырлы гүлдің үш тілегі»ертеңгілікке қош келдіңіздер!

 

Жүргізуші: Балалар,біздің қыздарымыз қайда?

(Сиқыршы қыз гүлдің ортасынан шығады)

 

Сиқыршы: Саламатсыз ба,қонақтар! Қош келіпсіздер!

 

-Ал, келіңдер келіңдер

Гүл әлемін көріңдер

Гүлдердің сиқыршысы мен

Саудаласып көріңдер

 

Жүргізуші: -Гүл әлемнің сиқыршысы біз қыздарымызды таба алмай жүрміз,мүмкін сіз білерсіз біздің қыздарымыздың қайда екенін?

 

Армысыңдар балдырғандар?

Гүл әлеміндегі қонақтар

Сиқырымды көрсетемін

Гүлдерді ашып көз тартар

 

 

Қызғалдақ гүлдің тілегін

Орындай алсаң ашылар

Сал ортаға өнерді

Гүл бақтағы қонақтар!

 

Би: «Қуыршақтар»

 

Сиқыршы:- Жарайсыңдар, сиқырлы таяғымен қызғалдақ гүлін ашайын

Ал,раушан гүлдің тілегі

16 қыз өлеңі

Орындаса осы әнді

Көгершін топ ұлдары

 

Ән: «Он алты қыз»

 

Сиқыршы: -Жарайсыңдар, раушан гүлі ашылсын

Сиқыршы:- Ал,енді бәйшешек гүлін ашайық,ол үшін бәйшешектің тілегін тыңдайық.

 

Бәйшешектен білеміз

Көктем келіп қалғанын

Сұлулықтан білеміз

Жігіттің сұлтан болғанын

 

Ойын: «Кім сұлу»

 

Би: «Гүл сыйлаймын өзіңе»

 

Райымгүл: Бала,бала,бала деп-

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған

Қолын қатты тигізбей

Кірлі көйлек кигізбей

Иісін жұпар аңқытқан

Бұл кім ?

 

Балалар:Ана! Ана! Ана!

 

Ескендір:Достықты біз ойлаймыз

Бірге күліп ойнаймыз

Қыздарды да құттықтап

Мерекесін тойлаймыз

 

Жорик: Бізді өсірген анашым

Еңбегіңде зор екен

Құтты болсын анашым

Құтты болсын мерекең

 

Аяжан: Сіздерден өскен балалар

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті аналар!

 

Ән: «Туған күніңмен»

 

Ойын: «Анаңа көмектес»

 

Сайқымазақ: -Мен де келдім, мен де келдім Ха- ха- ха

Ең сұлу, ең әдемі,ең мейрімді

 

Жүргізуші: (сайқымазақты тоқтатады)

-Сайқымазақ,саған кішкене болсада тәртіпті болу керек.

Қарашы қаншама қонақтар келген,ал сен болсаң амандасуды ұмытып кеттің,

Келе сала билей кеттің Ай- ай -ай ұялмасың ба?

 

Сайқымазақ: Онда мен жылдам ғана амандасып жіберейін

(Қонақтардың, балалардың жеке жеке қолдарымен, аяғымен амандаса

жөнелді)

Жүргізуші:- Сен не, келген қонақтардың барлығының қолын алып амандасасың ба?

 

Сайқымазақ:- Жоқ бәрімен емес,мысалға мына баланың қолымен,ал мына баланың аяғымен,ал мына баланың құлағымен амандасамын.

 

Жүргізуші:- Ой сайқымазақ бері кел, қазір мен саған қонақтармен,балалармен қалай амандасу керек екенін үйретейін. Қане, қайта: «Саламатсыздар ма, қонақтар,балалар!»

 

Сайқымазақ:- Қане, қайтала: «Саламатсыздар ма,қонақтар, балалар! »

 

Жүргізуші: -Қане, қайтала дегенді қайталама, жай ғана «Саламатсыздар ма, қонақтар,балалар!»де,түсіндің бе?

 

Сайқымазақ:- Қане,қайтала дегенді қайталама, жай ғана «Саламатсыздар ма, қонақтар, балалар!» де,түсіндің бе?

 

Жүргізуші: -Сайқымазақ мен саған айтамын!

 

Сайқымазақ: -Мен саған айтамын! Қонақтарға айтады

 

Жүргізуші: Сен не түсінбедің бе? Оған емес, саған

 

Сайқымазақ: Сен не түсінбедің бе? Оған емес, саған( Қонақтарға айтады)

 

Жүргізуші:- Жоқ, қане бірге амандасайық

 

Екеуі бірге:- Саламатсыздар ма, қонақтар!

 

Сайқымазақ:

Көтерілсін көңіл күй

Сайқымазақ бастасын

Жарқын күлкі болсыншы

Таусылмайтын ешқашан

 

Құрметті,аналар менің қолымдағы, жай ғана сандықша емес сиқырлы сандықша мұнда әр түрлі,түсті дөңгелектер бар,оларда сандар жазылған. Сіз қалағанын аласыз, сіздің тілектеріңіз орындалады.

Сіздердің алдарыңызда менің күшіктерім. « Гаф- ля- ля» тобы

Қарсы алыңыздар! Дөңгелекшелердің санын сіздерге айтып береді.

( Қорапшадан дөңгелекшелерді алып санап береді.)

 

Ойын: «Көңілді жіптер»

 

Сайқымазақ: Ал, қанекей отырмайық

Көтерілсін көңіл күй

Әжелердің тілегін

Орындалсын кәнекей

 

Жүргізуші: Бұл кішкене шарда әжелер тілегі орындалады.

 

Арай: Ананы біз сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әжемізді ардақтап

Әдеппен бас иеміз

 

Жанель:Әжем менің әлі де

Ұқсамайды кәріге

Шай қайнатып береді

Біздің үйдің бәріне

 

Аружан:Ақ әжемді әрқашан

Сыйлап жақсы көремін

Қуантайын деп оны

Өлең айтып береміз

 

Ән: «Әжемнің шайы»

 

Ойын: «Әжеге жіпті жинауға көмектес»

 

Сайқымазақ: Зерігіп біз қалмайық

Кішкентай шарды алайық

 

Жүргізуші:Аяулы аналар сіздерге деген балаларыңыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар!

 

Сабина:Ақ жүректен сақтаған

Жарқын күлкің бақ маған

Ақ батіңнен сүйейін

Келші, келші ақ мамам

 

Айнұр:Жүзімізге қараңыз

Бал күлкілі баламыз

Бізге қымбат күншуақ

Бізге қымбат анамыз

 

Ернұр:Өскенде мен ал енді

Аралаймын әлемді

Сыйлық әкеп анама

Таңқалдырам бар елді.

 

Жүргізуші: Балалар, сендерді мамаларың қалай еркелетеді?

 

Балалар: Құлыншағым,аппағым, тентегім

 

Жүргізуші: Балалар,сендердің мамаларың қандай?

 

Ойын: «Менің анам қандай?»

 

Ойын: «Қыз болу қиын ба?»

 

Сайқымазақ:Сыйлар сізді еліңіз

Сізге жыр да,тілек те

Шыңға өрлей беріңіз

Жылу сеуіп жүрекке- деп келесі кішкене шарды алыңыз

 

Жүргізуші:Ән әуені көгімізде самғайды

Көңілдерді қуанышқа жалғайды

Ән мен бірге мен ұшам аспанда

Қос қанатым мәңгі бақи талмайды деп,- әсел қыздарың ән шырқайды.

 

Ән- би: «Балалығым балғын шағым»

 

Сайқымазақ:Жасыл қөктем күні көп

Келдің бе күлімдеп деп, келесі шарды алайық

 

Жүргізуші:Көрсетемін күнді енді

Жарық етіп түндерді

Өсіріп мен сыйлаймын

Жұрт көрмеген гүлдерді.

 

(Балалар аналарына сыйлықтар табыс етеді)

 

Ән: «Ақ мамам»

 

Жүргізуші:Адамзаттың нұр құйған санасын

Мейірімін сезінесің табасың мән

Сәлем барша әлемнің анасына деп,- бүгінгі 8- наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған «Сиқырлы гүлдің үш тілегі» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше