Сақтар. Ғұндар. Ойын
Қазақстан тарихы. 6 сынып.
Убаев Бейбіт Ибатұлы.
Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы
Егіндібұлақ жалпы білім беретін орта мектебі
І санатты тарих пәні мұғалімі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі- Оқушылардың алған білімдерін толықтыру,өткен сабақтарды пысықтау ретінде қосымша деректер арқылы сақ,үйсін,ғұн тақырыбы бойынша қайталау.
Дамытушылығы- Оқушының ой-өрісін, ойлау, сөйлеу қабілетін ашатын сұрақтар қою және сұрақ-жауап әдісі бойынша сабақтың тақырыбына сай білімін толықтыру.
Тәрбиелігі- Ежелгі тайпалардың тарихын, шаруашылығын, мәдениеті мен білімін пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі:Білім-білік дағдыларын қалыптастыратын аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Білімді жинақтау, қорыту.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, тірек сызбалар, ребус, буклет, сөзжұмбақ, мөлдір журнал.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
А/ Оқушылардың оқу құралдарын тексеру.
Ә/ Сынып тазалығына көңіл бөлу.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Үйсіндердің қыстыгүні қанща тұрғын жайы болды?
2. Үйсіндердің ыдыс-аяқтары неден жасалды?
3. Тастан қандай еңбек құралдар жасалды?
3. Жаңа сабақ .
Жаңа сабақ ты бастар алдында мен сыныпты үш топқа бөлемін.
1-топ: Сақтар.
2-топ: Ғұндар.
Жоспары:
1 Ауызша дөңгелек үстел. Әр топ өзінің атын қорғайды.
2. «Алғыр оқушы» ойыны. Әр топ бір-біріне 5 сұрақтан қояды.
3. Кім айтқан? Тарихшылардың айтқан ойлары.
4. Сергіту кезеңі. Ребустар шешу.
5. Сәйкестігін тап.
6. Сөзжұмбақ .
7. «Жұлдызды сәт ойыны»
-
Ауызша дөңгелек үстел. Бұл тапсырманы екі топта орындайды. Мұнда негізінен әр топтың оқушылары өз саласы бойынша сақ,ғұн тақырыбына мағлұмат береді. әр топ басшылары өзінің тобын қорғайды.
-
«Алғыр оқушы» Әр топ 5 сұрақтан қояды.
I.Сақтар.
1.Ғұндар неше руға бөлінеді? /24/
2.Ғұндарда жеке меншік болды ма? /Иә/
3 Сақ қоғамы қанша топқа бөлінді?/ /3топқаЖауынгерлер,абыздар,егіншілер мен малшылар/
4 Б.з.б.сақтарға қарсықандай парсы патшасы жорық жасады?/ /Дарий,Александр Македонский/
5Алтын адамның жасы қаншада?/17-18 жас/
II.Ғұндар.
1Үйсіндердің астанасы қай қала болды?/Қызыл аңғар Чигу қаласы/
2.Ғұндардың билеушісінқалай атаған? /Шаньюй/
3Сақ патшайымын атаңыз /Томирис/
4 Сақтардың қандай түрлері болды? /сақ-тиграхауда, хаомоварга парадарайя/
5 Қазақстанда сақ зерттеулерін кім жүргізді? /Археолог Ақышев/
-
Кім айтқан? Тарихшылардың айтқан ойлары.
1. «Мен сендерді адастырып, қырғиға ұшыраттым,елімді аман алып қалдым,мен дегеніме жеттім,енді қолдарыңнан келгендерді істей беріңдер». Жауабы: /Шырақ/ Сақ тобына.
2. «Олар соғыстан кейін тыныш әрі қамсыз тіршілік етеді, әркім қолында барымен қанағат етеді» дейді. Жауабы: /Прииск Византия елшісі/ Ғұн тобына.
4. Сергіту кезеңі. Ребустар шешу.
5. Сәйкестігін тап.
6. Сөзжұмбақ .
7. «Жұлдызды сәт ойыны»
Сұрақ ғұндарға.
1.Ғұндарда қанша ру болды?
2.Ғұндарда жеке меншік болды ма?
3 Мемлекет басында кім болды?
4. Құлдар қандай жұмыстарға пайдаланылды?
5. Кімдер түменбасы бола алатын еді?
6. Түменбасы кімдерді тағайындайды?
7. Бұхара халық кімдерге тәуелді болды?
8. Ғұндарда лауазым мен шен қалай беріліп отырды?
9. Салық кімдерге салынды?
10. Ғұн әскерлерінің негізі кімдерден құралды?
Сұрақ сақтарға.
-
Сақтар қанша топқа бөлінеді?
-
Сақтар қандай шаруашылықпен айналысқан№
-
«Алтын адм қай жерден табылған»
-
Парсы матшасының аты кім?
-
«Алтын адамның жасы қаншада»
-
Дариді алдаған жылқышының есімі.
-
Сақ қоғамын атаңдар?
-
Сақтарды зерттеген грек тарихшысы.
-
Ирандық жазбаларда сақтарды қалай атаған?
10. Шірік Рабат қаласы қай жерде орналасқан?
Сабақты қорытындылау /Мөлдір журнал/
Сабақты бағалау.
Үй тапсырмасы: Өткен тақырыпты қайталау.