Без рубрики

«Екі жұлдыз» байқауының әзірлемесі

 

Қуандық Жанар Тұяққызы
Директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары
Ақмола облысы Щучинск қаласы
«Мирас» КМГ

Фанфары ойналады

(музыка ойналады,жүргізушілер ортаға шығады)

І жүргізуші: Қайырлы кеш құрметті ән сүйер қауым!

ІІ жүргізуші: Кеш жарық «Екі жұлдыз» байқауын тамашалауға келген көрермен!

(Қол соғылады)

І жүргізуші: «…Әнді сүйсең менше сүй»-деп Абай атамыз айтқандай,

Сұңқылдаған көмейі

Сыбызғының үніндей.

Қалықтатып созғаны,

Сарыарқаның беліндей.

Барша «Мирас» қауымын

Әнімен залға сыйғызған- «Екі жұлдыз» байқауына қатысушы жұптарды ортаға шақырайық,ағайын.

(музыка әуенімен байқауға қатысушы жұптар ортаға шығады)

ІІ жүргізуші: Енді сіздерді бүгінгі байқауымызды бағалайтын әділ қазылар алқасымен

таныстырып өтейік:

  1. Бекетай Баян Ақатайқызы (Сахна мәдениеті)

  2. Бекахметова Жанерке Саулаубекқызы (Әнді орындау шеберлігі)

  3. Каримоллаева Гүлден (Әннің тақырыпқа сәйкестігі)

Орындаушы жұптармен таныс болсақ,біз алғашқы жұпты шақырғанша байқауға қатысушы сайыскерлерімізді қошеметпен өз кезектері келгенше шығарып салайық.

І жүргізуші: Ата-әжесі бар қандай-ды,

Ағып бір жатқан судай-ды…деп бұрынғы дана халқымыз айтқандай «Қариясы бар үйдің,сарқылмас қазынасы бар» деп те тегін айтылмаған ғой. Ендеше, «Атам,әжем» әнімен алдарыңызда

Балалардың шығар әркез көңілінен,

Шәкірттерін мейіріміне бөлеген.

Салтанат Нұрмияшқызын шақыралық,

Мирас атты кішкентай жұлдызымен.

ІІ жүргізуші: «Ана,ағып жатқан бұлақ,бала жағадағы құрақ» деген нақыл бар халық даналығында. Ана туралы айтылмаған ән,жазылмаған жыр,тартылмаған күй жоқ шығар. Алдарыңызда «Айналайын мама» әнімен

Үнемі «Балапаным» деп жүретін,

Айналып, «күнім»дейді еркелетіп.

Шәрия Сатыбайқызы алдарыңызда

Мәуленова Аружандай әнші қызбен

І жүргізуші: Қазақстан қазір күн санап,сағат санап деп айтсақ та артық болмас,гүлденіп дамып келеді. Олай болса «Жаса Қазақстан» әнімен ортамызға

Екінші анамыздай болып кеткен,

Күлімдеп мейірімінен жылу төккен.

Гүлмира Орынбайқызын қарсы алайық

Асанәлі,Диасәлі атты қос егізбен.

ІІ жүргізуші: Балалық бал дәурен – адам өміріндегі ештеңені алаңдамай тын бір тамаша кезең. Қазіргі шырқалар «Балақай» әнімен ортада

Жылы ұшырар жымиған күлкісімен,

Шәкірттерін баураған жүрісімен.

Гүлшат Дәуренбекқызын қарсы алайық,

Карина,Зарина атты егіз қызбен.

І жүргізуші: Жыл мезгілдерінің ішіндегі шуағын төгіп,адамзатқа жан бітіріп,жер ананы жібітіп,төрт түлікті сайын далаға өргізетін мезгіл осы көктем мезгілі емес пе? Ендеше,бізге осы мезгіл жайында «Көктем»әнімен

Жайма шуақ мейрімімен жылу берген,

Білім берген,нәр берген,ақыл берген.

Айман Саркенқызы ортамызға

Ән салады Бағлан Айғаныммен.

ІІ жүргізуші: Бүгінгі шырқалар әндердің көпшілігі өмірдегі ең ардақты жан-аналарға арналған әндер. Әркімнің өз анасы,өзіне алтын болып көрінетіндігі баршамызға аян. Ендеше ортада «Сенің анаң алтын» деген әсем әнмен ортаға

Ботадай көздері бар мөлдіреген

Шәкіртімен үнемі бірге жүрген

Аягөз Хамитқызын қошеметпен

Қарсы алайық Өмірзақ Бағдәулетпен.

 

І жүргізуші: Қазақстан жас мемлекеттер қатарында болса да көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Мемлекетіміздің әрі қарай гүлденіп,өркендеуі болашақ жастарымыздың еншісінде. Ендеше, «Жас дәуірдің түлегіміз» әнімен

Жанып бірге жүреді шәкіртімен,

Секіреді,күледі тағы олармен.

Ләззат Қуанышбайқызы алдыңызда

Даниалдай әсем үнді бұлбұлымен.

 

 

 

ІІ жүргізуші: Болашақ еліміздің патриоттарын тәрбиелеу-бүгінгі күн талабы.

Қазіргі орындалатын ән осы жайында болмақ. «Ел қорғауға әзірміз» әнімен ортаға

Жасы егде тартса да білінбеген

Мейірлене шәкіртіне күлімдеген.

Сәбира Қалдықызы ортамызда,

Өзі әнші,өнерлі Ғалиханмен.

І жүргізуші: «Әке- асқар тау,ана-бауырында ағып жатқан бұлақ,бала-жағасындағы құрақ» дейді халық даналығы. Ендеше,қазіргі жұлдызды жұптарымыздың шырқалар әндері әкелер жайында болмақ. Ортада «Әкешім» әнімен

Мейірімімен балаларды үйіре білген,

Қоғамдық жұмыстарға тағы үлгерген.

Давлетқан Жұлдызды біз қарсы алайық,

Ұстазы Дина Шүкірбекқызымен.

ІІ жүргізуші: Қазақ халқында төрт түліктің ішіндегі ардақтысы-жылқы малы. Ішсең сусын,мінсең көлік,кисең киім болатын асыл жануарды ата-бабаларымыз ертеден қасиет тұтқан. Олай болса,келесі орындалар «Тұлпарым» әнімен алдарыңызда

 

Ән дегенде ерекше бір күй кешкен,

Сабақтарын әуендетіп өткізген,

Айгүл Ермекқызын қарсы алайық.

Ерсағындай болашақ жұлдызбенен.

 

 

 

 

І жүргізуші: Бүгінгі өмірімізге қарап отырып,болашаққа көз жіберсек,ол бұдан да жарқын,бұдан да нұрлы болмақ. Себебі қазіргі шырқалар

«Болашағым-бақытым» әні болашақ жайында сыр шертпек қарсы алыңыздар,алдарыңызда

Болашаққа үмітпенен қараған,

Шәкіртіне сәуле шашып сабақтан,

Салтанат Әмірханқызы алдыңызда

Жас өнерпаз Еркежаны қасында

ІІ жүргізуші: Бүгінгі өнер көрсетіп алдарыңызға шығып жатқан өнерпаздарымыздың бәрі де жас бүлдіршіндер,әнші балапандар. Ендеше

«Әнші балапан» әнімен ортаға

Шәкіртіне мейірлене күлімдеген,

Әдептілік әліппесін және үйреткен.

Гүлнәр Мейрамбекқызын қарсы алайық

Әнші жігіт Мәуленов Дәуренменен.

І жүргізуші: Балалық шақ адамның өміріндегі ең бір алаңсыз балғын кездердің бірі. Осындай балғын шақ жайлы келесі жұп орындап береді.

Жайдары жарқын бала мінезімен,

Жүретін жайраңдасып шәкіртімен

Жазира Бұхарбайқызы,Әсемменен,

Ортаңызда «Балалақ шақ» әніменен.

ІІ жүргізуші: Қазақ халқы ер баланы ерекше қастерлеген. Ер адамның үстінен аттама,ер баланы теппе деген тыйым сөздерді үлкендерден жиі естиміз.

Ендеше, «Алға,қазақ жігіттері»әнімен ортаға

Екі сынып жүгін жалғыз арқалаған,

Сонда да сайыстардан бір қалмаған.

Аягөз Хамитқызы екінші рет

Андиров Серікпенен алдыңызда.

 

 

І жүргізуші: Шіркін,қазақтың қара домбырасының қос шегінен шыққан домбыраның күмбірлеген дауысы ешбір ұлттың ұлттық аспабына тең келмесі анық.

ІІ жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың «Нағыз қазақ қазақ емес,нағыз қазақ — домбыра» деп тегін айтылмаған ғой,сірә. Ендеше,ортаға

«Домбыраның күмбірі» әнімен

Мейірімді шәкіртін күлкісімен,

Қарсы алар жайдары жүзіменен.

Мәриям Сайлаубекқызы алдарыңда

Неғметжанова Наз атты әншісімен.

І жүргізуші: Осымен «Екі жұлдыз» байқауы өз мәресіне жетті.

Қошеметпен ортаға сайыскерлерімізді шақырайық.

(«Екі жұлдыз» әні орындалады)

ІІ жүргізуші: Сөз кезегі әділ қазылар алқасына беріледі.

І жүргізуші: Келесі «Екі жұлдыз» сайысында кездескенше хош,сау болыңыздар.

 

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.