Ақтөбе қаласы
№30 мектептің технология пәнінің мұғалімі
Құлжабаев Серікқали
Сабақтың тақырыбы: Өрнектерді құрудың композициялық негізі.
Сабақтың түрі: қорытынды сабақ, ойын-сайыс.
Сабақтың мақсаты:
а/Білімділік: Қазіргі заманғы сәндік өнері туралы мағлумат беру. көлем, сәйкестік, композиция туралы және ою-өрнектер жайында тереңірек білім беру.
ә/Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, елестету қабілеттерін дамыту. Қолдарын жаттықтырып өздеріне композиция құруды талап ету.
б/Тәрбиелік: Оқушыларды топпен жұмыс істеуге баулу. Жұмыстарын эстетикалық тұрғыдан ұқыпты орындауларын тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, сайыс, ойын.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих.
Сабақтың көрнекілігі: ою-өрнек элементтері бейнеленген кестелер ұлттық ою-өрнекпен безендірілген әр түрлі пішімдегі бұйымдар. Фотосуреттер, слайдтар.
Сабақтың барысы: 1. Оқушыларды үш топқа бөліп үш бөлек отырғызу. Топтардың аттары:1-ші – Алғырлар, 2-ші – Сұңқар, 3-ші – Достар тобы. Өткен сабақтарды, топтар бір-біріне сұрақ қою арқылы бекіту (әр топ төрт сұрақ дайындайды). Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпайдан қойылып отырады.
2. Тақырыпты әңгімелеу. Ұлттық өнер оның ішінде ұлттық ою-өрнектер қазіргі таңда эстетикалық тәрбие мен көркем білім беруде мектептерде кеңінен пайдаланып жүр.
Халықтың қолданбалы өнерінен үйренеріміз көп, ол әмбебап, өзіндік ерекше қасиетке ие өнер. Бұл қасиетті қазақ өнерімен танысемес шетелдіктер де бір қарағанда түсініп, бағалайды. Қазақтың халықтық қолөнерінде әрбір қазақ қызы, әйелі өзінің тұрған үйін безендіре білген. Олардың шебер де қамқор қолынан киіз басу, кілем тоқу, құрақ көрпе-төсек, қоржын мен ыдыс-аяқ қаптары, құрақ жастықтар және тағы басқа жасау келеді. Сәндік қолданбалы өнер заттары көбіне ұлттық сызбалармен көзге түседі. Осы арқылы біз халқымыздың ерекшелігін көре аламыз. Сәндік қолданбалы өнерді әзірлеу үшін мынандай материалдарды қолданады: ағаш, сүйек, тас, әйнек, табиғи немесе жасанды заттар. Кейбір материалдар өндеуді талап етеді. Мысалы: алтын мен күміспен қаптау, ағашты лакпен бояу, т.б. жұмыстар. Сәндік қолданбалы өнер кескіндеме мен мүсіндеу өнерімен тығыз байланысты. Осының барлығын ою-өрнекпен безендіреді. Сәндік қолданбалы өнер технологиясы:
1. Нұсқалы ою немесе ойма (гравировка);
2. оймалық немесе тереңдетілген ою;
3. биік рельефті ою;
4. жазық рельефті ою;
5. жарма, қиық немесе селдір ою;
6. көлемде ою немесе мүсіндеу.
Сабақты түсіндіру барысында көрнекіліктерді көрсетіп, талдап отыру.
3. Сабақты түсіндіру: Біздің Қазақстанның алғашқы да атақты суретшіміз Әбілхан Қастеев «Өнерді қайдан үйрендің?» — деген сауалға: Таудың бұлағынан,
Қойдың құлағынан,
Апамның киізінен,
Ешкінің мүйізінен, — деп жауап берген болатын. Сол сияқты «Апамның киізінен» деген сөзге зейін салып көрсек, ою-өрнекке қарап, оларды өзіміз бейнелеп біз де үлкен адам болатын шығармыз. Ол үшін (алдын ала бөліп отырғызылған) үш топқа бір мағыналы тапсырма беріледі.
4. Оқушылардың өзіндік жұмыстары: Алдарына берілген заттарды ою-өрнекпен әшекейлеулерін керек.
1 топқа – тақия
2 топқа – табақ (папье-маше)
3 топқа – кесе (папье-маше)
Әр топқа бірнеше композициялық шешімдер беріледі
5. Қорытынды: Жұмыстарын аяқтағаннан кейін әр топтан бір оқушы шығып жұмысын қорғайды.
Қорғағаннан кейін жұмыстары бағаланып, сабақ бекітіледі.
Қолданған әдебиеттер:
«Эхо по следам легенды о золотой домбре» Узбекали Джанибеков
Бейнелеу өнері оқулығы Айдарова З.
«Шаңырақ» үй-тұрмыс энциклопедиясы бас редакторы Р.Н.Нұрғалиев