Сабақтың тақырыбы: OptionButton, CheckBox компоненттері
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылы
«Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің информатика пәнінің мұғалімі Тасбулатова Индира Булатбекқызы
Пәні: Информатика
Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы: OptionButton, CheckBox компоненттері
Мақсаты
Білімділігі: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Программалау тілінде программа құруға баулу, дағдыландыру. Visual Basic программалау тілін меңгерту.
Дамытушылығы: Оқушылардың компьютерлік білімдерін арттыру
Тәрбиелігі: Оқушыларды компьютерлік сауаттылыққа, компьютерлік мәдениеттілікке, өз бетінше жұмыс істеуге, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақ түрі: Аралас, түсіндіру
Сабақ жабдығы: ДК, электронды оқулық
Сабақ типі: Практикум элементтері бар көрсете түсіндіру
Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй жұмысын сұрау
3. Үй жұмысын пысықтау
4. Жаңа сабақты баяндау
5. Тапсырмалар орындау
6. Жаңа сабақты бекіту
7. Бағалау
8. Үйге тапсырма беру
9. Қорытындылау
- Ұйымдастыру кезеңі
- Үй жұмысы: (сұрақтар)
- Visual Basic – ті іске қосу қалай орындалады?
Жауабы: Пуск – Программы – Visual Basic – Visual Basic 6 командасымен жүзеге асырылады. -
Visual Basic – ті іске қосқанда экранда Project Wizart жобаларының менеджері өзінің New Project терезесімен пайда болады. Терезе үш қосымша беттен тұрады. Аттарын ата.
Жауабы: Терезе үш қосымша беттен тұрады: New (Жаңа жоболар), Existing (Қолданыстағы жобалар), Recent (Жақында пайдаланылған жобалар). -
Label қандай компонент?
Жауабы: Мәтіндік және сандық шамаларды шығару үшін қолданылатын компонент. -
Frame қандай компонент?
Жауабы: Формаға ішіне әртүрлі компоненттерді топтастырып орналастыру үшін қолданылатын компонент. -
CheckBox компонентінің қызметі қандай?
Жауабы: Формаға жанында жалаушасы бар жазу шығаратын компонент. -
ComboBox компонентінің қызметі
Жауабы: Формаға бірнеше қатарлардан тұратын жазулар құрастыруға болатын өріс
шығару үшін қолданылатын компонент. -
HscrollBar қандай компонент?
Жауабы: Формаға жатық айналдыру белдеушесін шығаратын компонент -
Timer қандай компонент?
Жауабы: Формаға уақыт-өлшеуіш шығаратын компонент -
TextBox қандай компонент?
Жауабы: Формаға текстік және сандық шамаларды енгізу және шығару үшін қолданылатын компонент. -
CommandButton компоненті қандай қызмет атқарады?
Жауабы: формаға командалық батырма орналастыру үшін қолданылатын компонент. -
OptionButton қандай компонент?
Жауабы: формаға жанында ауыстырып қосқышы бар жазу шығаратын компонент -
ListBox компонентінің қызметі қандай?
Жауабы: формаға бірнеше қатарлардан тұратын жазулар тізімін шығаратын компонент -
Caption- деген не?
Жауабы: Жазу орнату -
Font- деген не?
Жауабы: Шрифт орнату -
Backcolor- деген не?
Жауабы: Мәтін қорабын бояу -
Үй жұмысын пысықтау
- Жаңа сабақты баяндау: OptionButton Ауыстырып қосқыш, CheckBox Жалауша
OptionButton Ауыстырып қосқыш
Мәліметтер топтамасы ішінен тек бір вариантын ғана таңдауына мүмкіндік береді.
CheckBox Жалауша
Топтамалар ішінен бір немесе бірнеше вариант таңдауына мүмкіндік береді.
- Тапсырмалар орындау
Пішінде (формада) орнатылған ауыстырғыштар мен жалаушалар арқылы мәтіннің (текстің) жазылу үлгілерін орнататын қосымша жасау
Private Sub Option1_Click()
Text1.ForeColor = vbBlack
End Sub
Private Sub Option2_Click()
Text1.ForeColor = vbRed
End Sub
Private Sub Option3_Click()
Text1.ForeColor = vbGreen
End Sub
Private Sub Option4_Click()
Text1.ForeColor = vbBlue
End Sub
Private Sub Check1_Click()
Text1.SetFocus
End Sub
Private Sub Check2_Click()
Text1.SetFocus
End Sub
Private Sub Text1_GotFocus()
If Check1.Value = Checked Then Text1.FontBold = True _
Else Text1.FontBold = False
If Check2.Value = Checked Then Text1.FontItalic = True _
Else Text1.FontItalic = False
End Sub
- Жаңа сабақты бекіту
- Ауыстырып қосқыш дегеніміз не?
- Жалауша дегеніміз не?
- Ауыстырып қосқыш пен жалаушаның айырмашылығы қандай?
Бағалау
Үйге тапсырма беру
OptionButton (Ауыстырып қосқыш) пен CheckBox (Жалауша) 96-97 беттегі тақырыптарды оқу, мысал келтіру.
Қорытындылау
br /
