Без рубрики

Автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау

Ақтөбе қаласы,
№30 орта мектептің
алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі
Жұбатыров Жантөре

 

Жоспар-конспект
алғашқы әскери дайындық пәнінің 10 класс оқушыларына арналған сабағы
Мақсаты: Автоматты (пулеметті) бөлектеу және жинақтау әдістерін үйренуі
Тәрбиелік мақсаты: Ұқыптылыққа,тәртіптілікке,жауапкершілікке
Өтетін орны: АӘД кабинеті
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру,көрсету (практикалық жұмыс)
Көрнекілік: Оқу автоматы, макет, плакаттар

Уақыт: 45 мин.

Кіріспе бөлімі: 10 мин

 

  • Взвод командирі сапқа тұрғызып,

әскери жетекшіге рапорт береді

  • Сәлемдесу

  • Сырт көрністерін тексеру

  • Жеке құрам тексеру

 

Үй тапсырмасын тексеру:

 

1-Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылған уақыты

2-Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы

3-Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Қорғаныс министрі

4-Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің штаб бастықтары комитетінің төрағасы

5-Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышандары

6-Әскери анттың маңызы

7-Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғылары

8-Әскери атақтар мен айырым белгілер

 

 

Негізгі бөлім: 30 мин.

 

Автоматты (пулеметті) бөлшектеу толық және толық емес болуы мүмкін: толық емес бөлшектеу – автоматты (пулеметті) тазалау, майлау, және тексеру үшін; толық бөлшектеу-жаңбыр мен қар астында қалғанда не жөндеу кезінде автоматты қатты ластанудан тазалау үшін жүргізіледі.

Ұрыс автоматтарын (пулеметті) бөлшектеу мен жинақтауға үйрету ерекше жағдайларда және бөлімдер мен механизмдермен аса сақтықпен қарау жағдайында ғана жүргізіледі.

Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеу тәртібі:

  1. Оқжатарды бөлектеу.Автоматты сол қолмен дүмінің мойыншасынан не құндығы-

нан ұстап, оң қолмен оқжатарды орай ұстайды, бас бармақпен бекіткішті қысып, оқжатардың төменгі жағын ілгері ұмсындырып, оны бөлектеп алады.Содан кейін оқтықта оқтың ьар-жоғы тексеріледі,бұл үшін ауыстырғыш төменге түсіріледі,оны АВ (автоматты ату) немесе ОВ (жекелей ату) жағдайына қойылып, бекітпе жақтауының тұтқасы кейін жылжытылады, оқтықты тексеріп, бекіткіш жақтауы жіберіліп, шүріппе ұрыстық қайырудан (взводтан) босатылады.

  1. Жабдықтар пеналын дүм ұясынан шығарып алу.

Оң қолдың сұқ саусағымен дүм ұясының қақпағын пенал серіппенің әсерімен ұядан шығатындай етіп басады; пеналды ашып, одон сүрткішті, тазалағышты, бұрауышты, қаққышты шығару керек.

  1. Сүмбіні алу. Сүмбінің ұшын оның басы қарауылдың негізіндегі тіректен шығатындай етіп ұңғыдан тартып, сүмбіні жоғары тартып алады. Сүмбіні алу қиындық тудыратын болса, онда қаққышты қолдануға рұқсат беріледі.Оны сүмбінің басындағы саңылауға сала отырып, ұңғыдан сүмбінің ұшын тартып суырып алады.

  2. Ұңғы қорапшасының қақпғын бөлектеу. Сол қолмен дүмнің мойынын қамти ұстап, осы қолдың бас бармағымен қайтармалы механизімнің бағыттаушы өзегінің дөңесін басады, оң қолмен ұңғы қорабы қақпағының артқы бөлігін жоғары көтеріп

қақпақшаны алады.

  1. Қайтармалы механизмді бөліп алу. Автоматты дүмінің мойнынан сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен қайтармалы механизімнің бағыттаушы өзегін оның өкшесі ұңғы қорабы бойлық ойығынан шыққанша ілгері қарай ұмсындырады; бағыттаушы өзектің артқы шетін көтеріңкіреп қайтармалы механизмді бекітпе жақтауының арнасынын шығарады.

  2. Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын алу.Автоматты сол қолмен одан әрі ұстап тұрып, оң қолмен бекітпе жақтауын артқа тірелгенше тартып, оны бекітпемен бірге көтеріңкіреп барып ұңғы қорабынан бөлектеп алады.

  3. Бекітпені бекітпе жақтауынан алу. Бекітпе жақтауынан бекітпе жоғарыда болатындай етіп сол қолға алады; оң қолмен бекітпені кейін шегеріп, бекітпенің жетекші дөңесі бекітпе жақтауының фигуралы ойығынан шығатындай етіп, бекітпе алға қарай шығарып алады.

  4. Ұңғылық бастырмасымен газ түтігін босатып алу. Автоматты сол қолмен үстап тұрып, оң қолмен жабдық пеналын газ түтігі тұйықталғышының шығыңқысына тік бұрышты саңылаумен кіргізеді, жапқышты өзінен тік жағдайға дейін бұрып, газ түтігін газ каморасының келте түтігінен шығарып алады.

 

 

Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеуден кейін жинастыру реті.

 

  1. Газ түтікшесін ұңғылық бастырмасымен қосу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен газ түтігін алдыңғы шетімен газ каморасының келте түтігіне ұмсындырады және ұңғы бастырмасының артқы шетін ұңғыға қысады; тұйықталғышты оның орнықтырғышы көздеу қалыбының ойығына кіргенше бұрайды.

  2. Бекітпені бекітпе жақтауына қосу. Бекітпе жақтауын сол қолмен оң қолға алып, оны цилиндірлі бөлігімен жақтау арнасына сұғады; бекітпені оның жетекші дөңесі бекітпе жақтауының фигуралы ойығына кіретіндей етіп бұрып, бекітпені алға қарай сұғады.

  3. Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын ұңғы қорабына қосу. Сол қолмен дүмінің мойыншасын қамти ұстайды.Бекітпесіне қоса бекітпе жақтауын оң қолда бас бармақпен қысылған бекітпе алдыңғы жағдайда болатындай етіп ұстап тұрып, газ поршенін көздеуіш қалыбының қауысына кіргізеді де, ұңғы қорабының қайырмалары бекітпе жақтауының ойықтарына кіретіндей етіп бекітпе жақтауын ілгері жылжытады, оны сәл-пәл күштеп ұңғы қорабына қосады да, ілге ұмсындырады.

  4. Қайтармалы механизімді қақпғын қосу. Оң қолмен қайтармалы механизімді бекітпе жақтауының арнасына кіргізеді, қайтармалы серіппені қысып, бағыттаушы өзекті ілгері итереді де, біршама төмен түсіріп, оның өкшесін ұңғы қорабының бойлық ойығына кіргізеді.

  5. Ұңғы қорабының қақпағын қосу. Ұңғы қорабының алдыңғы шетімен көздеу қалыбындағы жартылай шеңбер ойыққа кіргізеді, қақпақтың артқы шетін оң қолдың алақанымен қайтармалы механизімнің бағыттаушы өзегінің шығыңқысы ұңғы қорабы қақпағының ойығына кіретіндей етіп алға және төмен ұмсындырады.

  6. Шүріппені ұрыстың қайырмасынан босатып, сақтандырғышқа қою. Ағытқыш ілмекті басып, ауыстырғышты тәрелгенге дейін жоғары көтереді.

  7. Сүмбіні қосу.

  8. Пенальды дұм ұясына салу. Сүрткішті, тазалағышты, бұрауышты ,қаққышты пеналға салып, қақпағын жабады да, пеналды түбімен дүм ұясына кіргізеді; оны қақпақша жабылатындай етіп ұяға батырады. Жиналмалы дүмді автоматта пенал оқжатарға прналған сөмке қалтасына салады.

  9. Оқжатарды автоматқа қосу. Автоматты сол қолмен дүм мойыншасынан немесе шетмойыннан ұстап тұрып, оң қолымен оқжатардың ілгішін ұңғы қорабының терезесіне енгізіп, оқжатардың тірек шығыңқысынан асатындай етіп өзіне бұрады.

 

 

 

Қортынды бөлім: 5-мин

 

  • оқушылардан сұрақтарға жауап алу

  1. Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеу не үшін жүргізіледі?

  2. Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеуді айтып беріңдер?

  3. Автоматты толық емес бөлшектеудің пулеметті толық емес бөлшектеуге қарағанда қандай ерекшеліктері бар?

  • оқушылардың білімін бағалау

  • үй тапсырмасы 4-тақырып 179-184 бет. АӘД кітабы.

 

АӘД пәнінің ұстаз-ұйымдастырушысы Қ.Т. Жұбатыров

Автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау: 1 комментарий

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.