Боранда
Изтлеуова Анаргүл Арыстанқызы
Ақтөбе қаласы, №39 қазақ орта мектебі, Бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Боранда
Дауысты және дауыссыз дыбыстар
Сабақтың мақсаты:
1.Өлеңді дауыстап, дұрыс саналы мәнерлеп оқыту арқылы оқушылардың оқу дағдысын қалыптасту, дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін кеңейту.
2. Оқушыларды өз бетімен жұмыс жасау дағдысын, сөздік қорын дамыту. 3.Сауатты, көркем жазуға төселдіру.
Сабақтың көрнекіліктері: сызба, интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру
І. Бағдарлау – мотивациялық кезең
Дыбыс патшалығы жайында әңгімелеу. Әлдеқандай патшалықта емес, әлдеқандай мемлекетте емес, тура өзіңнің аузыңның ішінде дыбыстар тұрып жатыр. Ал олардың үйі міне, қандай әдемі ( ауызыңды көрсетші аша ғой, кәне). Үйдің төбесі бар (тіліңді тигізіп көр, өзіңнің үйіңнің төбесін ізде, таптың ба?)
Еден дегеніміз төменгі таңдай, есік – еріңдер. Есік бекем болу үшін қойылған сүйек шарбақтар да бар ( тістеріңді көрсетіңдерші). Бәрі жақсы болар еді, бірақ үй ішінде бір айдаһар кіріп орнығып алды (тілдің ұшын қимылдатамыз).
… Сөйтіп олар өздерінің зұлымдық істерін жасай бастады. Кейбір дыбыстарды ол емін – еркін өткізіп жібереді.
Міне, былай, менен кейін қайталап айтыңдар [а], [ә], [о], [ы], [и]…
Бұл дыбыстар еріннен, яғни есіктен еркін өтіп жатыр. Олардың киген киімдері – қызыл көйлек деп қызыл дөңгелектерді көрсету.
Ал басқа дыбыстардың жолын айдаһар түрлі кедергілер тұрғызды немесе есікті жауып қойды. Мысалға [м – м – м]. Ол [т] дыбысын төбеге итеріп жапсырып қойды.
Айдаһар дыбыстарды біресе ысылдап шырылдауға [ш], пысқыруға [ф], ысқыруға [с], қырылдауға [х] мәжбүр етеді. Біресе дыбысты құйрығымен ұрады [р] (айтып көріңдерші, тіл діріл қағып тұра ма?) Бұл дыбыстар еркін шыға алмайды. Сондықтан, бұлар үстіне көк көйлек киіпті (көк дөңгелектерді көрсету).
Дыбыстар:
1) Дауысты дыбыстар – дыбыс кедергіге ұшырымай еркін шығады
2) Дауыссыз дыбыстар – дыбыс кедергіге ұшырап шығады
«Көйлек кигізіп шығар» ойыны.
Дыбысты атағанда оқушылар соған сәйкес көк және қызыл жолақты көтереді.
ІІ. Операциондық орындаушы кезең.
2.1. 17 – жаттығу.
– Боранда өлеңін мәнерлеп оқып беру.
– Өлеңді оқушыларға оқыту.
– Өлең мазмұнына байланысты сұрақтар мен тапсырмалар:
• Боран қай кезде болады?
• Боранда адамдар қалай киінеді?
• Қайсар қалай киінген?
• Қарамен жазылған сөздердегі дыбыстардың қайсысы дауысты, дауыссыз екенін атату.
2.2. Сөздік жұмыс
Тымақ – аң терісінен жасалған суықта киетін баскиім.
Саптама – қонышты ұзын етік.
2.3.Сергіту сәті
18 – жаттығу.
Сөзжұмбақтарды шешу
19 – жаттығу.
Ойна да, ойла
Шешуі: сүт
2.4. Дәптермен жұмыс
• Көркем жазу
Бб
Боран
бұлбұл
• Мына дыбыстардан сөз құра:
– р,қ,а (қар)
– а, л, а, қ (қала)
– к, е, м, п, т, е (мектеп)
– ө, к, і, р, д, з, л, і, к, і (көзілдірік).
III. Рефлексиялық бағалау кезеңі
• көп нүктенің орныны бірнеше дауысты, дауыссыз дыбыстарды қой.
Ба…ық, қ…лам, …урет, қай…қ, биші…ер, ақ…у, мы…ық, алқ…, жұм…ақ.
• қалаған екі сөзге сөйлем құрап жаз.
Бағалау
Үйге тапсырма.
