Интеллектуалды сайыс (Жоғары сынып оқушыларына арналған)
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы,
Ә.Тәжібаев ауылы, Доспан – Шайық көшесі №32
№214 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі
Сапаров Мейрамбек Данаұлы
Мақсаты: Оқушының ғылыми ойын, логикалық, теориялық ойлауын дамыту.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, интерактивті тақта, теледидар.
Сайыстың барысы: І. Ұйымдастыру. Орта мектепте оқушы білім стандартына сәйкес білім алумен қатар ғылым көкжиегіне көз жіберіп, зерттеу мен зерделеуді саралап сараптауды үйрене бастауы тиіс. Бүгінгі күні өте қабілетті, дарында балаларды іріктеп, олардың дамуынажағдай жасау – кезек күттірмейтін іс. Бала қабілеті мен дарынын толық ашу тек бала үшін ғана емес ең алдымен қоғам үшін маңызды. Сайысқа қатысатын оқушылар саны – 6.
І бөлім
«Тарихи таным»
Ой қозғау әдісі бойынша оқушыларға алты тапсырма беріледі. Бұл сайыста оқушылардың озат ойы сыналады.
Тапсырмалыр
1. «Қорқыт Қобыз»
2. «Бәйтерек – Астана тұғыры»
3. «Мекке Мәдинеде Мұхаммед, Түркістанда Қожа Ахмет»
4. «Отырардың күйреуі»
5. «Қызылорда тарихы»
6. Мұстафа Шоқай туралы
Берілетін ұпай 10, 20, 30
ІІ бөлім
Ойшылдар отауы
Оқушылардың таным қабілеттерін байқау мақсатында, бұл бөлімде пән салаларынан сұрақтар беріледі.
1. Ең ауыр металл (осмий)
2. Әл – Фараби негізгі еңбектерін ғылымның қай саласы бойынша жазды? (философия)
3. Жігіттің қанша жұрты болады? (Үш жұрты болады: нағашы жұрты, қайын жұрты, өз жұрты)
4. Қазақ өнерінің «Қара шаңырағы» (М. Әуезов атындағы драма театр)
5. Электролиз заңын кім ашқан? (Фарадей)
6. Қазақтың тұңғыш кәсіби суретшісі (Ә. Қастеев)
Әр дұрыс жауапқа 10 балдан қалағаныңша сұрақтар беруге болады.
ІІІ бөлім
Сырлы өнер – сырласың
1. «Алтын адам» киімінде қанша алтын әшекей бұйым бар? (4 мыңға жуық)
2. Қазақстандағы алғашқы мүсіндер қалай аталады? (кемпіртастар)
3. Киіз үйдің сүйегі деген не, аттарын ата? (уық, кереге, шаңырақ т.б.)
4. Тоқылған ши түрлерін ата? (ақ ши, шым ши, орама ши)
5. Қазақстанның тұңғыш бишілері? (Ш. Жиенқұлова, Д. Әбдіров)
6. Алматыдаға Опера және балет теартры кімнің атымен аталады?
Әр дұрыс жауапқа 10 балдан беріледі.
ІҮ бөлім
Мақал – сөздің мәйегі
6 оқушыға әр тақырыпта мақал – мәтел жазу тапсырылады.
1. Оқу
2. Еңбек
3. Тіл
4. Батырлық
5. Отан
6. Өнер
Оқушылардың орындағын жұмыстары дұрыс жауабына орай 10, 20, 30 ұпаймен бағаланады.
Ү бөлім
Сөзден сөз
6 оқушыға әр тақырыпта сөздер беріледі. Бұл бөлімде берілген тапсырма оқушыларды ойлылыққа жетелейді.
1. Бостандық 2. Тәуелсіздік 3. Қайырымдылық
Сандық Тәуелсіз Қайырым
Сот, қына т.б. Сіз, ел т.б. Айыр, ырым, т.б.
4. Сыйластық 5.Отандастар 6. Қазақстан
Сый, лас, Отан, дос Қазақ, азақ
Астық т.б Дана т.б Тана т.б
Оқушылардың орындаған жұмыстарына сай 10, 20, 30 ұпаймен бағаланады.
ҮІ бөлім
Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда
1 минут ішінде 20 сұрақ оқылады, әр сұраққа тез жауап беру керек. 10 ұпайдан беріледі. Бұл бөлімнің ерекшелігі оқушылардың пәнге бейімділігі және қалауы бойынша қалаған негізгі бір ғана пәннен сұрақтар беріледі.Мысалы: Математика
Тік бұрыш неше градусқа тең? (90)
Түзулер тік бұрыш жасап қиылысса қалай аталады?
Оң бағыт қалай анықталады?
Үшбұрыштың түрлері?
Шаршының неше симметрия осі бар? (4)
Неше градустық бұрыштың тангенсі мен котангенсі тең? (45)
Екі қабырғасы параллель төртбұрыштың түрі (трапеция)
Бір айналым неше градус? (360)
Ортақ нүктесі болмаса, түзулер параллель болмаса қалай аталады? (айқас түзулер)
Теріс бағыт қалай анықталады? (сағат бағытымен бағыттас)
Тік бұрышты үшбұрыш қалай аталады?
Тік төртбұрыштың неше симметрия осі бар? (2)
Екі нүктемен шектелген түзу (кесінді) т.б
Сайыс соңында әділ қазылар сайыскерлердің ұпайларын есептеп шығарып, жеңімпазды анықтайды.
