Соңғы тас дәуірі. 10-сынып
ШҚО Аягөз қаласы, «№5 орта жалпы білім беру мектебі» ММ
Тарих пәнінің мұғалімі: Жолдыбаева Раушангуль Турсынахуновна
Сабақтың презентация нұсқасын көшіріп алу: Соңғы тас дәуірі. 10-сынып. Презентация
Сабақтың мақсаты: соңғы тас дәуірінің кезеңдерін, хронологиясын, басты жаңалықтарын, мәдени ескерткіштердің ерекшеліктерін түсіндіре отырып таныстыру. Осы дәуірлердегі адамзат дамуының дәрежесіне тоқталу.
Сабақтың дамытушылық міндеті: Оқушылардың сабақ барысында білімдік деңгейін көтеру, белсенді ойлау қабілеттерін арттыру
Сабақтың тәрбиелік міндеті: Оқушыларды еңбекке, адамгершілікке, өнер туындыларына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Зерттеу сабақ Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ –жауап, картамен жұмыс, кестемен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар , тірек сызбалар, анимациялық карталар, анимациялық суреттер, тасқұралдардың суреттері
Пәнаралық байланыс: өнер, дүние жүзі тарихы
