BASIC тілінде қарапайым программа құру
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы
Біртілек ауылдық округі №124 негізгі орта мектептің
физика және информатика пәнінің мұғалімі Қоңқақов Нұрбол
Сабақтың тақырыбы: BASIC тілінде қарапайым программа құру.
Сабақтың мақсаты: 1) Білімді қалыптастыру: Оқушыларға BASIC тілінде қарапайым программа құруды үйрету, PRINT операторы қасиеттері жайлы түсінік айту, операторды қолдануды үйрету. 2) Тәрбиелік: еңбекке баулу, мамандыққа бағдарлау, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсінуге, адамгершілік, патриоттық, ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс қабылдауға, үлкенге сый – кішіге жол көрсетуге тәрбиелеу. 3) Дамытушылық: жеке тұлғаны, танымдық қызығушылықты, еріктілікті, жалпы қабілеттілікті, сезімді дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, дидактикалық материалдар, суреттер.
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. QBasic тілінде қолданылатын арифметикалық операциялардың символдары алфавиті.
2. Өрнекті BASIC тілінде жазу үшін қандай әрекеттер орындау қажет?
3. BASIC тілінде берілген өрнекті математикалық тілде жазу үшін қандай әрекеттер орындау қажет?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Қарапайым программа құру
|
Оператор |
Жол пішіні |
Қызметі, қолданылуы |
| PRINT параметрлер тізімі | Басу (шығару) операторы. Тырнақшадағы айнымалылар, сандар, өрнектер және мәтіндер тізімінің элементтері бола алады. | |
| END | END | Есептеулерді аяқтау операторы |
Компьютерге түсінікті алгоритм программа деп аталады. ВАSІС тіліндегі программа тізбекті нөмірленген қатарлардан тұрады.
Жасанды тілде әрбір қадам жеке қатарға жазылады.
Бізге a=27, b=93 болғандағы өрнегінің мәнін есептейтін программа жазу керек болсын. Оның ВАSІС тіліндегі программасы төмендегідей:
1 А=27
2 В=93
3 Х=(А+В)/2
4 PRINT Х
5 END
Программаның 4-ші қатарындағы PRINT – мәнді экранға шығару операторы деп аталады. PRINT X – Х-тің мәні экранға шығарылады дегенді білдіреді. 5-ші қатардағы END – программаның аяқталғанын көрсететін оператор. Программаның 1-ші қатарында 27 саны А-ға меншіктеледі, 2-ші қатарда – 93 саны В-ға, ал 3-ші қатарда (А+В)/2 өрнегінің мәні есептелініп, Х-ке меншіктеледі. Яғни “=” таңбасы – меншіктеуді білдіретін оператор.
ІV. Сабақты пысықтау.
Өрнектің мәнін есептейтін программа жазу:
1) a=521, b=8 болғандағы m=31a+132b өрнегінің мәнін есептейтін программа жаз.
1 А=521
2 В=8
3 M=31*А+132*В
4 PRINT M
5 END
2) a=3, b=11 болғандағы өрнегінің мәнін есептейтін программа жаз.
1 А=3
2 В=11
3 N=(51*А+7*В)/(B+7*A)+7A*B
4 PRINT N
5 END
3) Cызба түріндегі алгоритмге сәйкес программа құр.
1 А=4
2 В=6
3 Х=3*(7+В) + 3*А
4 PRINT Х
5 END
V. Сабақты қорытындылау.
1. QBasic тілінде PRINT операторының қызметі.
2. Берілген өрнектерге программа құру.
3. Сызба түріндегі алгоритмге программа құру.
VI. Үйге тапсырма.
Тақырыпты оқу, түсінік жазу. Тақырып бойынша берілген 6,8, 10 тапсырмаларды орындау.
VIІ. Оқушыларды бағалау.
