Сауат ашу

Изтлеуова Анаргүл Арыстанқызы

Ақтөбе қаласы, №39 қазақ орта мектебі, Бастауыш сынып мұғалімі

Сауат ашу.

Сабақтың тақырыбы: Н дыбысы және әрпі.    Класы:1

 

Сабақтың мақсаты: 1. Әріптер тізбегіндегі Т дыбысының құрылымымен таныстыру. Сауатты оқуды жетілдіру.

2. Сөздік қорын молайту, ой – өрісін кеңейту, байқағыштық қабілеттерін дамыту.

3. Сауатты, таза, көркем жазуға төсілдіру. Еңбексүйгіштікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекіліктер. Кеспе әріптер, суреттер, дидактикалық материалдар.

Сабақтың барысы:

 

  1. 1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. 2. Психологиялық дайындық

Қара достар жан – жаққа

Даыйнсың ба сабаққа?

Орныңда ма қараңдар

Кітап, дәптер, қаламдар?

  1. 3. Ой қозғау.

Өткен сабақта танысқан М дыбысы мен әрпі туралы еске түсіру.

Оқулықта берілген мәтін мен сөздерді тізбектей оқыту.

Бағандағы сөздерге сөйлем құрату. «Қандай әріп жасырынған» ойыны арқылы өткен сабақты қорытындылау.

  1. 4. Жаңа сабақ.

«Ас атасы – нан» деген әңгімеден бастадым. Бірде Науан әжесіне еріп, егіс даласына келді. Ол шашақты басы иіліп тұрған бидай сабақтарын көріп, әжесінен:

–         Мынау өсіп тұрған не: – деп сұрады.

–         Наужан, бұл пісіп тұрған – нан – деп жауап берді әжесі.

–         Нан болса, таба нан қайда?

–         Таба нан осы дәннің ішінде.

–         Ал тоқаш ше?

–         Ол да осы дәннін ішінде.

–         Ал бауырсақ ше?

–         Бауырсақ та дәнге сыйып тұр.

–         Әже, кіп – кішкентай қауызды дәнге осынша көп нан калай сыйып тұр – деп Науан таңғалды.

 

–         «Ас атасы – нан, нан атасы – дән» деген. Осынша мол дүние, тоқшылық әрбір дәннің ішінде, – деді әжесі.

Нан, дән деген сөздерге балалардың назарын аудара отырып Н дыбысының әрпімен таныстыру.

Нан сөзіне дыбыстың талдау жасатып, Н дыбысының орны мен дауыссыз дыбыс екені анықталады.

Н дыбысын дауыссыз дыбыстар қатарын қосу.

4. Оқұлықпен жұмыс

Оқулықтағы баған түріндегі буындарды, сөздерді, сөйлемдерді оқушыларға дауыстатып оқыту.

Суретке қарап, белгілі бір жүйемен әңгіме құруларына басшылық жасаймын.

Ол үшін мына бір өлеңге көңіл бөлу.

Жұмбақ өлең. Одан проблемалық сұрап туады.

Жүзім пісті күзде

Жей бер алып үз де

Өрік пісті күзде

Жей бер алып үз де

Алма пісті күзде

Жей бер алып үз де

Бидай пісті күзде

Жей алмайсын үзбе. Неге?

Нанның дастарханға оңай келмейтінлігі, оған бірнеше адамдардың тер төгетіндігі туралы әңгіме ету.

 

Даланың қаны

 

Дәм                                  НАН                     байлық

 

тіршілік                  ән                  тоқтық

 

 

  1. 1. Дәптермен жұмыс

Н әрпінің жазба және басқа түрлерімен таныстыру.

  1. 2. Өргіту сәті.

Дәптерде берілген сөзді жолға көркем етіп жаздырту.

  1. 3. Логикалық тапсырма

Әріптер таласып жатыр, дұрыс жазып татуластырайық:

Ыр…с, та…у, а…ар, алм…с, о…амал,м…сық, ал…а

  1. 4. Оқулықтың 43 беттегі «Нанды қадірле» атты мазмұнды суретпен шығармашылық жұмыс жүргізу.

Суретке қарап отырып, ойларын толық жеткізіп, еркін сөйлеуге мүмкіндік беру.

Осыдан балалар түрлі нұсқадағы әңгіме құрауға бейімделеді.

  1. 5. Дәптердің бос жолына әріптік диктант жазу.
  2. 6. Сабақты қорытындылау.
  3. 7. Оқушылардың белсенділіктерін айтып, мадақтау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше