Без рубрики

Үндестік заңы

Алматы қаласы,  «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру» Қоғамдық қоры
«Арыстан» мамандандырылған лицейі
Филология магистрі, Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Тулегенова Сания Батырбековна

Сабақ тақырыбы: Үндестік заңы
Сабақ мақсаты:
білімділік:
лицеистерге үндестік заңы және оның екі түрі: 1) буын үндестігі,
2 ) дыбыс үндестігі туралы білімдерін көтеру.
дамытушылық:
алған білімдерін толықтыру, ойлау  қабілеттерін дамыту.
тәрбиелік:
: тілге деген  қызығушылығын арттыру, сауатты, көркем жазуға баулу.
Сабақтың түрі:
дәстүрлі
Сабақтың әдісі:
сұрақ-жауап, талдау
Сабақты дидактикалық материалдармен қамту:
слайд, қосымша материалдар
Пәнаралық байланыс:
қазақ әдебиеті, тарих

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу

2. Сабақтажұмыс істеугежағдай жасау

3. Лицеистерді психологиялық тұрғыдан қарым-қатынасқа дайындау

4. Сабаққа дайындықты тексеру

5. Лицеистер назарын ұйымдастыру

6. Сабақтың жалпы мақсаты мен оны жүргізу жоспарын ашу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.  Көне түркі жазба ескерткіштері туралы

ІІІ. Жаңа материалды зерделеу. 

 

Слайд.

1.Фонетика ненi зерттейдi?

2.Дыбыстар қандай топтарға бөлiнедi?

3.Дауысты дыбыстардың жiктелуiн атаңыз.

4.Дауыссыз дыбыстардың жiктелуiн атаңыз.

5. Үндестiк заңы дегенiмiз не?

Үндестік заңы — түбір мен қосымшаның және сөз аралығындағы дыбыстардың бір-біріне ықпал жасап, өзара үйлесіп, айтылуын үндестік заңы дейміз. Оның екі түрі бар: 1) буын үндестігі, 2) дыбыс үндестігі.

Сингармонизм – гректің Sun «бірге» және hanmoni «байланысу, үндесу» деген мағынаны білдіретін сөздері бойынша жасалған термин.
Тіліміздегі байырғы сөздердің басым көпшілігі не біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке айтылады.
Мысалы:
Жуан сөздер: балалар, қалалар, қызылдау.
Жіңішке сөздер: жерлерді, ініміз, күнделік.
Түбірдегі дауысты дыбыстың немесе соңғы буынның өзгеріп отыруына байланысты сингормонизмнің мына секілді заңдары болады:
1. Сөздің алғашқы буыны жуан болса, келесі буындары да жуан немесе сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымша да жуан болады.
Мысалы: бала – лар, жа-зу-шы-лар, оқу-шы-лар, қа-ла-да-ғы-лар-ымыз.
2. Сөздің алғашқы буыны жіңішке болса, келесі буыны да жіңішке немесе сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымша да жіңішке болады.
Мысалы: өн-ер-ші-лер-ге, ән-ші-лер, үй-де-гі-лер-іміз.

Буын үндестiгi

1.Егер сөздiң алдыңғы буыны жуан болса, келесi буын да жуан болады.(Если первый слог слова твердый, то и следующие слоги бывают твердыми) жуан буын +жуан буынба+лақа+ғаз

қа+лам

2.Егер түбiрдiң соңғы буыны жуан болса, қосымша да жуан болады.(Если последний слог корня (основы) твердый (с твердыми гласными), то прибавляются твердый суффикс и твердое окончание(с твердыми гласными) жуан буын+жуан қосымша(твердый слог+твердый суффикс и окончание)қағаз+ды

бала+лар

қалам+дар

3.Егер сөздiң алдыңғы буыны жiңiшке болса, келесi буыны да жiңiшке болады.(Если первый слог слова мягкий, то и следующие слоги бывают мягкими) жiңiшке буын+жiңiшке буын(мягкий слог+мягкий слог)те+ре+зе

ең+бек

4.Егер түбiрдiң соңғы буыны жiңiшке жiңiшке дыбысқа (жiңiшке дауыстыға) бiтсе, қосымша да жiңiшке болып келедi. Жiңiшке буын+жiңiшке қосымша(мягкий слог+мягкий суффикс)терезе+ге

еңбек+тiң

Қазақ тіліндегі  ең маңызды дыбыстық ерекшелік үндестік заңы екені белгілі. Тіл дыбыстарын зертеушілердің барлығы қазақ тілінде дауысты дыбыстар үндестігінің екі түрі-еріндік және тіл қатысы жағынан үндестігі- кездеседі дейді. Жуанды-жіңішкелі аралас буындардан құралған сөздер басқа тілдерден енген сөздерде ғана кездеседі деп Ақанов (Тіл білімдерінің негіздері, 1973) та, кейін қазақ тілінің дыбыстық ерекшеліктерін зерттеген Едуард Важда (“Kazakh phonology” мақаласында) да жазады.

Грамматикалық тапсырмалар:

1.Берiлген сөздерге үндестiк заңына байланысты қосымшалар жалғау, түсiндiру.

Орман, өлең,тау,жер,театр,есiк, терезе, бөлме,домбыра.

2.Фонетикалық талдау жасау.

Тест.                           

1. Бірыңғай буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды көрсетіңіз.

А) – бей,- паз,- ға,- лар,- лер В) – нікі,- тай,- мен,- хана С) – ны,- ні,- ды,- ді Д) – дар,- дер,- тар,- тер Е) – нан,- не,- ға,- дің

2. Буын үндестігі деген не?

А) Дауыссыздар үндестігі В) Тоғыспалы ықпал С) Дауыстылар үндестігі Д) Ілгіріңді ықпал Е) Кейінді ықпал

3. Буын үндестігінің балама терминдік атауын табыңыз.

А) Ассимиляция В)Прогрессивтік ассимиляция С) Регрессивтік ассимиляция Д) Транскрипция Е) Сингармонизм

 

ІV. Үй тапсырмасы туралы ақпарат беру: Үндестік заңына бағынбайтын 5 сөзге фонетикалық талдау жасау.

V. Қорытындылау. 

VI. Бағалау.

Оқытушы                              Абуева Р.Р.

                                                      Тулегенова С.Б.

                                               Әдіскер                                  Серікбаева К.А.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.