Бастауыш сынып
Ақтөбе қаласы, Қобанова Салатанат,
№39 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: «Қара алтын» өлкесі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Пайдалы қазбалардың түрлері, қасиеттері, өндірілуі еліміздегі басты кен орындары туралы түсінік бере отырып білімдерін орттыру.
Дамытушылық: Пайдалы қазбалар жөнінде танымдарын кеңейту, өздігінен қорытынды шығара білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ізденімпаздылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу, пайымдау, сұрақ – жауап, көрнекілік.
Сабақтың көрнекілігі: Пайдалы қазбалар коллекциясы, карта, сөздер жазылған карточкалар, бейнефильм.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
І Ұйымдастыру бөлімі.
а) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
ә) Психологиялық дайындық.
О: Жалықпаймын сабақтан.
Оқимын да жазамын,
Білім нәрін таратқан.
Ұстазда ылғи назарым,
Осы әдеттен танбасам.
Бестіктерді көп алам,
Мектебімнен әрқашан,
Шат көңілмен оралам.
б) Бүгінгі сабағымыздың ашық сабақ екендігін қонақтар келіп отырғандығын ескертемін.
II Үй тапсырмасын тексеру.
М: үйге қандай тапсырма берілді?
О; Көмірлі өлке.
М: Қарағанды көмір бассейні қалай ашылды?
О: /// – /// – /// – ///
М: Шахтадан оны қазамыз,
Пешке салып жағамыз.
Үлкен үйді жылытып,
Рахатқа біз батамыз.
Бұл не? (КӨМІР)
ІІІ Жаңа сабақ.
(Жұмбақ арқылы жаңа сабақ ашамын).
Түсі қара, сұйық зат
Теренде жатады.
Қазсан атқылайды
Жақсан жанады
Пайдаға жарайды. (Мұнай)
Тақырыптың мақсатын хабарлау
IV. Шартты белгілермен жұмыс.
Мұнадай шартты белілермен (мұғалім көрсетеді)
Пайдалы қазбалар картасында нелерді белгілейміз?
Бұл пайдалы қазбалардан басқа қандай пайдалы қазбаларды білесіндер?
Сын тұрғысынан ойлау.
| Білемін | Білдім | Білгім келеді |
Оқушылар «Білемін» сөзіне өздеріне не білетіндерін (айтады) мысалы: мұнай, табиғи газ, тас көмір, шартты белгілер т.б.
V. Оқулықпен жұмыс.
Іштей бір рет оқу.
Мұнай
– Оқу, ой жинақтау, талдау
– Бейнефильм көрсету.
– Мұнай сөзіне ассоциация жасау.
Алуан түсті
Жанғыш Мұнай сұйық зат
Пайдалы майы түгелдей жанады
VI. Суретпен жұмыс.
VIII Сабақты қорытындылау.
Бизнес
Жағармай
Мұнай Спирт
Кір жуатын заттар
Пластелин
Пластмаса
Газ Жасанды талшықтар
Бағалы заттар
ІХ. Бағалау.
Х. Үйге тапсырма беру.
Бекету сұрақтар.
Сұрақтар:
- Пайдалы қазбаларға нелер жатады?
- Қарағанды көмір бассейні қалай ашылады?
- Мұнайдан не алады?
- Табиғи газдан не алады?
- Елімізде мұнай мен газ қай жерде көп шығады?
- Газдың қандай пайдасы бар?
- Газдың түсі қандай?
