Бастауыш сынып

Ақтөбе қаласы,  Қобанова Салатанат,

№39 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Әдебиеттік оқу.

Сабақтың тақырыбы: «Сәулелі жұлдыз іздеген адам»

Сабақтың максаты:

Білімділігі: Қазақтың көрнекті жазушысы Әбу Сәрсенбаев өмірі мен шығармалары туралы еске

түсіру. Ыбырай Алтынсарин өмірімен толық таныстыру. Оқудың жаңа тиімді

әдістәсілдерін пайдалана отырып, ой – өрісін жан – жақты шығармашылыққа баулу.

Дамытушылық: Оқушылардың білім деңгейіне қарай деңгейлік тапсырмалар бере отырып, оларды

шығармашылық ізденісіп қалыптастыру.

Тәрбиелігі:            Оқушыларды жақсы оқуға әдепті болуға, жақсы – жаман қасиеттерді ажырата білуге

тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас.

Сабақ өту әдісі: Ой қозғау, түртіп алу, Вендиограмма көрсету, мақал – мәтелдер, тест сұрақтары,

ассоциациялық жұмыс т.б.

Сабақтың

көрнекелігі: Ыбырай Алтынсарин туралы тірек сызба, тест сұрақтары, плакаттар, карточкалар,

оқулық, тақта бор т.б.

Сабақтың барысы:

І. Психологиялық дайындық.

Назарларын сабаққа аудару, Оқушыларды 3 топқа бөлу

(топ басшыларын айту)

І – топ. Білгірлер (1 қатар)

ІІ – топ. Ойшылдар (2 қатар)

ІІІ – топ. Тапқырлар (3 қатар)

1 – 2 балдан қойып отыру, әр тапсырма бағаланады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Қанжығали Бөкенбай.

(әр топ берілген тапсырма бойынша мазмұндау)

І – топ. а) Бөгенбайдың дүниеге келуі.

ІІ – топ. ә) Тәтіқара жырау. Бөгенбай батырдың ерлігін, өжеттігін неге теңейді?

ІІІ – топ. б) Бөгенбай кім?

( Әр топ мәнжазба дайындайды, жинап аламын)

( Туған өлкем – туған шежіре, альбом жасау).

ІІІ. Жаңа материл. Ой ашар.

Сабақтың тақырыбы: «Сәулелі жұлдыз іздеген адам».

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға алғашқы оқу, оқулық пен оқу құралдарының тапшылығы жөнінде әңгімелей отырып, сол кезеңді бүгінгі өмірмен салыстыру. Ыбырай Алтынсариннің өмір жолын үлгі ету, шапшаң оқу даңдыларын арттыру.

Сәулелі жүлдыз іздеген адам кім?

Қандай адам деп ойлайсындар?

Осы әңгімені жазған Әбу Сәрсенбаев.

Әбу Сәрсенбаев туралы не білеміз?

Қандай шығармаларын білеміз?

IV. Ой қозғау.

Автордың қысқаша өмірбаяны.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Неше жас өмір сүрген? – 92 жас.

 

V. Мәнерлеп оқу.

Оқулықпен жұмыс (өзім оқимын).

І – топ (1оқушы).

ІІ – топ ( 1 оқушы).

ІІІ – топ ( 1 оқушы).

VI. Ой толғаныс.

І – топ Ыбырай Алтынсарин кім?

ІІ – топ. Ыбырай Алтынсариннің өлеңін жатқа айт.

ІІІ – топ. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің мақсаты не?

(Карточкалармен жүмыс)

VII. Ассоциациялық жүмыс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ы. Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында туған. 1864 жылы қазақ  балаларына арнап мектеп ашады, орыс графикасы негізінде қазақ шәкіріттеріне арнап алғаш оқулықтар жазды. Тұңғыш «Хрестоматия» авторы.

Венн көрсету (топпен жұмыс)

Әр топқа беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Салыстыру (ұқсастығы, айырмашылығы).

(Әр топ басшысы оқып шығады).

VIII. Іштей оқу.

 

Тізбектей оқу.

Түртіп алу.

Білемін білмеймін.

Уезінде – ауыл, аудан, аймақ, өлке.

Инспектор – тексеруші маман.

Мәдениет ошағы – білім алатын орын.

 

ІХ. Сабақты бекіту (тест сұрақтары).

1) «Сәулелі жұлдыз іздеген адам»

а) С. Бегалин.

ә) Ә. Сәрсенбаев.

б) С. Бақбергенов.

 

2) Ы. Алтынсарин алғаш қыздар мектебін қай жерде ашты?

а) Алғада

ә) Ырғызда

б) Ойылда

 

3) «Сәулелі жұлдыз іздеген адам кім?»

а) Н. Назарбаев

ә) Е. Сағындықов

б) Ы. Алтынсарин.

 

 

Үйге тапсырма

Әңгімені мазмұндау, мәнжазба дайындау.

 

Бағалау

 

Оқушыларын, топ басшыларын балл жинаған оқушыларға бағасын айтады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше