Без рубрики

Кіші жүздің Ресейге қосылуы

БҚО. Қаратөбе ауданы. Үшағаш НЖББМ-ң
Тарих пәні мұғалімі Б. Ақдоңов

Сабақтың тақырыбы: Кіші жүздің Ресейге қосылуы.

Сабақтың мақсаттары:

А) Оқушыларға кіші жүздің Ресейге қосылуы туралы мағұлмат беру.

Ә) Оқушылардың өз ойларын, тұжырымдамаларын толық және мәнерлі жеткізе білу қасиеттерін дамыту, картамен жұмыс жасауға үйрету.

Б) Жас ұрпаққа халқымыздың тарихын тереңдете оқытып, тәрбиені ұлттық бағытта тәрбиелеу.

Типі: Жаңа сабақты меңгерту;

Түрі: Аралас сабақ;

Әдісі: Сыни тұрғыдан ойлау технологиясының стратегиялары, ауызша баяндау, сұрақ-жауап, әңгімелесу;

Пән аралық байланыс: География

Көрнекілігі: Әбілқайыр ханның портреті, Қазақстан картасы топшама, тест.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі (2мин)

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Оқушы назарын сабаққа аудару: Екі топқа бөлу. 1. «Жайық» тобы 2. «Еділ» тобы.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. (15 минут)

І. «Кім жылдам» (Ауызша сұрақтарға жауап алу)

1. Қазақ Орыс байланыстары қашаннан бастау алады? XVI ғ.

2. Орта жүз Қазақтары XVI ғ. Кімдермен сауда байланысын жасады? Строгановтармен

3. XVIІ- XVIІІ ғ. Батыс Сібірдің әскери және шенеуліктік тобы қазақтары қалай атады? Қырғыздар

4. Нағыз шын қырғыздарды қалай атады? «тау-тас қырғыздары»,

«қара қырғыздар», «буруттар».

5. Орыстармен әскери одақ құру әрекеттерін Кіші жүздің ханы жасап көрді. Ол ханым кім? Әбілқайыр

6. І Петрдің құлағына «алтын аралас құмның» мол екендігі жөнінде хабар жеткен қала? «Ерікті қаласында».

7. Қайып «1718 ж қайтыс болды) -1715 жылдан бастап қазақ ханы болған.

8. Жәмішов бекінісінің іргесі қашан қаланды? 1715ж қазан айында.

ІІ. Семантикалық карта. Дұрыс жауапқа «+» қояды.

 

р/с

Қалалар бекінісі

 

Салынған уақыты

1716ж 1717ж 1718ж 1720ж 1716ж
1 Өскемен

 

 

 

+

 

2 Жәмішов +

 

 

 

 

3 Семей

 

 

+

 

 

4 Железинка

 

+

 

 

 

5 Омбы

 

 

 

 

+

 

 

 

ІІІ. «Ойлан тап» (үш жолдың біреуін таңдап, кезекпен жауап береді)

 

А 1 2 3
Ә 1 2 3
Б 1 2 3

 

А. Жоңғар шапқыншылығы.

1. «Ақтабан шұбырынды, Алқа көл сұрама» /1723-1727ж/

2. Жоңғар шапқыншылығы кезінде айтылған зарлы жыр: «Елім-ай»

3. Жоңғарларға қарсы қол бастаған батырлар: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Райымбек, Баян.

 

Ә. Қазақ-Орыс қатынастары.

1. Қазақ хандығына келген Ресей –өкілдері, елшілері:

/Никита Белоусов, Барис Бернцев, Феодор Жилан, Колманов, Урусов, Сомов, Иван Чередов––––––––––

2.Әбілқайыр ханның Қазақ халқының есінде ұмытылмастай қалған сөздері: «Жайық өзені қашан сарқылып, арнасы кеуіп қалғанша қазақтар оның бойынан кетпейді»

3. Ресей мен Кіші жүз қазақтарының арасындағы шекаралық жер дауаның шиеленісуі: /Мал жайылымы үшін күрес, мал бағымы әскери бекініс салуға қарсылық,/-сы қазақтар күреске қатысты.

Б. Тәуелсіз Қазақстан.

1. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін қашан алды? 1991 ж 16 желтоқсан

2. Қ.Р. жаңа конституциясы қашан қабылданды? 1995 ж 30 тамызда

3. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті? Н.Ә.Назарбаев

IVКартамен жұмыс.

1. Қ.Р. Жер аумағы.

2. Солтүстіктегі көрші мемлекет

3. Қытаймен шекарасы.

4. Қазақ жерінде салынған бекіністер

5. Жайық қалашығы.

V. Тестімен жұмыс.

1. Қазақ-Ресей байланыстар қашан басталды? А)XVғ ә)XVIғ б)XIXғ

2. Жәмішов бекінісінің іргесі қашан қаланды?

А) 1715 ж. Қазан айында ә) 1716 ж б) 1717 ж

3. Подполковник И.Д.Бухгольц бастаған әскери экспедицияны 1716 ж көктемде Жәмішов бекінісінен кері қайтып кетуге мәжбүр еткен оқиға?

А) жұқпалы ауру ә) аштық (азық-түлік таусылу) б) соғыс

4.Строгановтар. А) Орыс көпестері ә) Хиуа көпестері б) Жоңғар саудагерлері

5. «Алтын аралас құм» мол қала: а) Жәмішов бекінісі ә) Семей б) Еркеті

Қорытындылау. Топты бағалау.

ІІІ. Жаңа Сабақ. (16 мин) «Топтастыру» әдісі.

 

 

 

 

 

1748 ж қайтыс болған Әбілқайыр 1726 ж. Ресейге елшіжіберіп, қол астына өту туралы өтініш білдіру арқылы әрекет жасады. Бұл өтінішті елші Қойбағар жеткізген еді. /Өтініш жауапсыз қалдырылды/

1730 ж Әбілқайыр хан (қыркүйек айында) ––––––––––––––– Сейітқұл Қойдағұлұлы мен би Құтылымбет Қоштайұлы бастаған елшілігі Кіші жүзді Ресейдің қарамағына алу туралы императрица Анна Иоаннованың атына жазылған өтінішті табыс ету үшін Петербургке келді.

1731 ж Императрица Анна Иоанновна Кіші жүздің қазақ-ын Ресейдің қол астына алу туралы грамотаға қол қойды.

Қазақтардан ант алу үшін патша үкіметі Әбілқайырға 1731 ж. 30 сәуірде Петербургтен А.И.Тевкелев бастаған елшілікті жіберді. / дипломатиалық тапсырнмамен келгендердің құрамында башқұрттың ықпалды старшыны әрі батыры –––––––––– Таймас Шайымов та болды./

Ресей императоры-І Петр –«Қырғыз- қайсық ордасы» бүкіл Азия елдердің қақпасын ашатын өз ұлы –Нұралы сұлтанға сеніп тапсырылды..

1731 ж. Қазан күні Әбілқайыр хан, сұлтандар және 13 рудан тұратынг ірі билермен батырлардың шағын тобы Ресей империяның қол астына өту туралы ант қабылдады. Бұл оқиға Ырғыз және Тобыл өзендерінің арасындағы Майтөбе деген шатқалда өтті. Ант қабылдауға барлығы 29 қазақ старшыны қатысты.

1731 ж. Соңына қарай Орта жүздің ханы Сәмеке Ресейдің қол астына өтті және оған адал болуға ант қабылдады.

1740 ж. Орынборда Әбілқайырдың ————— етуімен Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен сұлтан Абылай ресейдің қол астына өтті.

1734 ж. Қырғыз-қайсақ экспедициясы құрылды. Оны басқарған-И.К.Кириллов. /тілмаш А.Тевкелев болды. /оның құрамында 2700 адамның 2500-і әскери қызметшілер болды/. Криллов қайтыс болғаннан кейін Орынбор экспедициясының бастығы болып В.И.Татищев тағайындалды.

IV. Бекіту. Сұрақтар қою:

1. Әбілқайыр хан Ресей құрамына қосылуы туралыөтінішті қашан білдірді?

1730ж /елшілер: Сейітқұл Қойдағұлұлы, би Құлымбет Қоштайұлы.

2. Қазақтардан ант алу үшін патша үкіметі Әбілқайырға А.И.Тевкелев бастаған елшілікті қашан жіберді? 1730 ж. 30 сәуірде

3. «Қырғыз-қайсақ ордасы бүкіл Азия елдерінің қақпасын ашатын кілт» деп кім айтты? Ресей императоры І Петр.

4. 1741 ж Қазақстан аумағында жаңадан жойқын жорық жасаған жоңғарлардың билеушісі кім? Галдан-Церен.

5. 1731ж. Орта жүздің ханы Сәмеке Ресейдің қол астына өтті және оған адал болуға ант қабылдады.

6. 1735 ж Әбілқайырдың өтініші бойынша Орынбор қаласының негізі қаланды.

V. Қорытынды.

1. Оппозиция- қарама-қарсылық, қарсылық көрсету.

2. Тілмаш-бір тілден екінші тілге аударатын адам.

3. Экспедиция-бұл жерде сөздің мәні «Ведмство», «Мекеме» ретінде айтылған.

4. Жасақ мемлекеттің пайдасына алынатын салық.

VI. Бағалау. Күнделікпен жұмыс (3 мин)

VII. Үйге тапсырма беру.§ 6 Кіші жүздің Ресейге қосылуы.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.