Құрметті газет оқырмандары. Республикалық газет шыққан уақытынан бастап оқырмандардың қолдауына ие болды. Республикалық басылымға "БАҚ өкілі-Тілші" болып тіркеліп, бірлесе қызмет атқаруға көптеген ұстаздарымыз қосылды. Қазіргі уақытта газеттің шығарылуы, таралымы, тілшілер жұмысы жағынан нақты тәжірибе жинақталып, нәтижелі жұмысқа қол жеткізу үшін жұмыстар іске асырылатыны туралы редакция алқасында шешім қабылданды. Атап айтқанда: Газет таралымын көбейту, тілшілерді штатқа жұмысқа алу, тілшілермен белсенді жұмыс атқару, газеттің таралымын жолға қою, газеттің электронды нұсқасын шығару жұмыстарыГазет таралымы және жұмысы туралы: Газет таралымын Республика аумағында жолға қою үшін "Қазпошта" АҚ тиісті келісім-шарттар жасалды. Газеттің №5-6 нөмірлері де Қазпочта тарату бөлімшесіне тапсырылды. Бірақ, сол кезден бері газетке жазылған оқырмандарымызға әлі газеттің жеткізілмегендігі туралы хабарлар ала бастадық. Тіпті, қазіргі уақытқа дейін де газетті алмаған. Газетті алдық деген бірнеше адам ғана хабарласты.
Осы газет мәселесі туралы Казпочта мекемесіне хабарласып, газет жеткізілмей жатқаны туралы хабарлағанымызда, 8 727 330-60-59 (вн 5212)
Лариса Юрьевна (Қазақстан бойынша газет таралымына жауапты, "Қазпочта" АҚ өкілі) хабарласып, нақты хабар алуға болады деді. Хабарлассақ, газетті жібердім, жергілікті бөлімшелер жеткізбеуі мүмкін немесе білмеймін, кім хабарласса маған хабарлассын деген жауап алдық. Осы байланыс телефонын сайтымызға жариялап қою туралы ескертіп, сайтқа жарияланды. Сондықтан, газетке Казпочта мекемесі арқылы жазылған оқырмандар осы нөмірге хабарласып хабарын білуге болады.
Біз де Редакция тарапынан газеттің тарату жұмысын нақты қолға алу үшін, әрі газетке жазылған оқырмандарымыз газеттің жеткізілмеуіне ешқандай қатысы жоқ екенін ескере отырып, мәселенің жаңа бір шешімін қолға алдық.
1. Газеттің электронды нұсқасын сайтқа жариялау. Осы арқылы оқырмандарымызды газеттің жаңа шыққан сандарымен тұрақты қамтамасыз етіп отыратын боламыз. Газетке сабақтары жарияланған ұстаздарға, қажет жағдайда газетті принтерден шығарып алуына мүмкіндік болады және газетке сабағы жарияланғаны туралы нақты анықтама да бере аламыз.
2. Газет таралымын Редакция тарапынан ұйымдастыру үшін "Редакциялық жазылым" газетке жазылу акциясы жарияланды. Акция туралы толық ақпарат: http://45minut.kz/?page_id=36240
3. Газет тілшілерімен бірлесе атқарылатын жұмыстар. Газетке тілшілікке тіркелу әрқашан, тұрақты түрде жалғасын табады. Дегенмен, 2013 жыл үшін, тілшілердің жұмысы аймақтық тілшілерге бөлінеді. Әрбір облыста, аудандарда тұрақты тілші қызметке қабылданады. Тілшілердің ең негізгі қызметі, ол газетке жаздыру немесе сабақ салып, сертификат алу емес, негізгі жұмыс редакциямен тұрақты байланыста болып, газеттің түсіндіру жұмыстарын жүргізу, газет беделін қалыптастыру, газетке тұрақты жаңалықтар, мақалалар жазу, тұрақты түрде кездесулер ұйымдастырып, газеттің белгілі аумақта жағымды имиджін қалыптастыру. Сол уақытта газетке жазылушылар да, газетке сабақ жариялаушылар, сертификат алатындар т.б көбейеді. Газетке сұраныс пайда болады. Әйтпесе, кейбір тілшілеріміз тарапынан тілшілік жұмыс туралы қате түсініктің орын алуы да мүмкін. Облыстарда, аудандарда жауапты тілші қызметіне орналасамын дегендер қазірден бастап ұйымдастыру жұмыстарын бастап, нақты тапсырмалар алуына болады. Жаңа жылдан бастап штаттық кесте бойынша қызметке алынады.
Қазіргі уақытта нақты қажетті болып тұрған облыстық, аудандық тілшілер:
Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы, Астана қалалары, Оңтүстік Қазақстан және т.б облыс, аудандарды ұсынуға болады. Байланыс үшін: izgilik19@mail.ru Газет редакторына хабарласыңыздар.
Мен өз сабағымды қалай жарияласам болдаы түсіндіріңіздерші