Дүниетану 4 класс

№39 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Есеналина Сауле Советовна
4-класс Дүниетану
Тақырыбы: « Жануарлар әлемі және олардың өміріне қажетті жағдайлар »
Мақсаты: Қоршаған ортадағы жануарлар туралы білімдерін бекіту, жануарларды ерекшеліктеріне қарай топтастыра білуге үйрету; табиғатты сүюге баулу.
Жабдықталуы: сызбалар, иллюстрациялы суреттер, үлестірмелер.
Сабақ барысы:
1.   Кіріспе. Музыка ойнап тұрады. Күй « Ақсақ киік »
2.    Ойынды хабарлау. «Білгіштер », «Көргіштер»
командалары, капитандар жарысады,     жюри жұмыс жасайды.
3.   Класс ұраны.
4.    Сәлемдесу.
5.   1)Бәйге: Тірі табиғаттың ең көп тараған бөлігі.
Білгіштер. Жануарлар қандай топтарға бөлінеді?
Көргіштер: Бұл топтарды қандайтүрге бөлінеді?
Білгіштер: Қандай жануарларды сүтқоректілер дейді және неге?
Көргіштер:Қандай жануарларды жыртқыштар дейді? Неге?
Білгіштер: Қасқырға шөп керек пе ? Шөп пен Қасқырдың қандай байланысы бар?
Көргіштер: Көбінесе қандай ануарлар жыртқыштарға жем болады?
Білгіштер: Кірпінің тікенегіі бар . Оған ненің әлі келеді?Кірпіні не аулайды?
Көргіштеер: Орманда қыс бойы ұйықтайтын не?
Білгіштер: Қандай үй жануарының тұяғы мен мүйізі бар?
Көргіштер: Жануарлар өмірі үшін жаз неліктен қолайлы ?
2)Сахналық қойылым « Жануарлардың айтысы»
3) Иллюстративті суреттер бойынша баалалаар Қазақстанда тіршілік ететін жануарларды табуы керек.
4.Командаларлар жабық экраннан , тақырып таңдайды да сол тақырыпты жануарлар өміріндегі маңызы жөнінде дәлелдеп айтады.
Қорек
Күн
Су
Ауа
Топырақ
Орман
6.   Капитандар жарысы: « Табиғатты қорғау-адамдық парыз » тақырыбына байланысты Қазақстандағы Қызыл кітапқа енген жануарлар туралы әр капитанға 1 минутта 10-10 сұрақтар қойылады.
Қазақстанның Қызыл кітабы қашан шықты?
Қызыл кітапқа енген   а-дан басталатын құстарды ата
7.    Жануарлар, оларды қорғау тақырыбына жазылған ақын-жазушылардың, композиторлардың шығармаларын орындау сайысы.( көркем сөз, ән, күй т.с.с.)
8. Қорыту. Жеңімпазды хабарлау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше