Республикалық 45minut.kz редакциясы, тілшілері, сайт қолданушылары атынан редакция қызметкері Нагиева Шынаргул Бектелеуовнаны туылған күнімен құттықтаймыз. Осы қуанышты күні Сізге деніңіздің саулығын, шаңырағыңызға ырыс байлығын, жүрегіңізге мәңгі жастық жалынын, көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілейміз.
Әрдайым осы тыңғылықты да тындырымды қалпыңыздан танбай, табыстан табысқа жете беріңіз. Отбасыңыздан ынтымақ, басыңыздан бақ таймасын! Көңіліңіз ғұмыр бойы көтеріңкі болып, өмір айдынында қайғы-мұңды білмей, еркін жүзе беріңіз. Дос-жаран мен туған – туыс алдында абыройыңыз әрдайым артып, аңсаған арманыңыздың асуларына жете беріңіз!
Қымбатты Нагиева Шынаргул ханым!
Сізді туылған күніңізбен құттықтаймын, ҚР мұғалімдері үшін үлкен сайт ашып, ауыр жүк көтеріп жүрген еңбегіңіз үшін рахмет, бақытты болыңыз!!!
http://infust.kz/